Алла әділетті ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мүгедекРейнкарнацияны мойындамай, тіршілік бір-ақ рет жаратылды деп санайтын христиан және ислам діні өкілдерінің «Алла әділетті» деген түсінігі өз ұстанымдарына тағы да қайшы келіп жатыр. Неге десеңіз, жоқтан бар жасап, дүниеге алғаш рет адам болып келген пенделерін алалап, біреуіне ақыл мен білім, талант пен бақ беріп, екіншілерін бәрінен жұрдай етіп қоятын, біреулерін сұлу, сымбатты қылып, екіншілерін туабітті мүгедекке айналдыратын Алланың әділдігі қайда?

Туабітті бір бүкір жігітті білуші едім. Әлгінің бойының ұзындығы бір метрден сәл ғана асатын. Кейін ол үйленді. Әйелі бүкір жігітті менсінбей, бөтен еркектерді үйіне әкеліп, солармен арақ ішіп, зина жасайтын. Соның бәрін көре жүре, байғұс бүкір жігіт амалсыз көнуіне тура келді. Өзі әлжуаз, қалт-құлт етіп әзер жүретін әлгі бір күні кештетіп үйіне қайтып келе жатқанда арақ ішкен жас жігіттер темекі сұрайды. Оның «жоқ» деген жауабын естіп, еріккен жігіттің біреуі тұмсығынан аямай соғып жібереді. Шалқасынан құлаған бүкір байғұстың миына қан құйылып, содан қайтыс болды. Кеңестік мектепті бітіріп, атеистік тәлім алған әлгі құдайға сенбейтін және өмірінде намаз оқып, ораза да ұстамаған. Тірліктен жақсылық көрмей, қор күйде өткен бұл бейбақтың осындай әлжуаз, кемтар тән алуына не себеп болды?

Ислам және христиан өкілдерінің пайымдауынша, бұл Алланың еркі. Сонда Алла неге әлгі бейбақты сонша жазалап қойды? Ол сонша не бүлдіріпті? Әділдік қайда?  Осындай сауал бақытсыз болып жаралған әрбір пенденің санасын тілгілеп, маза таптырмайтыны анық. Оның жауабын адам кездейсоқ табиғат қосылыстарынан жаратылған деп түсіндіретін материалистік ғылым да, рейнкарнацияны мойындамайтын ислам, христиан діні өкілдері де бере алмайтыны анық.

Алланың әділдігіне күмән келтіретін тағы бір жай – қиямет сотынан кейін күнакарлардың мәңгі тозаққа құлап, күнасы аздардың мәңгі жұмаққа енетіндігі туралы ислам және христиан діні өкілдерінің түсінігі. Алла жаратқан пенде – адамның өзі қылмыскерге қайрымдылықпен, оған гуманизм деген түсінік тұрғысынан қарауға тырысады. Мәселен, көптеген елдер гуманистік түсінік ықпалымен өлім жазасын алып тастады. Ал, аса ауыр қылмыс жасап, өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілгендердің өзіне қайрымдылық танытып, 25-30 жыл жазасын өтеген соң оны түрмеден шығару тәртібін заң арқылы қарастырған. Егер қылмыскер істеген ісіне өкініп, түзелу жолына қадам басса және соны арнайы комиссияға дәлелдесе, онда оның бостандыққа шығу мүмкіндігі болады.

Ал, ислам және христиан теологтары әділ және қайрымды деп санайтын Алла болса қысқа ғұмырында жасаған күнасы үшін пендені мәңгі бақи (мәңгілік дегенге тереңірек назар аударыңыз) тозақ отына салып, азаптамақ. Сонда оның қайрымдылығы, әділдігі қайда? Адам қысқа ғұмырында жасаған күнәсі үшін мәңгі бақи азап тартса, бұл әділдік бола ма? Мерзімді өмірде жасаған күнәсі үшін жаза мөлшері де мерзімді болуы тиіс емес пе? Әділдік жолы осы ғой. Христиандар мен мұсылмандардың бұл түсінігі де шын мәнінде Алланы әділетсіз етіп көрсетіп, өздері айтатын «Алла әділ» дегенге қайшы келіп тұр.

Ислам теологтары «егер мұсылман адам күнәсі үшін тозаққа барса, онда ол күнәсінен арылғанша көп уақыт азап шегеді де, содан кейін жұмаққа енгізіліп, сонда мәңгі қалады» деп түсіндіреді. Бұл түсінік те алғашқымен салыстығанда «соқырға қарағанда қылилау» болғанымен, оңып тұрған жоқ және Алланың әділдігін де дәлелдемейді. Мәселен, екі адам көрші тұрды делік. Біреуі бес уақыт намазын қаза қылмай, оразасын ұстап, мешітке барып, таза мұсылман болып жүрді, ал екіншісі өзін мұсылманмын десе де намаз оқымайды, ораза ұстамайды, арақ ішіп, зина жасады, ұрлық қылды. Кейін өлген соң олар қиямет сотына тартылып, бірі жұмаққа, екіншісі тозаққа барды. Бірақ, тозаққа барған күнакар көп жылдар азап шегіп, күнәсінен тазарған соң жұмаққа кірді. Мас қылмайтын шарап ішіп, үрдің қыздарын құшып, рахатқа батқан екі көрші кездесе қалады. Сонда күнәкар тақуаға «сен өмір бойы намаз оқып, ораза ұстап, жанталасып жүріп жұмаққа кірдің, ал мен зина жасап, арақ ішіп, ана дүниенің рахатын көрдім, енді жұмаққа кіріп мына дүниенің де мәңгі рахатын көремін» дейді. Сонда бұл әділдік бола ма?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика