Байлыққа жеткізер үшінші қадам: өзіңді сендіру

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

акшаӨзіңіз үшін санаңыздың терең иірімдерін жұмыс істет – міне, сол кезде Сіз таңғаларлық нәтижеге қол жеткізетін боласыз. Түйсігіңізге сезім арқылы ықпал етіңіз. Ал бұл екеуінің әрекеті таңғаларлық.

«Өзіңді сендіру» түсінігі санаңызға сезім арқылы әсер ету мен бақылаудың барлық түріне қатысты. Бұл саналы және сананың терең иірімдері, яғни түйсікті басқарудың орталығы іспетті.

Өзіңізді сендірудің көмегімен сіздің үстем ойларыңыз санаңыздың терең иірімдерін еніп, оған әсерін тигізеді. Табиғат адамның құрылымын бес сезім органы арқылы түйсікке енген ойлар әрдайым бақылауда болатын етіп жаратқан. Дегенмен бұл адам барлық уақытта оған бақылау жасай алады дегенді білдірмейді: егер нақтырақ айтсақ, көп жағдайларда басқара алмайды және бұны адамдардың басым көбінің қайыршылықта өмір кешуі анық дәлелдйді.

Түйсігіңіздегі ой арқылы орнаған, идеялар тұқым негізінде өсіп жетілетін  елес бейнелерді есіңізге алып көріңіз. Егер қатарларға дақылдар егілмеген күннің өзінде әредік түскен тұқымдар жапырақ жайып, қатарларды түгел толтырып тұрады. Өзін сендіру – бұл басқару орталығы, сол арқылы адам өзінің түйсігін қажетті ойлармен толтыра алады.

Металлдың жүрек тербер үні

Тілек туралы тараудағы соңғы алты ұысыныс ережені есіңізге түсіріп көріңіз. Сізге өзіңіз ақша табуды қалайтыныңыз туралы тілегіңізді күніне екі рет дауыстап қайталап отыру ұсынылған еді, онда сіз өзіңізді сол ақшаның толыққанды иесі ретінде сезіну қажеттігі нақтыланған болатын. Осы ұстанымды ұстана отырып сіз тілек нысанын түйсігіңізбен тікелей байланыстырасыз. Ал қайталау арқылы ой дағдысын орнықтырасыз. Бұл тілегіңізді нақты ақшаға айналдыруға жасалған игі қадам болып қалыптсады.

Одан әрі алға жылжу үшін тілек тараын қайталап тағы бір оқып шығыңыз. Одан әрі жоспарлау тарауындағы «сананы басқаруды» ұйымдастыратын төрт ұсынысқа назар аударыңыз. Сол топтар мен осы тараудың материалдарын салыстыра отырып, оның негізгі принциптері өзін өзі сендіру екендігіне көз жеткізесіз.

Мынаны есіңізде ұстаңыз: тек өз тілектеріңізді дауыстап қайталау арқылы сіз табысқа жете алмайсыз. Ең бастысы, ол сезіммен бекітілуі тиіс. Иә, бұл ой сіздің сезіміңізді селт еткізетін, оған әсер ететін болуы керек. Өйткені, сіздің түйсігіңіз тек сезім арқылы бекіген ойларды ғана басшылыққа алады.

Қайталау – оқу анасы деп текке айтылмаған. Кітабымыздың әр тараында қайталау туралы айтылып отырады, себебі түсінбеушілік – өзін өзі сендіруді тәжірибе жүзінде қолдануға үлкен кедергісін келтіреді.

Сезіммен бекімеген жәй сөз түйсікке еш әсерін тигізе алмайды. Сондықтан да, сіз түйсігіңізге сенім мен сезім арқылы ықпал етпейінше, нақты нәтижеге ешқашан жете алмайсыз.

Егер өзін өзі сендіру жолының алғашқы кезеңінде сезіміңізді бақылап, басқару мүмкін болмаса, оған қапаланбаңыз. Түйсікке ықпал етудің құны – тұрақты түрде айналысып отыру болмақ. Түйсікті, тіпті үлкен тілектермен де алдай алмайсыз, тек кітабымызда айтылғандай тұрақты және үнемі айналысу арқылы ғана күткен нәтиже келеді. Ойыңызға алған мақсат – соншама күш-қуатыңыз бен уақытыңызды сарып қылуға тұрарлық па, жоқ па – оны тек сіз ғана шешесіз.

Сіз өзіңізді мол ақша таптым деп сендіріңіз

Кітабымыздың өткен тарауларында ұсынылған ережелерді жақсы және сапалы орындау үшін назарыңызды шоғырлауды үйренуіңіз қажет. «Алты ұстаным ережесін» есіңізге түсіріңіз. Оның біріншісінде: «назарыңызды өзіңіз тапқыңыз келетін ақшаның дәл мөлшеріне шоғырлаңыз» деп айтылған. Ол үшін не істеу қажет? Көзіңізді жұмып, сол цифрды елестетугі тырысыңы, ол қашан ақша бейнесіне айналғанша. Бұл жаттығуды күн сайын бір рет ақйталап отырыңыз.

Сенімнің күшін айтып жеткізу қиын. Түйсік бұйрықты тек ол нық сенімге негізделген кезде ғана қабылдайды. Ол үшін түйсігіңізді тілегіңізді есте сақтау арқылы қайталай отырып, нық сенім оянғанша тоқталмаңыз. Сіз түйсігіңізді осыған нық сендіріңіз, соған мәжбүрлеңіз.

Бұл тамаша тәсіл емес пе? Сол идеямен ынталана отырып, алға жылжыңыз, сонда елес бейненің қаншалықты құдыреттілігін тәжірибе жүзінде көретін боласыз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика