Арсыздықты өздері ғана жасамай, баршаға таңатындары несі?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

гей1Фейсбукте «Денсаулық» деген тобым бар. Денсаулықты сақтау, ауырмаудың қарапайым амалдары, халық емі сияқты тақырыптарды қозғайды. Сол топқа бір қазақтың жігіті ұдайы жалаңаш ер мен әйелдің анайы жақындығын бейнелеген суреттер мен мақалалар, видеолар жариялап қояды. Мен оны алып тастаумен әлекпін, ал ол қайта-қайта салып әлек. Ондай арсыз дүниелерді неге салатыны түсініксіз.

Арсыздық деген ауру ма, әлде мақтаныш па?

Кеңес заманында атын да, затын да естімеген гей дейтін пәлелер қазір көбейіп кетті. Олар туралы БАҚ жиі айтып, жазып жатады. Неге десеңіз, әлгілер «құқығымыз тапталып жатыр» деп жарияға жар салуға, қит етсе үстеріне әйелдердің киімін киіп, клоун сияқты боянып, құбыжық және жиіркенішті түрмен көшеге шеруге шығуға құмар. Бізді көрдіңдер мен дегендей әлгі құбыжықтар ақыл-есі түзу адамның құсқысын келтіретін бейнелерімен жұрттың назарын аударып жатады.

Сондайларға қарап ойлайсың, ау арсыздықты жасағың келсе, үйіңде оңашада жасай бер, жарияға жар салып, мен сондаймын деп кеуде қағудың жөні қанша, деп. Жоқ, олар арсыздықтарын оңашада жаамайды, жарияға жар салып, бізді көрдіңдер ме, біз сондаймыз деп бар дауыстарымен айқайлап, жар салып жасайды.

Ондайлардың осындай өлермен арсыздықтарының салдары болар, қазір Батыс елдерінің бәрі дерлік «сексуалды азшылықтың» (шындығында қазір олар көпшілікке айналып барады) мүддесін қорғайтын заңдар шығарды. Сол заңдарға сәйкес, әлгі дамыған елдерде еркектер бір-бірімен үйленіп, бала тауып, отбасы құра алады. Тіпті, екі еркек шіркеуге барып, некесін де қидыруына рұқсат.

Ал, енді қисынға (логика) салып қараңызшы, екі еркек үйленіп, балалы бола ала ма? Бұл табиғат заңына қайшы ғой. Текенің сақалы сиырдың желініне ұқсағанмен, қанша саусаңыз да сүт шықпайды. Сол сияқты еркек өзін әйел сияқты сезініп, әйелше киініп, қасы-көзін бояп қанша қылмыңдағанмен бала туа алмайды. Егер бала таппаса, ол қандай отбасы?

Тағы бір арсыздық, бұл да Батыстан тараған – эксгибиционизм деп аталады екен. Әйелдер немесе еркектер тырдай жалаңаш шешініп, тәнін жұртшылыққа, әсіресе қарсы жыныс өкілдеріне көрсетеді. Содан рахат алады-мыс. Бұл да соңғы жылдарда кең таралып барады. Батыс елдері алғашында ондайларға тиым салып, заң шеңберінде жазаға тартса, соңғы кезде белең алып кеткесін болар, түсіністікпен қарай бастаған сыңайлы. Осылай жалғасса, көп ұзамай гейлерге рұқсат бергендері сияқты көшеде жалаңаш жүруге де рұқсат етілетін заң шығарып қалар бәлкім.

Сондай жалаңаш жүруге құмар бір еркек таяуда Көкшетаудың көшесінде де бой көрсетті. Тұттай жалаңаштанып көшеде қыдырғанды алғаш көргендер жынды деп шошынса, келе-келе көз үйреніп, гейлер сияқты қалыпты құбылыс деп қабылдайтын күн де келер бәлкім.

Иә, осылайша адамдар азып барады және азғындар бұны ұят немесе психикалық дерт деп санамай, керісінше жарияға жар салуға, барша жұртты азғындыққа тартуға құлшынып жатыр. Өмір осылай жалғаса берсе, болашағымыз не болады?????

Тағы да жоғарыда айтқан фейсбукктегі тобыма парнографиялық суреттер мен видео салуға құмар қазақ жігітіне оралайық. Егер парнографияны жақсы көрсең, өзің көре бермейсің бе, басқаларда не әкеңнің құны бар? -дегің келеді әлгінің қылығына қарап. Жалпы, арсыз адамдар өздері азғанымен қоймай, айналасындағыларды да аздыруға құмартып тұрады екен. Яғни, ондайлардың кеудесіне сайтан ұялаған, ал сайтан адамдарды аздыру үшін жаратылған мақұлық қой. Соған қарап, АРСЫЗДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІНІҢ АСТАРЫНДА сайданның айласы жатқан сияқтанады. Сайтан санасын улағандарға еш ем болмайды екен…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика