Бақытты болудың құпиясы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

кілтТаяуда Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінде журналист Байқал Баяділовтің бір мақаласын оқыдым. Онда елімізге әйгілі алғашқы қазақ қыздарының арасынан шыққан тракторшы Кәмшат Дөненбаеваға арнап көкшетаулық сазгер шығарған әннің тарихы жайлы баяндалады. Осы мақала көкейде жатқан бір ойларды қозғап, блогыма осы мақаланы жазуға түрткі болған еді.

Жаны сүйген іспен айналысу – бақыт

Әлгі мақалаға қайта оралайық. Сазгердің айтуынша бұл әннің шығуына теледидардан Кәмшат Дөненбева берген сұхбат себеп болыпты. Журналист еңбек ерінен «арманыңыз бар ма?» деп сұрайды. Сонда ол бірден «бар» деп жауап қайтарады. «Ол қандай арман?»  деген журналистің сауалына «К-700»-дің руліне тағы бір отырсам» деп жауап береді танымал еңбек ардагері.

Кеңес заманында К-700-бен қалай жұмыс жасайтыны есімізде. Маусым кездерінде тракторшы  таңның атысы күннің батысына дейін тынымсыз жұмыс істейтін. Қазіргі ішінде кондеционері бар, компьютермен басқарылатын Бюллер, Джон-дир сияқты шет елдік тракторлар сияқты емес, К-700-дің кабинасына шаң кіріп, ойқы-шойқы алқапта тракторшыны соғып тастайды.

Міне, сондай  жағдайда жұмыс істеген Кәмшат Дөненбаева апамыз неліктен тағы да трактордың руліне отыруды аңсады? Бұның астарында үлкен мән бар екені анық. Адам жаны сүйген, көңілі қалаған жұмыстан шаршамайды, керісінше рахат табады. Тек сондай жұмыс атқару арқылы ғана адам биіктерге жете алмақ. Кәмшат Дөннебаева үшін трактор тізгінін ұстау күнкөрістің қамы емес, жаны қалаған рахат сезімін әкелер – мамандық.

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі саналатын инвестор Уоррен Баффеттің айтқан мынадай сөзі бар екен:  айналысқан ісіңе жан-тәніңмен берілгенде ғана нәтижеге жетуге болады, деп. Ал жан-тәнімен берілу үшін адам сол ісінен рахат алатын болуы қажет екені түсінікті.

Жоғарыда атап кеткен Социалистік Еңбек Ері,  КСРО жоғарғы кеңесінің депутаты атанған, атақ-даңқы одаққа тараған Кәмшат Дөненбаеваның жетістігі сол өз жұмысына жан-тәнімен берілуінде және жұмысынан рахат сезімін табуында екендігі анық.

Түйін: Егер сіз өмірде жетістікке жетіп, бақытты болғыңыз келсе, онда өзіңіздің көңіліңіз қалаған, жаныңызға жағатын іспен айналасыңыз және соған жан-тәніңізбен беріліңіз. Табысқа жетудің бірден бір сенімді жолы – осы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика