Ашығудың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінде адамдардың, әсіресе әйелдердің басым көпшілігі артық салмақтан қиындық көруде. Артық салмақтан қалай арылу қажеттігі туралы кітаптар мен бейне-дыбыс сабақтар көбейіп кетті. Олардың арасында игі әсерін тигізетіндер де, көз алдау үшін жасалғандары да бар.
Артық салмақ адамның денсаулығына өте залалды. Одан арылудың негізгі жолдарының бірі – дұрыс тамақтана білу. Артық салмақтан арылуға және денсаулықты нығайтуға ашығудың да тигізетін әсері мол.

Асқазан — демалыссыз жұмыс істейтін құрылғы.

Қазақта ежелден келе жатқан бір жаман әдет бар – түнде тамаққа тойып алып жату. Тамақты қазақтар негізінен кешкілік мерзімде жатар орынға ішеді. Оның қандай залалы бар?
Біріншіден, тамақты қорытуға көмектесетін ішкі от элементі күн шығып тұрған кезде, әсіресе күн тас төбеге жеткен түс мерзімінде күшейе түседі дейді аюрведа ілімі. Соған орай, аюрведа бір күнде ішетін тамақтың 50-60 пайызын түсте ішу керек деп тұжырымдайды. Түсте ішкен тамақ күн қуатының әсерімен оңай қорытылады және оған көп қуат жұмсалмайды.

Ал күн батқан соң жеген тамақ баяу қорытылады және оған көп қуат шығындалады. Сондай-ақ, тамаққа тойып алып жатқан кезде өзіміз ұйықтағанмен, тамақтың қорытылуына жауап беретін мидың учаскелері таң атқанша жұмыс жасайды. Осыған байланысты біз таңертең езіліп, шаршап оянамыз.

Жатар орынға жеген тамақ дұрыс қорытылмайды. Осыған орай түрлі залалды қалдықтар пайда болады. Мұның бәрі ағзаларымыздың қалыпты жұмыс ырғағын бұзады, түрлі ауруларға жол ашады.

Жатар орынға тойып тамақ ішетін адамның асқазаны күндіз-түні тынбай жұмыс жасайды. Яғни демалмайды. Бұл асқазанның дұрыс жұмыс жасауына кедергі келтіріп, түрлі асқазан дерттерінің орын алуына ұшырату қаупін күшейтеді.

Қандай тағам жеген дұрыс.

Ет тағамдарының зияны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Біріншіден, ет құрамында бүгінде белең алып кеткен жүрек-қантамыр ауруларын туғызатын хлостерин деген элемент бар.
Екіншіден, ғылым дәлелдегендей, сойған кезде малдың барлық клеткаларына қорқыныш пен үрей ақпарат түрінде жазылып қалады екен. Сойылған малдың өлер алдындағы қорқынышы оның еті арқылы адамға беріледі. Осыған орай, ет жейтін адамдарда үрей мен қорқыныш вегетариандармен салыстырғанда жоғары болады.

Үшіншіден, ет ауыр тағам болғандықтан, оны қорытуға көп қуат жұмсалады. Ал керісінше, көкөніс, сүт, басқа да дәнді дақылдардан дайындалған тағам тез қорытылады, оған көп қуат жұмсалмайды және оның калориясы да жоғары болады.

Сондықтан да, қандай жағдайда да вегетериан болған жақсы. Бүгінде ет тағамдары арқылы таралып жатқан аурулар көп, оның үстіне мал соятын орында сойылатын малдың етінің 90 пайыздана астамы арам. Неге десеңіз, ондай орындарда малды токпен соғып өлтіріп, содан кейін ғана бауыздайды. Және бауыздағанда мұсылманша Алланың атын айтып, басын құбылаға қарату деген шарт орындалмайды. Мұндай малдың еті шариғат бойынша харам болып саналады.

Түйін: артық салмақтан арылып, асқазан ауруларынан аулақ боламын десеңіз, ең алдымен дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз. Содан кейін аптасына бір күн ашығып отырған жөн. Бұл асқазаныңыздың демалып, тазаруына игі ықпалын тигізеді.
Міне, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын рамазан айы да жақындап келеді. Егер денсаулығыңыз келіссе, мүмкіндігіңіз болса, бір ай ораза ұстаған өте жақсы. Осылай жасау арқылы асқазаныңызды тынықтырып, тазартасыз және үлкен сауап аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика