Ауырған – қымбат

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманындағыдай тегін медициналық  қызмет жоқ қазір. Ауру – адамға өте қымбатқа түседі. Сондықтан, ауырып ақшаңды бір шығындап, жүйкеңді екі тоздырып шаршағанша, ауырмаудың амалын жасаған жөн. 14 жылдан кейін емханаға барғанымда осынадй ойтүйінге келдім.

Дәрігер ауруға ақша толған қапшық түрінде қарайды

Жасыратыны жоқ, қазір жұрттың бәрі  қоғамды жайлап дендеп алған жемқорлықты жақсы біледі және ашықтан ашық айтып жатыр. «Балық басынан шіриді» демекші, қоғамымызды жайлаған жемқорлық сол биліктің өз ішінен басталып, солардан қолдау алып отырғандықтан да құзырлы органдардың «жемқорлықпен күресі» желдиірменге найзамен ұмтылған Донкихоттың әрекетіндей болып тұр. Яғни, еш нәтиже жоқ және болмайды да.

Жемқорлық барлық саланы жайлап алғандықтан, оның ішінде адамның басты байлығы – денсаулығы мен өміріне жауапты медицина саласы да бар. Бұл енді өте қауіпті құбылыс. Өйткені, адам денсаулығы мен өмірі үшін ештеңені аямайды. Соны білетін дәрігерлер ауруларға ақша толы қапшық ретінде қарай бастаған.

Отит деп аталатын бала кезден қалған жазылмайтын созылмалы бір ит ауруым бар. Бұл – құлақты қабынып ауыруы. Осыдан 14 жыл бұрын қатты ауырып, дәрігерге барғанымда  емдеудің орнына медициналық тексеруден өткізіп, көп әуреге салған еді. Болмағасын, бір таныс дәрігерге барып, соның көмегімен бір-ақ күнде ауруымнан жазылғанмын.

Міне, сол ит ауруым 14 жылдан кейін тағы қайталап,  емханаға барайын. Құлағымды қараған дәрігер принтерден дайын бланканы шығарып алып, біразын қалдырып, біразын сызып тастап, бір буда дәріні құлаққа тамызасыз, ине етіп салдырасыз және ішесіз деп қағазды қолыма ұстатты. Бұнысы «қазіргі заманғы кеңес беру» қызметі екен. Осы «қызметі» үшін ол 4 мың теңге ақшамды қағып алды.

«Жазған құлда шаршау» жоқ дегендей, енді ол берген қағазбен дәріханаға келіп, әлгі дәрілерді алайын десем, бағасы бас айналдырарлық болып шығады екен. Және инені емханаға барып, салдыруым қажет екен. Оны да тегін салмасы анық. Содан құлаққа тамызатын, ішетін бірнеше дәріні сатып алдым. Соның өзі 15 мың теңгедей ақшамды алып кетті. Оған қоса, бір жарты арақ сатып алдым. Арақпен жатар алдында құлаққа компресс жасау керек екен. Осылайша емханаға бір барғанымда 20  мың теңгедей ақшам кетті.

Бұл менің өзімше үнемдегендегі жайым. Егер дәрігер жазып берген дәрілерді түгел алып, ине салдырсам, қып-қызыл жем болады екенмін. Осы арада маған мынадай ой түсті: осыдан 14 жыл бұрын таныс дәрігер арқылы барғанымда ісіп кеткен құлағымды бір-ақ рет дәрімен шайып, бір тамшы дәрі тамызып жазған еді. Бір тиын ақша да алмады. Енді міне, ауру енді басталып келе жатқан, әлі қабынбаған жағдайда 50 мыңға дәрі жазып беріп, ине салдыртып ит әуреге салудың астарында не бар?  Әрине, ақшаны сорып ала беру ниеті жатқаны анық. Яғни, қазіргі дәрігер үшін ауырған адам – бұл АҚША ТОЛТЫРЫЛҒАН ҚАПШЫҚ.

Ақылың болса – ауырма

«Ауырып ем іздегенше – ауырмаудың жолын ізде» деген қанатты сөздің ақиқаттығы қазір анық байқалып отыр. Таңертең ерте тұрып мұздай суға шомыл, жүгір, дене жаттығуын жаса – әйтеуір ауырмаудың амалдарын қарастыр. Қолдан бар келері сол. Ал ауырып, дәрігердің қолына түстің екен – ол сені іремей сойып, теріңді он, тіпті жүз рет сыпырып алады.

Кеңес заманында дәрігердерді «ақ халатты абзал жандар» деп дәріптеп жататын. Қазіргі дәрігерді «қара халатты жемқорлар» деуге әбден болатындай. Екі рет құлақ ауырғанда осындай ақиқатқа көзім анық жетті. Ал енді  апта сайын ауырып, емханадан шықпайтын адамдардың ахуалы қандай екен?  Құдай оның бетін аулақ қылсын.

Президентінен бастап таңертең шортық киіп алып жүгіретін АҚШ пен Батыс елдерінің азаматтарының не себепті солай жасайтыны енді белгілі болғандай. Осындайда, тегін медициналық қызмет көсрететін қайран кеңес үкіметі-ай дейсің еріксіз күрсініп,  Бүгінгі үкімет деген ұйым еш жұмыс жасамайтын, мойнына ешқандай міндет алмайтын, тек салық жинайтын  органға айналып кеткен сияқты.

Бұдан не түюге болады? Ақылыңыз болса – ешқашан ауырмаңыз. Яғни, ауырмаудың бар амалын жасаңыз. Ал ауыра қалсаңыз халық емін пайдаланыңыз, тіпті болмаса  емшіге барыңыз. Емшілердің бәрі алаяқ емес, арасында нағыз емшілері де кездеседі. Жолыңыз болып, сондайға жолыға қалсаңыз, емханаға қаарғанда әлдеқайда арзанға түседі және сапалы ем қабылдап, дертіңізден айығуға мүмкіндік аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика