Бақытты болу – ақыл-ой деңгейіңізге байланысты

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өмірде адамның жолы болып, ойлаған мақсаттарына жетуі немесе қырсықтан арылмай, үнемі тауқымет тартып өтуі – бәрі адамның ақыл-ойының деңгейіне байланысты болады. Ал ақыл-ой деңгейі дегеніміздің өзі біздің санамызға сырттан еркісіз әсерін тигізіп отыратын Жаратқанның қуаттарының әсерінен пайда болған өлшем.

Адам санасыны шырмаған үш қуат

Веда ілімінің қайнар көзі болып табылатын Бһагавад Гита кітабында адам, жалпы тіршілік иелерінің санасын шырмап алған үш қуат – табиғаттың үш гунасы туралы жан-жақты айтылады. Тама, яғни қараңғылық немсе надандық гунасы ең төменгі қуат болса, раджас, яғни құштарлық гунасы одан гөрі жоғары, ал ең жоғарыда тұрған гуна – саттва деп аталады, немесе оны қайрымдылық гунасы дейді.

Енді осы үш гуна, яғни табиғаттың үш түрлі қуатына жеке-жеке толығырақ тоқталып өтейік. Ең төменгі тама гунаның ықпалындағы адамдарда болатын қасиеттер қандай? Ол: ұйқышылдық, яғни шамадан тыс көп ұйықтауға бейімділік, жалқаулық, жайбасарлық, шешім қабылдауға бейімсіздік, яғни мұндай жандар нық шешім қабылдауға қауқарсыз, ашушаңдық, ызақорлық, кекшілдік, сөзінде тұрмаушылық, қорқыныш пен үрейге бой алдырушылық, күмәншілдік, жақсы мен жаманды айырмаушылық, ішімдікке, басқа да залалды нәрселерге үйіршілдік – осылардың бәрі тама гунаның ықпалындағы адамдарыдң бойынан табылатын қасиеттер.

Раджа гунаның ықпалындағы адамдарда мынадай қасиеттер болады: асқан белсенділік, ержүректілік, нық шешім қабылдауға бейімділік, ақшаға, байлыққа, атақ-мансапқа құмарлық, нәпсіге құмарлық, тәкаппарлық, мақтаншылық, өмірдің қызығын, рахатын көбірек татуға ұмтылушылық, өзін өзі дамытуға ынталылық, көшбасшылы, яғни лидерлік қасиет – осылардың бәрі раджас гунаның ықпалындағы адамның бойынан молынан көрініп жатады.

Саттва гунаның ықпалындаы адамдарда мынадай қасиеттер кездеседі: ілім-білімге ұмтылушылық, қарапайымдылық, адалдық, әділдік, сабырлылық, имандылық, нәпсісін қадағалап, тыйып ұстаушылық, Жаратқанның бергеніне тәубе етушілік, өз ісіне, отбасына адалдық – осындай қасиеттердің бәрі саттва гуна ықпалындағы адамдардың бойынан табылады.

Табиғат гунасы адамды еріксіз дегеніне көндіреді

Егер сіз тама гунаның ықпалында болсаңыз, онда жоғарыда аталғандай қасиеттер бойыңыздан анық көрініп тұрады. Ондай қасиеттердің зардабын тартып жүрсеңіз де, одан құтылу қиын ғана емес, тіпті мүмкін де емес. Сонда не істемек керек?

Сіз ең алдымен жоғарыда аталған үш гунаның қайссының ықпалында екеніңізді анықтап алыңыз. Бұл үш гуна адамның бойынан жеке-жеке көрініс беріп қана қоймай, біте қайнасып, бірге де әрекет етеді. Ондайда кейде тама гуна, кейде раджас, кейде саттва гунаның ықпалы басмырақ болып жатады.

Адам қай гунаның ықпалында босла, сол гунаға сай әрекет жасайды. Яғни, адам әрекеті саналы ой мен ақылдың жемісі емес, табиғат гуналарының ықпалымен жасалатын еріксіз әрекеттер. Бұл арада адамды қуаршаққа теңеуге болады. Ал табиғат гунасы актер ұстап отырған жіп сияқты. Актер жіпті қозғау арқылы қуыршақты түрлі қозғалысқа келтіреді. Сол сияқты табиғат гуналары адамды еркінен тыс түрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейді.

Тама гунаның ықпалындағы адам сенсін, сенбесін, мойынсұнсын, мойынсұнбасын – еріксіз түрде өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізетін жаман әрекеттер жасайды, сөйтып, өзіне, де, өзгелерге де зиянын тигізеді. Соның салдарынан олар бұл дүниеде азаптан көз ашпаса, о дүниеде тозақтан орын алады.

Раджас гунасының ықпалындағы адам құштарлықтың әсерімен кейде жағымсыз, кейде жақсы әрекеттер жасайды, соған сай жаман әрекеттері үшін жамандыққа ұшыраса, жақсы әрекеттерінің салдарынан игілікке ие болып жатады. Ал саттва гунаның ықпалындағы адам үнемі өзіне де, айналасындағыларға да тек пайдасын тигізетін жақсы әрекеттер жасайтындықтан, бұл дүниенің де, о дүниенің де игілігін табады.

Қараңғылық гунасынан құштарлық, одан қайрымдылық гунасына қалай көтерілуге болады? Ол үшін қандай амал-тәсілді пайдану керек? Бұл жөнінде блогымызда алдағы уақытта толық жазатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика