Байлық – Алланың сынағы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ақша билеген бүгінгі нарық заманындағы адамдардың 99 пайызы байлық ең басты бақыт деген түсінікте. Шындығында, байлық ешбір пендеге ешқашан бақыт әкелген емес және әкелмейді де. Тек байлықты орнымен, яғни Алланың разылығы үшін қайрымдылық істерге жұмсағанда ғана ол игілік әкеледі. Енді жан-жағыңызға назар аударып қараңыз: байлардың қайсысы Алланың разылығы үшін бар байлығын кедей-кепшікке, мұқтаж жандарға көмекке жұмсап жатыр?

Байлықты басты мақсат етпеңіз

Байлыққа жетуді өмірінің ең басты мақсаты етіп алған адамдар көп бүгінде. Олардың әңгімелері түгел ақша жайында, ойлайтын ойлары да ақша төңірегінде және іс-әрекеттері де түгел ақша табуға бағыттылған. Жалпақ тілмен айтқанда, ақша ондайлардың күндіз есінен, түнде түсінен кетпейді.

Осындай ақша ауруымен ауырған адамдардың бақытқа жеткенін өз басым көрген емеспін, керісінше ондайлар сараңдық деген жазылмас дертке ұшырап, содан өле-өлгенше зардап шегеді. Баспа қызметімен айналысатын үлкен кәсіпорынның қожайыныны білемін. Әлгі кісі баспаханасының ауласынан өзіне үш қабатты сәулетті сарай салдырып алған. Жанында гараждары бар.

Онымен бірге күйеу баласы және келіншегімен ұлы тұрады. Шылқыған бай олар сыртының бәрі қошалған, ауызда күзетші тұратын өздері жасап алған түрмеден ешқайда шықпай, бар өмірлері соның ішінде өтіп келеді. Олардың жұмысшыларының алатын жалақылары 50-80 мың теңгенің төңірегінде. Ал қожайындары  жыл сайын  машина ауыстырады. Бағасы 190 мың доллар тұратын Хаммер деген көліктерін анда-санда көшені бір айналып келу үшін сәнге мінеді.

Кәсіпорын қожасының өмірі шетелге барғанын, не бір шипажайға барып, демалғанын естіп, көрмеппін. Ол таңертеңнен кешке дейін кәсіпорын ауласынан шықпайды. Мінезі аса тықыр қожайын жұмысшыларының апшысын қуырып, азын-аулақ жалақыларының өзін міндетсініп, соңғы теріне дейін сығып алып әзер береді.

Жұмысшыларын қанау арқылы жинаған сонша байлығын қарақан басы мен отбасы үшін ғана жұмсап жүрген ол өлгенде өзімен бірге о дүниеге бір тиын да әкете алмайтыны дау туғызбас шындық. Өлген адам о дүниеге 2 нәрсе ғана әкетеді екен: 1- жинаған сауабы; 2- жинаған күнәлары. Байлығын қара басы үшін ғана жұмсаған қожайын сауаптан құр қалатыны айдан анық.  Бұл жалғыз мен білетін кәсіпорын иесінің жайы емес, барлық дерлік бақуатты  адамдар дәл осылайша тірлік кешуде.

Қасиетті кітапта айтылған «байлар жұмаққа түйе иненің көзінен өткен заманда кіреді» деген сөз, сараңдық дертіне ұшырап, бар байлығын қара бастары үшін  жұмсайтын адамдарға арнап айтылғандай. Яғни, байлардың 99 пайызы тозақтық деп нық сеніммен айтуға болады. Ендеше, аз күнгі ғұмырда рахатын көріп, мәңгі тозаққа түсіретін байлыққа құлшынудың қандай жөні бар?

Байлықты Алланың разылығы үшін пайдаланыңыз

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, байлық адамға тек залал ғана әкелмейді. Оны дұрыс пайдаланған жан сауапқа қарық болып, бұл дүниеде айналасындағы жандардың алғысы мен разылығына бөленеді, ал о дүниеде жұмақтың төрінен орын алып, жан рахатын татады.

Байлықты дұрыс пайдалану деген не? Оны ең алдымен, мұқтаж жандарға көмекке жұмсау қажет. Мына қарапайым ақиқатты ешкім де, ешқашан да терісмке шығара алмайды: ЕГЕР  БІР БАЙ АДАМ ОН КЕДЕЙГЕ КӨМЕКТЕССЕ,  ОНДА ЕЛІМІЗДЕ КЕДЕЙШІЛІК ДЕГЕН МҮЛДЕМ БОЛМАС ЕДІ.

Қазақстанда миллионерлер, тіпті милиардерлер бар. Бай-алпауыттардың шетелден миллиондаған долларға қымбат сәулетті үйлер, сарайлар сатып алып жатқандығы туралы БАҚ айтып, жазуда. Сонша ақшаны желге шашқанша, олар кедей-кепшікке, мұқтаж жандарға көмектессе, еліміздегі кедейшілік деген проблема түбегейлі жойылар еді. Бұл 2Х2=4 деген сияқты ешкімге, ешқашан күмән туғызбайтын АҚИҚАТ.

Егер сіз байлықты түгел қайрымдылыққа жұмсай алмасаңыз, онда ешқашан АҚШАҒА жуымаңыз. БАЙ боламын деп тыртыңдамаңыз. Байлыққа жөпелдеме ие болған күнде сізге байлық еш бақыт әкелмейді, тірлігіңізде айналаңыздағы адамдарыдң қызғанышы мен ашу-ызасын туғызады, өлген соң тозақтың мәңгі ОТЫНЫ ЕТЕДІ. Бұл сізге керек пе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика