Арсыздыққа бастайтын аш нәпсі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

гей1Өткен жылы мектепте оқитын туған қызын үш жылдай  зорлап келген азамат сотталды. Ал таяуда тоғыз жастағы ұлын екі жылдан бері зорлап келген мектеп директоры тұтқындалды. Үш, бес жастағы сәбилерді зорлап жатқан арсыздықтар еліміздің әр өңірінде көрініс беріп жүр. Бұндай шектен шыққан арсыздықтар қайдан шығады, оның себебі неде?

Нәпсі адамды ақыл-естен айырады

Нәпсі тек адамда ғана емес, хайуанда, аң-құста да бар. Бірақ, зердесі жоқ хайуан нәпсінің ықпалына түскенімен, шектен шықпайды, яғни Жаратқанның нұсқаған жолымен жүріп, табиғат заңының ықпалында болады. Ал, зердесі бар адам нәпсінің ықпалымен табиғат заңына қайшы келетін, тіпті ақылға сыймайтын шаруаларды да жасай береді.

Бүгінде «гей» деп ат қойып, айдар таққан тәндері еркек болса да өздерін әйел сияқты сезінетін пенделер көп. Шет елдерде тіпті, олардың көбейіп кеткені сонша, ондайлардың әрекетін арсыздық демей, табиғи құбылыс ретінде санайтын арнайы заңдар қабылданған. Соған сай, гейлер шіркеуде некелерін қиғызып, көшеде құшақтасып жүре береді. Ондайларға ешкім де таңырқамайды.

Ал, тәндерін ақшаға сататын жезөкше дегендер ертеден болған, қазір біз үлгі тұтатын Батыс елдерінің бәрінде заңдастырылып қойылған. Ақшаңды төле де, қалаған жезөкше қызға  көңілің қалаған нәрсені жасай бер. Бұған рұқсат.

Соңғы жылдарда «трансгендер» деген жаңа жыныс өкілдері пайда болуда. Аналарынан еркек немесе әйел болып туған ондайлар кейін келе өздерін басқа жыныс өкілдері сияқты сезінгендіктен, жыныстарын ауыстырып алады. Тәні еркек, бірақ әйелше киініп, тіпті есімін де әйелге айналдырып алдатындар бар. Ондайлар қыруар ақша төлеп жыныстарын да ота арқылы өзгертіп алады екен.

Ал, үш-бес жастағы нәрестемен жыныстық жақындық жасағысы келіп тұратын «педофиль» деп аталатындар қатары соңғы жылдарда көбейіп кетті. Батыс елдері әзірге ондайларға заң арқылы рұқсат бере қоймаса да, ондайлардың кітаптар мен киноларын, газет-жорналдарын шығаруға жартылай рұқсат беріп қойған. Түптің түбінде Батыс елдері мұндай сорақылықты да заңдастыруы әбден мүмкін.

Ал, «зоофил» деп аталатын хайуандармен жақындасатындар қатары да бірқыдырау екен. Олар әсірсе, өзіміз қай жағынан да үлгі ретінде қарайтын Батыс елдерінде жетерлік. Таяуда Австралиялық бір зоофил  қолтырауынның (крокодил) кішкентай баласына «ғашық» болып, оны зорламақ болып жатқанда анасы келіп әлгі бейбақты жеп қойғандығы туралы интернетте жазды.

Нәпсі адамның ақылын қалай билейді?

Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейкиссаламның  «нәпсіге қарсы күрес қиямет қайымға дейін созылады» деген хадисі бар екен. Осыған қарап, мұсылман баласы үшін нәпсіні тыюдың қаншалықты маңызды екендігін бағамдауа болады. Христиан, иудей, буддизм және индуизм сияқты дәстүрлі діндердің бәрінде нәпсіні ауыздықтау діни парыздардың ең басында тұрады.

Дәстүрлі діндер ғана осылайша, нәпсіні ауыздықтаудың маңыздылығына мән береді екен. Ал ойдан шығарылған дінсымақтар мен бүгінгі материалистік дінсіз  түсінік нәпсімен күрес дегенді ауыздарына да алмайды. Керісінше, нәпсің қалағанын жаса, бес күндік ғұмырда қызық көріп, рахатқа бат деген қағиданы санаға сіңіреді. Жоғарыда аталғандай, нәпсінің құлдығына түсіп, арсыздықтарға баратындар қатарының шектен тыс көбейіп кетуіне де осы жай себеп болып отырғаны анық.

Біз блогымызда рух жайында жазған мақалаларымызда адам екі түрлі қуаттан: рухани және материалдық қуаттан тұратындығын айтқан болатынбыз. Рухани қуат күшейгенде адам дінге, Жаратқанға қарай жүзін бұрып, нәпсісін тыяды, сауапты жақсы істерге құлшынады. Керісінше, материалдық қуаттың ықпалына түскен пенде нәпсіге құл болып, арсыздықтарға барады.

Нәпсіні тыюдың жалғыз жолы бар, ол: АЛЛАҒА ЖҮЗІҢДІ БҰРЫП, ДІН ЖОЛЫН ҰСТАНУ. Басқа жол жоқ. Ешқандай психолог маман  сізге нәпсіңізді ауыздықтаудың тәсілін үйрете алмайды. Өзін тәнмін деп санайтын пенделердің бәрі нәпсінің ықпалында болады, айырмасы: берулеріне нәпсі қаттырақ, енді біреулеріне азырақ ықпал етеді. Бірақ ондайлардың қай-қайссы да мүмкіндік болғанда кез-келген арсыздыққа бара алады.

Бұның дәлелі мынау: күнделікті өмірде кәстөм киіп, галстук тағып шіреніп жүретін адам арақ ішіп, жезөкшелермен қыдырғанда нәпсінің құлақ кесті құлына айналып, ақылға сыймайтын не түрлі арсыздықтарға барады. Бүгінде жезөкшелікпен айналысатындардың арасында кәмелетке толмаған жас қыздар, тіпті ер балалардың көп екенін ескерсек, әлгіндей көпшілік көзінде тамаша «отбасы иесі» болып жүрген адамдардың «көңіл көтерген» кездерінде қаншалықты арсыз «педофил», «гей» дегенге айналып кететінін бағамдауға болады.

Түйін: Нәпсінің құлына айналып, ар ұялар істерге бармаймын десеңіз, Алланың ақ  жолына түсіп, дәстүрлі діндердің бірін ұстаңыз және шариғат заңдарын сақтап, күнакарлықтан аулақ болуға тырысыңыз. Сонда сіз АДАМ деп аталатын тіршілік иесі болып қаласыз және екі дүниеде де жүзіңіз жарқын болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика