Алла адамдарды сынай ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Таяуда Ютубтан бір мешіт имамының короновирус дерті адамдардың күнәсі үшін Алланың жазалауы емес пе деген біреудің сұрағына жауабын тыңдадым. Мешіт имамының айтуынша, барша әлемді қамтыған жұқпалы дерттің келуіне адамдарың күнәсінің еш қатысы жоқ. Бұл – Алланың адамдарға жіберген сынағы. Одан әрі мешіт имамы денсаулықты сақтаудың ислам дінінде уәжіп саналатынын, денсаулық үшін нақты әрекет ету қажеттігін айтты.

Сынақ деген не?

Бұл сұраққа бірер ауыз сөзбен жуап беру мүмкін емес, өйткені сынақ деген сөздің мағынасы өте кең. Сынақтың түр-түрі көп және соған байланысты оның мәні мен мазмұны да өзгере түседі. Мәселен, жар таңдаған қыздың жігітті сынауы. Бұл жағдайда қыз әлгі жігіт өзін бақытты ете ала ма, оның бойында өзі күткендей жақсы қасиеттер бар ма? –деген сауалдарға жауап тапқысы келеді. Егер жігіттің бойынан өзі күткендегідей жақсы қасиеттер байқалмаса, бойжеткен шешімін өзгертіп, оған жар болудан бас тарту құқығын сақтап қалады.

Ал әкенің баласын сынауы бұдан гөрі, біршама басқарақ. Әке де баласының бойынан өзі күткендей жақсы қасиеттер тапқысы келеді, дегенмен ол бойжеткен сияқты егер баласының бойында әлгіндей қасиеттер байқалмаса, одан безбейді. Керісінше, баласын тәрбиелеп, оған өмірде сондай жақсы қасиеттердің қажеттігін айтып көзін жеткізуге күш салады.

Мектепте ертеректе жыл соңында емтихан, яғни сынақ тапсыратынбыз.  Жыл бойы оқыған сабақтарымызды қаншалықты меңгергенімізді көрсететін бұндай сынақтан сүрінген балалар алдағы сыныпқа өте алмай, келесі жылы бұрынғы сыныпты қайта оқуға мәжбүр болатын.

Сол сияқты, бүгінде тапсыратын жүргізушілік куәлігін алу үшін сынақ бар. Егер жол ережесін дұрыс білмесеңіз, онда сынақтан сүрінесіз және куәлік ала алмайсыз. Оқушылардың білімін тексеретін тестілеу деген де сынақ. Жалпы, сынақ деген өмірде қадам басқан сайын кездесіп отырады.

Ал осы айтылғандардан түйеріміз: сынақ деген – бұл адамдардың бойында жақсы қасиеттер немесе білім деңгейін, мінез-құлқын, көзқарасын анықтау үшін жасалатын шара екен және оның астарында – 1 – сынақтан сүрінгендердің әлдебір игіліктерден құр қалуы, 2 – бойындағы кемшіліктерін алдағы уақытта жоюға бағдарлау түріндегі тәлім-тәрбие беру сияқты әрекеттер көрінеді.

Алла адамдарды не үшін сынайды?

Сынақ дегеннің мән-мағынасын біршама түсініп алған соң, енді жоғарыда айтылған имамның  сөзіндегі қазіргі дерт Алланың адамдарға жіберген сынағы дегеніне назар аударып көрелік. Сынақтың негізгі мәні – адамның бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін, қарым-қабылетін, көзқарасын анықтау болса, оны жасаған пенделер үшін бұл жайды анықтаудың үлкен мәні болатынын ұғынамыз.

Ал енді кез-келген мұсылманнан немесе христиан, иудей, басқа да дәстүрлі діндердің бірін ұстанушылардан «Алла адамдардың мінез-құлқын, қарым-қабылетін, көзқарасын біле ме?» деп сұрасаңыз «әлбетте, біледі. Алла бәрін білуші» деп жауап берер еді. Алла өткенді де, қазіргі болып жатқан жайларды, болашақта не болатынын – бәрін біледі және оны анықтау үшін әлдекімдерді сынаққа алудың Оған еш қажеттігі жоқ.

Мәселен, Аллаға дерт арқылы адамдардың келген тауқыметке қаншалықты сабырлы, не сабырсыз екендігін сынап, анықтаудың қаншалықты қажеттігі бар? Жаратқан кімнің бойында қандай қасиеті барлығын бес саусақтай біледі емес пе. Ендеше сынақ үшін адамдарға дерт жіберудің не қажеті болды?

Сынақ деген тек толымсыз пенделерге қатысты түсінік

Соңғы кездерде дәстүрлі діндердегі, оның ішінде ислам дініндегі түрлі түсініктерге қатысты көкірек көздері ашық, оқыған қазіргі адамдардың тарапынан түсінбеушілік жайлар көбейіп барады.  Бұның өзі бұл діндердің  шарықтап дамып кеткен қазіргі технология талаптарына бейімделе алмауынан, сол ескі көзқарастары мен түсініктерінен айрылғысы келмеуінен туындап отырған сияқты.

Жоғарыда айтылған сынақ дегенге қатысты имамның сөзінен осыны анық байқауға болады. Жалпы алғанда, Жаратқанның шексіз және толымды табиғатын түйсінген жан ешқашан да Аллаға қатысты «сынақ» деген сөзді қолданбас еді. Өйткені, жоғарыда айтып кеткеніміздей, сынау – сынаққа алу – бұл толымсыз пенделердің ғана бойында бар қасиет, ал барша әлемнің Әміршісі және Жаратушысы Алла үшін «сынақ» деген мүлдем қажетсіз. Өйткені, Алла онысыз да БӘРІН БІЛЕДІ. Ал бәрін біліп тұрған адам сынақ арқылы көңіліндегі күмәнін анықтауға талпынуы мүмкін бе? Жоқ. Егер сіз жарыңыздың адал екенін білсеңіз, оны сынап, маған деген пейілі қандай екен деп өзіңізді де, оны да әуреге салар ма едіңіз? Жоқ, әрине.

Қазақта «дүмше молда дін бұзар» деген мақал бар. Түсінбеген нәрсені түсінген, білмеген нәрсені білетін жан сияқты айналасындағыларға айту – бұл өзгелерді адастырудың ең қатерлі тәсілі. Сондықтан, бір нәрсеге толық көз жеткізіп алмай тұрып, ол туралы пікір айту – қауіпті нәрсе және ол пікір Алла туралы болса, қатері жүздеген есе арта түседі.

Алла неге адамды сынамайды? –деген мәселе туралы ведалық ілім тұрғысынан жан-жақты талдау мақаламызды сайтымыздан таяу арада оқитын боласыздар. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз, ол үшін сайтымызға үнемі кіріп, жаңа мақалаларға назар аударып отырыңыз. 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика