Бәрін ақшаға сатып алуға бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақшаНарық заманында ақшаның қадірі артып, ақшаға қызметті, дипломды, тіпті адамның тәнін (жезөкшелерді) де сатып алуға болатын болды. Содан болар, ақшасы көп пенлделер өздерін осы дүниенің қожасындай сезінетін күйге жетті. Ондайлардың әбден дандайсып, көздеріне шел біткені сонша, көре көзге қылмыс жасап, ақшамен жауапкершіліктен сытылып шығатын болып жүр.

10 жастағы қызды қаққан жүргізуші жауапқа тартыла ма?..

Күні кеше жаяу жүргіншіге арналған жолмен өтіп бара жатқан он жастағы оқушы қызды аса үлкен шапшаңдықпен жүйткіп келген автокөліктің қаққаны жайында телехабар көрсетілді. Қала көшесінде бас айналдырар шапшаңдықпен жүйткіген көліктің иесі жиырмадан жаңа асқан жас жігіт болып шықты.

Осы оқиғаның куәларының айтуынша, әлгі жігіт машинасын тоқтатып түсіп, отыз метірдей жерге дейін ұшып кеткен, қанға батқан қыздың денесіне бей-жай қарап тұрыпты. Оның жүзінен өкініш те, аяныш та көрмедік дейді әлгілер. Оның есесіне басқа көліктер тоқтап, ауыр жарақаттан мерт болған қыздың жанына келіп, көмек көрсетпек болған.

Ал баланы қаққан көлік иесі жәйбарақат біреуге телефон шалып, сәлден кейін жеткен қымбат бағалы шет елдік көлік оны белгісіз жаққа алып кеткен. Қызды қаққан машина сол жерде қалған. Кейін белгілі болғандай, он жастағы оқушыны қағып өлтірген жігіт қалталы алпауыт кәсіпкер әйелдің жалғыз ұлы екен. Ол осыдан бұрын да жасаған қылмыстары үшін екі рет сотталып үлгіріпті. Бірақ ақшаның күшімен түрмеге түспей, жауапкершіліктен сытылып шығып отырған.

Он жастағы баласынан айрылып зар жылап қалған алты баланың ата-анасы «ақша берсе де, басқа берсе де қарамаймыз, ол осы қылмысы үшін заң бойынша жауапқа тартылуы тиіс» дейді. Бұл оқиғаның қалай аяқталары әзірге белгісіз.

Үсеновтың әрекеті неге жұрттың ызасын туғызды?

Осыдан бірер жыл бұрын Мақсат Үсенов деген бір қалталы шенеуніктің баласы удай мас болып автокөлік жүргізіп, аялдамада автобус күтіп тұрғын адамдарға соғылғаны, соның салдарынан бір адам өліп, бірнеше адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскені есімізде. Қызығы сол, адам өлтірген мас жүргізуші бұрын да арақ ішіп машина жүргізгені үшін жүргізушілік құқғынан айрылған екен. Соған қарамастан ол арақ ішіп тағы да машина руліне отырған.

Адам өлтірген жүргізуші қарсы жақтың кешірім беруі салдарынан жауапкершіліктен толайым құтылып шықты. Сол тұста әлеуметтік желілерде бұған ашу-ыза білдіріп, құзырлы органдарға ұжымдасып хат жазушылар көп болды. Жұртшылықтың қысымымен Бас прокуратура кісі өлтірген мас жүргізушіні 45 тәулікке қамауға қол жеткізді. Адам өлтірген алпауыттың баласына заң бойынша берілген бар жаза осы болды.

Тағы таңғаларлығы, әлгі Үсенов деген жігіт осыдан кейінде «ал маған не істейсіңдер» дегендей жүргізушілік құқығынан айрылғанына қарамастан қымбат көлікке мас болып отыруын онан әрі жалғастырды. Бұл шектен шығушылыққа әлеуметтік желілер арқылы жұрт ашық наразылығын білдіріп жатты.

Хонданың баласын сынауы

Әлемге танымал автокөлік шығаратын жапондық «Хонда» корпорациясының негізін қалаған иесі Хонда өзінің жалғыз ұлын мұрагер ету үшін үлкен сынақтан өткізіпті. Жоғары оқу орнын бітірген баласын ол өз кәсіпорнына қатардағы жұмысшы етіп жұмысқа алады және басшыларына «аямай жұмсаңдар, жалқауланатын болса маған айтыңдар» деп тапсырады.

Жұмысшы болып біраз тер төккен бизнесменнің баласын өзін дұрыс жағынан көрсеткені үшін енді ауысым шүебері етіп тағайындайды. Бұл жұмысты да жанын салып істеген ол біраздасын ауысым бастығы, онан әрі цех бастығы болады. Оны қожайынның баласы деп қарамай әкесінің тапсырмасы бойынша басшылары жұмысқа аямай жегеді және қатаң талап қояды.

Осылайша, бірнеше жылдың ішінде корпорацияның барлық қызмет сатыларынан өтіп, өзін іскер, шебер маман екендігін іс жүзінде дәлелдеген ұлын Хонда мұрагер етіп, корпорацияға басшылыққа тағайындайды да, өзі демалысқа кетеді.

Өкінішке орай, біздің елімізде әзірге баласына кәсіпкер Хонда сияқты қатаң талап тұрғысынан қарайтын қалталы бизнесмен жоқ болып тұр. Бай-бақуаттылардың бәрі балаларын қолынан іс келе ме, жоқ па, оған қарамай сүйреп жүріп ақшамен оқытады, сүйреп жүріп қызметке орналастырады, бар ақшасы мен байлығын ойланбастан мұра етіп береді.

Жоғарыда айтқан екі рет сотталған он жастағы қызды қаққан кәсіпкер әйелдің баласы сияқты ақшаға бәрін сатып алуға болады деп кәміл сенетін және еш ойсыз өмір сүретін бай-бағландар көп. Егер шындыққа тура қарайтын болсақ, ондайлар өздерін сүйреп жүріп адам етеміз деп бар ақшасы мен күш-қуатын жұмсаған ата-анасына да, өзі өмір сүріп жатқан еліне де көк тиын пайда әкелмейді. Ал зияны бастан асып жатады.

Осындайларға қарап «өзім дүниеге келтірдім, өзім өлтіремін» деп туған баласын Отанын сатқаны үшін атып өлтірген Тарас Бульбаны еске аласың. Өкінішке орай бүгінде Тарас Бульба сияқты баласына биік мұрат өлшемі тұрғысынан қарайтын ата-аналар жоқ, «кірпі баласын жұмсағым, қарға баласын әппағым дейді» деген қағиданы ұстанушылар көп болып тұр.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика