Ауырмаудың амалы бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мен ол кісімен осыдан үш-төрт жылдай бұрын Көкшетауда шығатын «Шығыс спорт өнерлері» деп аталатын газетте қызмет істеп жүрген кезде таныстым. Сол тұста жасы алпыстарға келіп қалған әйелдің өмірге сонша құштарлығы мен өзіне деген сенімінің зорлығына қайран қалған едім.
Ирина Георгиевна Чичкарева 45 жасында қатты ауырып, дәрігерлер оған енді жарты жыл ғана өмірің қалды деген шешім шығарады

Порфирии Ивановтың әдісімен танысу.

 

Қартайып жер таянып отғырған адам емес, «Москва көзжасына сенбейді» фильмінің кейіпкері айтқандай «қырық жаста өмір енді басталады» деп түйсінетін келіншекке дәрігерлердің мына сөзі сұмдық әсер етеді.

Содан бір күні ол теміржолшылардың сарайында өтетін бір шараға бара қалады. Сол тұста Порфирий Ивановтың мұздай суға шомылу тәсілін насихаттаушылар қатары көп болатын. Сондай насихатшылардың бірі мәдениет сарайында бір сағаттай лекция оқиды. Өмірден күдерін үзіп жүрген Ирина Георгиевнаға әлгінің сөзі қатты әсер етеді. Осы тәсілді қолданып көрсем қайтеді деген ой санасында қылаң беріп қалады.

Бар дерттің емі – мұздай су

-Қаңтар айының 3-і еді. Күн қақаған аяз. Мен бес қабатты үйдің бесінші қабатында тұратынмын, -деп есіне алады ол. – Таңертең ерте тұрып, суға шомылатын лыпамның сыртынан пәлтөмді киіп, екі шелек су алып сыртқа беттедім. Үшінші қабатқа түскенімде алдымнан суық ызғар келді. Сол сәт ішкі белгісіз бір үн «ау, ақылыңнан адасқанбысың, мына суықта мұздай су құйынсаң суық тиіп өлесің ғой» деді. Содан екі ойлы болып тұрып қалдым.

Дегенмен «ақыры бір өлім, суықтан өлдім не, аурудан өлдім не, бәірібір емес пе» деп, төмен түстім. Аулаға шықсам аяз ақырып тұр екен. Жер көкпеңбек мұз. Пәлтөмді, аяғымдағы тәпішкемді шешіп, суға шомылатын лыпаммен мұздың үстіне жалаңаяқ тұрып, барша адамдарға денсаулық тіледім. Содан кейін басымнан шелекпен суды құйып жібердім. Екінші шелекті және құйдым. Суықтан дірдек қағып, тоңатын шығармын деп ойлап едім, олай болмады. Керісінше бойым жылынып, бір рахат күйге бөлендім.

Міне, содан бері өткен 15 жылдан астам уақыт бойы Ирина Георгиевна қысы-жазы аулаға шығып, күнде екі шелек салқын су құйынуды берік әдетке айналдырған. Өзінің айтынша, бүгінде ауруханаға баратын жолды ұмытқан ол дәрі-дәрмек дегенді мүлдем қабылдамайды. Қыстың қақаған аяздарында жалаңбас, жұқа күртемен далада серуендей береді.

«Морждар» клубы

Көкшетауда құрамында 7-8 адам бар «морждар клубы» бар. Қызығы сол, оның мүшелерінің көбі әйелдер және жастары елуден асқан егде адамдар. Олар қыстың аязды күндерінде қала шетіндегі Қопа көлінен жасалған ойыққа барып шомылуды жандары сүйеді. Ойыққа шомылып, мұз үстінде жүрелеп отырып, әңгіме шерту «морждар клубы» мүшелерінің сүйікті әдеті десе болады.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің терең мәнін өкінішке орай екінің бірі түсіне бермейді. Ешқандай шығынды қажет етпейтін, күн сайын аздаған уақыт бөлу арқылы денсаулығыңды мығымдап, ауру атаулыдан аулақ өмір сүруге болатынын аурухананың тұрақты клиенті болып алған, жалақыларының жартсын дәрі-дәрмекке жұмсайтындардың ұқпайтыны өкінішті-ақ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика