Бақытты болудың қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ақиқатЯндекстің вордстат қызметі арқылы «бақыт» деген сөзді бір айда қанша адам іздегеннін қараған едім. Бұл сөзді бір айда 4370 адам іздепті. Сонша адам бақытты болуды аңсайды екен-ау деп ойлаған едім. Сөйтсем, олардың көбі  есімі бақыт деген әншілерді іздеген болып шықты. Осыған қарап, адамдардың бақытты ойлап бастары ауырмайды екен-ау деген ойға қаласың.

Бақытымызға көлеңке түсіретін не?

Бақытты болу үшін көп нәрсе керек пе? Жоқ. «Қайғысыз қара суға да семіреді» деген сөз бар. «Ұйқың келсе қара тас мамық болар» дейді. Әскерде жүргенде майысып қалған ескі альмини тостағанға салып берген суға бұқтырылған ботқаның дәмі тіл үйірердей тәтті болып сезілетін. Ал қазір көркі көз тартар әдемі ыдыстарға салынған дәмді тағамдарды да құлықсыз жейтін болдық. Өйткені, тәбет жоқ.

Адам бақытты болу үшін мынадай нәрсеге жетсем шіркін деп армандап жатады. Бірақ сол арманы орындалып, аңсағанына қолы жеткен соң тез жалығып, басқа нәрсені іздей бастамақ. Өмір осылай үнемі адамдарды қол жетпейтін бірдеңелерге еліктіріп, қолында барының рахатын көруге кедергісін келтірумен болады.

Буддизм дінінің төрт ұстыны болып саналатын төрт ақиқаттың бірі – тілектен бас тарту. Бізді бақытсыз ететін және қолымыз жеткен игіліктердің қызығын көруге кедергі жасайтын жалғыз дұшпан – тілек. Иә, кәдімгі таусылмайтын арман-тілектер. Шіркін, анаған жетсем, мынаны алсам деген тілектер сіздің ішкеніңізді ірің, жегеніңізді желім етеді. Барша адамның ең басты дұшпаны да сол – ТІЛЕК.

Барыңызға қанағат етіңіз – сонда бақыт құсы басыңызға қонады

Қазақта «қанағат қарын тойғызар» деген нақыл бар. Қанағатшыл адамның қайғысы да болмайды. Өйткені, ол барымен базар деп, қолындағысының қызығын көреді және жоқ нәрсені ойлап, күндіз күлкі, түнде ұйқысынан айрылмайды.

Менің бір жақын танысым бастықтың орынбасары болды. Сол-ақ екен ол бұрынғы жаймашуақ көпшіл мінгезінен арылып, ешкіммен араласпайтын болды. Бірде ол «шіркін қолымда билік болса, былай жасар едім» деп арманын жайып салды. Содан бір күні ол сол ұжымның басшысы болды. Арманына жетті, енді бақытты болған шығар дерсіз? Жоқ. Оның мінезі бұрынғыдан да жаман болып кетті. Енді ол тамыр-таныстарының ешқайсымен араласпайды. Үнемі қабағын қарс жауып жүретін, қатал бастыққа айналды. Қызмет көлігі, жоғары жалақысы бар, дені сау, аяқ-қолы бүтін. Бірақ үнемі қабағын түйіп, көңілсіз жүреді және қарамағындағыларға қит етсе дауыс көтеріп, ұрыссуға дайын тұрады. Өкінішке орай, бүгінгі адамдардың көбі бақытты осылай түсінеді.

Шындығында бақытты адам қабағын түймейді, ол әрдайым жадырап, көңілді жүреді. Өйткені, бақыт дегеніміздің өзі – қуаныш, көңіл күйдің әрдайым көтеріңікі болуы. Ал қабағын қарс жауып жүрген адамды бақытты десек, бұл қарғаны қыран дегенмен бірдей.

Сонымен, бақытты болғыңыз келсе: барына қанағат етіңіз, жоқ нәрсені ойлап, қол жетпесті қиялдап басыңызды ауыртпаңыз, айналадағы адамдармен емен-жарқын араласып, әрдайым өмірден тек жақсылық іздеңіз. Міне, сонда БАҚЫТ ҚҰСЫ басыңызға қонып, өмір бойы сізбен бірге болады. Бұл – АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика