Бағалы металл есепшотыңыз бар ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақшасын сақтап, көбейтемін деген адамға қазір қай жерде де мүмкіндік мол. Құнды қағаз аласыз ба, кез-келген валютамен депозит ашасыз ба, ақшаңызды жылжымайтын мүлікке саласыз ба – бәріне де мүмкіндік бар.  Өкініштісі сол, ақшаңызды жегі құрттай жеп жатқан инфляция атты кесапаттан сақтап, сақтап қана қоймай көбейтуге мүмкіндік беретін бұндай құралдарды тек санаулы ғана адамдар пайдаланады. Ал біздің сөз еткелі тұрған бағалы металл есепшоты дегенді көп жандар мүлдем білмейді де.

Байлықты сақтаудың сенімді құралы

Алтын атам заманнан байлықтың белгісі болып саналып келгені белгілі. 1972 жылғы АҚШ доллары әлемдік валютаға айналған кезден басталған ақшаны алтынға байлаудың жойылуы қағаз ақшаның құлдырап құнсызданына үлкен серпін берді. Өткен бір ғасырда АҚШ доллары 100 пайыз көлемінде құнсызданған екен. Мүйізі қарағайдай доллар бағамы сондай боланда, басқа дамушы елдердің валюталары мыңдаған пайызға құнсызданып, халықтың ақшаға дегенс енімі азая түсті.

Осындай жағдайда қалталы азаматтар байлықтарын сақтаудың амалдарын қарастыра бастады. Жыл санап құнсызданып, бағамы түсіп отыратын қағаз ақшаның орнына үнемі қымбаттап, бағамы уақыт өткен сайын өсуден танбайтын бағалы металл, оның ішінде алтынға деген қызығушылық көбейді. Нарық заңы бойынша, қай жерде сұраныс болса, соған орай ұсыныс та болады.

Міне, осылайша, банктер қағаз ақша есеп-шоттарымен бірге, бағалы метал есепшоттарын ашуға көшті. Бұндай есепшоттар қазіргі күні біздің елімізде де бар. Оның шарттарымен танысқыңыз келсе, интернеттің іздеу терезесі арқылы сұрау салып, қажетті ақпараттарды табуыңызға болады.

Металл есепшоттың артқышылығы қандай?

Металл есеп-шот, оның ішінед алтыннан есепшот ашқыңыз келсе, бұл қиындықсыз жүзеге асады. Қазақстанда ресейлік Сбербанк пен отандық ХалықБанкінен металл есепшот ашып алуыңызға болады. Оның бір ерекшелігі – сіздің қолыңызға ешқандай алтын берілмейді және алтынды қалай сақтаймын деп уайымдамайсыз.

Есепшотты ашқыңыз келсе, ең төменгі салым мөлшері 1 унция, яғни 31 грамның көлемінде. Теңге бағамымен 800 мың теңгедей болады. Сонша ақшаға 1 унция алтын сатып аласыз. Бірақ алтын қолыңызға берілмейді және оны ұстап көруге де боламйды. Есепшотты аштыңыз, енді шотта алтыным бар деп санауыңызға болады.

Бұның қандай пайдасы бар? — деген сауал туындайды. Инфляциядан қорғайтыны бір басқа, алтын бағамы жыл санап үнемі қымбаттап келеді. Әсіресе, ақша құнсызданып, кризис басталған тұстарда алтынға деген сұраныс өсе түседі және оның бағамы да сол тұста шарықтап көтеріледі.

Бүгін сіз 1 унция алтынды 800 мың теңгеге сатып алсаңыз, енді бір жылдан кейін ол 900, тіпті 1 миллионға  жетуі мүмкін. Сол кезде еш кедергісіз сол бағаммен алтынды оңай сатып жіберуге болады. Ол үшін банкке барып, есепшотыңыздағы алтынды сату мәмілесін жасасаңыз болды. Банк сол сәттегі бағаммен алтыныңызды сатып алады да, ақшаңызды қолыңызға ұстатады.

Ақшаңызды құнсызданудан сақтаудың бір сенімді құралы ретінде банктен металл есепшот ашып алуыңызға болады. Оның еш қиындығы жоқ жне қауіпті де болып саналмайды. Өйткені, алтынды үйіңізде сақтамайсыз, банкте тұрады, біреу ұрлап алады, тонап кетеді деген қауіптен аулақ боласыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика