Ауырмаудың жолын ізде

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қызметтің бәрі, оның ішінде денсаулық сақтау қызметі түгел ақылы шет елдерде «ауру – бұл қымбат игілік» деген сөз бар екен. Сондықтан да, шет елдің адамдары таң атпай шолақ дамбал киіп алып жүгіреді, қыста мұздай суға шомылады, таза ауада серуендейді – әйтеуір ауырмаудың амалын жасайды.

Жемқорлық жайлаған сала

Соңғы рет ауруханаға 2008 жылы барған екенмін. Содан кейін анау-мынау ұсақ ауруларға өзімше ем-дом жасап, емханаға ат ізін салған емеспін. Соңғы рет емханаға барғанымда құлағыма суық тиіп, сол үшін барғанмын. Отит деген бала кезден жабысқан құлақ ауруы анда-санда бір ұстап қалатыны бар-ды.

Құлағым күп болып ісіп, қатты қиналған соң амалсыз емханаға бардым. Құлақ емдейтін орыс әйел бірден ота жасау керек, медициналық тексеруден өтесің деді. Жазған құлда шаршау бар ма, жанымды көзіме көрсеткен ауруға қарамай үш күн жүріп тексеруден өттім. Тексеру қағазын алып дәрігерге кіргенімде ол тағы бір жерлерден анықтама әкелесің деді.

Содан шыдамым таусылып, бас дәрігерге кірдім. Құлағым қатты ауырып, жанымды қинап жүргеніне қарамай мені онда-мұнда шапқылатқан дәрігер жайлы айта бастап едім, әлгі өзіме бассалсын: «немене, шағым жасамақсың ба, дәрігер өзі біледі не істейтінін» дейді әкіреңдеп. «Сенген қойым сен болсаң» деген сөз есіме түсіп, бас дәрігерден күдерімді үзіп, әлгі әйелдің айтқан анықтамаларын әкеліп бердім. Бірақ іс мұнымен бітпеді. Ертеректе өкпеме суық тигізіп, ауруханада жатып шыққаным бар еді, енді тубдиспансерге барып, содан анықтама әкел деп жұмсады.

Менің сандалғаныма бір аптадай уақыт өткен. Құлағым күп болып ісіп, түнде ұйықтай алмаймын. Тым болмаса ауруды басатын бір дәрі беріңіз десем, айқайлап өзімді біраз жерге апарып тастады әлгі орыс әйел. Содан бір таныс емхананың бас дәрігері бар еді, соған телефон шалдым. Ол бір дәрігерге жіберді. Әлгі дәрігер құлағымды тазалап, бір дәрі тамызып еді, ауру сап тиылды. Сөйтсем, әлгі орыс әйелдің мені сандалтып қойғаны, ақша дәметкені екен. Ақша берсем, әп-сәтте емдеп жазып береді екен. Міне, біздің бүгінгі медицинаның жайы.

Ауырмаудың амалы – салауаттылық

Мен «Заң газетіне» бүгінгі медицина қызметкерлерінің арасындағы жемқорлық жайында бір мақала жазған едім. Содан еліміздің әр өңірінен хабарласқан адамдар өздерінің бастан кешкендерін айтып, мұңдарын шақты. Сөйтсем, бұл сала бүгінде әбден жемқорлықтың былығына батқан екен. Дәрігерлер ашықтан ашық пара алады. Ақша бермесең, сені адам деп санамайды. Өліп жатсаң, үстіңнен аттап өте шығады.

Қазір дәрігерлердің жалақысы біршама жоғары және обалы не, мемлекет қымбат тұратын шетелдік құралдарды сатып алуда. Емханалар да жетерлік. Бірақ, жемқорлық жайлаған сала уақыт өткен сайын батпаққа бата түсуде. «Заң газетінің» тілшісі ретінде сау адамдарды мүгедек етіп, тіпті өлтіріп алған дәрігерлердің соттарына талай қатыстым. Олар анау деп, мынау деп ауыр жазадан құтылып жатады. Әрі кетсе шартты мерзімге соттайды. Болмаса, ескерту, не сөгіс береді, ең құрығанда қызметінен босатады. Міне, бар жаза сол ғана. Соны білетін дәрігерлер айылдарын жимай ақша алуға құныққан. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының соңғы кездегі бірнеше басшылары жемқор болып, сотталды.

Бір сөзбен айтқанда, қазіргі денсаулық сақтау саласына ЕШ СЕНУГЕ БОЛМАЙДЫ. Сонда не істеу керек? Ауырмаудың амалын өзіңіз жасау қажет болады. Ол – салауаттылықты ұстану. Дене жаттығуын жасаңыз, темекі, арақтан бас тартыңыз, тамақтану мен ұйықтау режимін сақтаңыз, таза ауада серуендеңіз, мұздай суға шомылыңыз – сөйтіп, денсаулығыңызды күтіңіз. Ал ауыра қалсаңыз, ең дұрысы халық еміне жүгінген жөн. Шөптен, басқа да табиғи өнімдерден жасалған дәрілерді пайдаланыңыз. Сонда пәле-жаладан аман болып, денсаулығыңызды сақтап, ұзағырақ өмір сүруге мүмкіндік аласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика