Бәріне нарық кінәлі ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

28Маркстің ілімі бойынша адамды адамның қанауына негізделген нарықтық, яғни каптиалистік қоғам түптің түбінде жойылып, жоспарлы экономикаға негізделген социалистік қоғам орнығуы тиіс. Дегенмен, жағдай бұлай болмай шықты. Іріп-шіріген нарықтық қоғам жоспарлы экономикаға сүйенген социализмді жеңіп, социалистік жүйе жойылып тынды. Осыдан адамзат баласы не ұтты?

Әлемнің әміршісі  нарық па?

Нарықтық қоғамда бағаны базар реттейді. Сұраныс көп, ұсыныс аз болса, баға өседі, керісінше сұраныс аз, ұсыныс көп болса, баға түседі. Бұл – нарық заңы. Былай қарағанда бәрі дұрыс, әділ сияқты. Бағаны қолдан жасанды түрде реттегеннен гөрі, ұсыныс пен сұраныстың негізінде өзі табиғи түрде реттеліп жатса, дұрысы осы емес пе?

Бірақ, нарықтық қоғамда бағаны 100 пайыз базардағы сұраныс пен ұсыныс реттемейді. Оған негізінен адамдардың ашкөздік деп аталатын бойындағы қасиеті елеулі, тіпті басты ықпалын тигізіп отырады. Қазіргі әлемдегі болып жатқан жағдайлардың бәрі осыны айғақтайды.

Мысалы: осыдан бірнеше жыл бұрын мұнай бағасы шарықтап тұрған кезде, жанар-жағар май құны көтерілді. Оның себебін осы саладан нәпақасын тауып жүрген кәсіпкерлер мұнай бағасының өсуімен түсіндірді. Жә, дұрыс, солай екен десті жұрт. Ал, содан кейін мұнай бағасы күрт төмендеді. Жанар-жағар майға қажетті шикізат бағасы бірнеше есе арзандады екен, нарық заңына сай оның бағасы төмендеуі тиіс-тін. Бірақ олай болмады. Жанар май бағасы төмендемек түгілі, қайта онан сайын көтеріле түсті.

Нарық реттейтін баға әрдайым сұраныс пен ұсыныстың ретіне қарай не көтеріліп, не төмендеп отыруы тиіс. Десек те, азық-түлік, киім-кешек бағасы жыл санап біркелкі деңгейде ақырындап көтеріле береді де, ол енді қайта түспейді. Түссе де, сәл-пәл түседі де, қайта көтеріледі. Бұл біздің елімізде ғана болып отырған құбылыс емес, барша әлемдегі жағдай осындай.

Инфляция қайдан шығады

1993 жылы қараша айында тәуелсіз Қазақстан тұңғыш рет өзінің ұлттық валюта – теңгесін айналысқа шығарды. Ресей рублін теңгеге айырбастап, қолымызға төлтеңгемізді ұстаған сәт күні кешегідей көз алдымда. Сол тұста 1 теңге 1 АҚШ доллары көлемінде болатын. Ал содан кейінгі өткен 23 жылдан астам уақыт ішінде теңгеміз 318 есе құнсызданыпты. Бұл аз ба, көп пе?

Өткен жүз жылдықтың көлемінде АҚШ доллары да 100 еседей құны түскен екен. Осыған қарап, ақшаның құнсыздануы барша әлемді қамтып отырған құбылыс екенін бағамдау  қиын емес. Енді осы арада мынадай заңды сұрақ туындайды: «ақша неге құнсызданады?»

Былай алып қарағанда ақшаның құнсыздануына, бағаның шарықтап көтеріле беруіне жол ашатын негіз жоқ. Ғылым мен техниканың дамуының арқасында өндіріс көлемі жыл санап еселеп артып, жаңа технологияны қолдануыдың нәтижесінде өнімнің өзіндік құны еселеп төмендеп барады. Бұрын қазақтар қой терісінен бір тонды бір ай тігетін болса, қазір бір сағатта мыңдаған тон шығаратын ірі кәсіпорындар бар.

Осы жайларға назар аударып, ақыл таразысына салып қарасақ, өнім көлемі жыл санап шарықтап өсіп барады, оның өзіндік құны төмендеуде, осыған орай, баға да төмендеуі қажет-ті. Бірақ, олай емес. Баға бас білмеген асау аттай шарықтап жыл өткен сайын өсіп барады. Оның тоқтар түрі көрінбейді. 1993 жылы бір бөлке нан 30 тиын (теңге емес) еді, қазір 60 теңге болды. Басқа азық-түліктің, өндірістік тауарлардың бағасы да  жүздеген, тіпті мыңдаған есе өсіп кетті.

Баға тұрақтамай, ұдайы өсе беретіндіктен, ақша да жыл санап құнсызданып, инфляция деген жазылмайтын созылмалы ауруға айналып алды. Біздер оған әбден көндігіп, етіміз үйреніп алғаны сонша, ақшаның құнсыздануын, бағаның үнемі шарықтап өсуін ЗАҢДЫ ҚҰБЫЛЫС деп санайтын болдық.

Бәріне кінәлі – ашкөздік

Адамның көзі ештеңеге тоймайды, тек көзіне бір уыс топырақ құйылғанда ғана тояды. Бұл – шындық. Жаңа технологияны пайдаланып, бұрын он адам істеген жұмысты бір адамға жүктеп және бір адамға ғана жалақы төлеп отырған кәсіпкер соған қарамастан, шығарған өнімінің бағасын бұрынғыға қарағанда көтеріп қояды. Оған қарап, басқа кәсіпкерлер де жарыса өз өнімдерінің бағасын көтереді. Осылай бұл баға көтеру жарысы еш тоқтамай жалғаса береді, жалғаса береді…

Оның нәтижесі мынадай: әрбір 4-5 жылда қайталанып отыратын экономикалық, қаржылық дағдарыс, жаппай жұмыссыздық, халықтың тұрмысының күрт төмендеуі, аштық, содан туындайтын түрлі аурулар, ақшаның құнсыздануы болып жалғасатын адамзат баласын тауқыметтен көз ашырмайтын жайлар.

Бағаның шарықтап өсуіне, ақшаның құнсыздануына, әлсін-әлсін қайталап  отыратын дағдарыстарға НАРЫҚ кінәлі емес, оған адамдардың АШКӨЗДІГІ айыпты. Егер адам АШКӨЗДІКТЕН арылса, онда дағдарыс та, бағаның негізсіз өсуі де, ақшаның құнсыздануы да БОЛМАС ЕДІ.  Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика