Байлық басты мақсат емес десек те…

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Кеңес заманында ақшаның да, байлықтың да еш қадір-қасиеті болған жоқ. Ол кезде ақшаға көп нәрсені сатып алуға болмайтын. Қазір ақшаға бәрін алуға болады. Сондықтан ба, бүгінгі адамдардың мінез-құлқы да кеңес заманындағы адамдардан басқаша. Ақша үшін арын, тәнін сататындар шықты. Тіпті, газеттерде өздерінің бүйректері мен бауырларын ақшаға сатамыз деген жарнамаларды да оқыдық. Осыған орай, қазіргі пенделер үшін байлық бақытқа жеткізер басты қадам деген түсінік орын алғандай.

Мақсатқа қалай жетуге болады?

Бүгінде бай-бақуатты болуды армандамайтын адам жоқ шығар. Бірақ та, байлық екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Рас, нарыққа алғаш көшкен жылдары кездейсоқ байығандар және қолындағы биліктерін пайдаланып, қазына мүлкін ұрлау арқылы дәулетті атанғандар шықты. Дегенмен, қазір ондай жолмен байлыққа жету қиын. «Секрет» бестселлерінің авторы үйсіз қаңғыбастан миллионерге айналған Джо Виталенің айтуынша, мақсатқа жетудің құпиясы бар және соны біліп, меңгерген адам міндетті түрде аңсаған арман-мақсаттарының бәріне жететін болады.

Егер дүниеге зер салып қарайтын болсақ, табиғаттан тыс бәрін басқарушы бір саналы күштің барлығын аңғарамыз. Оны біз Кеңістік, Жоғарғы сана немесе Құдай деп атаймыз ба, мәселе атауында емес. Міне, сол саналы құдыретті күш барша тіршілік иелерін азықтандырады, өмір сүруге қажетті нәрсемен қамтамасыз етеді.

Егер ақылға салып қарасаңыз, азығын арқалап жүрген еш жануардың, аң-құстың жоқтығын көреміз. Тіпті, аяқ-қолы жоқ жылан да азығын тауып жейді. Ал сонда саналы адамдардың кедейлік қамытын киіп, ішер асқа, киер киімге жарымай жүретіні неліктен? Жер жүзінде бүгінде 1,5 миллиард адам аштықтың тауқыметін тартуда. Ал оның есесіне ат төбеліндей аз ғана алпауыт барлық байлықтың басым бөлігін қолдарына ұстап отыр. Бұның себебі неде?

«Секрет» фильмінің авторы Кеңістік біздің барлық тілегімізді орындайтын «Алладинннің сиқырлы шамы» фильміндегі жын сияқты дегенді айтады. Тілектің орындалуының, яғни мақсатқа жетудің үш қадамы бар екен. Бірінші, біз Кеңістіктен «маған мынаны бер» деп сұраймыз. Кеңістік әрдайым Алладиннің сиқырлы шамының кейіпкері сияқты «құп болады» деп жауап қатады. Бірінші, екінші қадам әрдайым айна қатесіз осылай қайталанып отырады.

Содан кейін негізгі үшінші қадам жасалуы тиіс. Ол біз тараптан болады. Біз Кеңістіктің бергенін алуға лайықты дәрежеде болуымыз шарт. Міне, осы үш қадам жасалғанда ғана тілегіміз орындалмақ. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі бірінші және екінші қадаммен шектеледі де, үшінші қадамды жасамайды. Осының салдарынан олардың тілектері, яғни мақсаттары орындалмай жатады.

Мақсатыңызға жетуге лайықты болу деген не?

Мәселен, сіз судья болғыңыз келсе, онда заңгерлік жоғары біліміңіз және оған қоса осы салада қызмет еткен тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз болуы қажет. Олай болмаған жағдайда сіз ешқашан судья бола алмайсыз. Адамдарды алдап, жалған дипломмен судьялық қызметке орналастыңыз делік. Бірақ көп ұзамай жұмыс барысында сіз өзіңіздің бұл салада білім-біліктілігіңіздің жоқтығын көрсетіп, қызметтен кетуге мәжбүр боласыз.

Адамдарды алдап, менің бұл қолымнан келеді деуге болады, бірақ сіз Кеңістікті алдай алмайсыз. Ол сіздің тілеген тілегіңізге лайықсыз ба, жоқ па, оны айтпай-ақ біледі. Мәселен, сіз бай болу үшін мінез-құлқыңыз, өмірлік ұстанымыңыз соған лайықты болуы шарт. Әр тиынын санап, қалтырап отыратын сараң немесе ақшасын орынсыз шашатын ысырапшыл, өзіне сенбей, әрнәрсеге күмәнмен қарайтын психологиялық жағынан әлжуаз адам бай болуға лайық па? Сіз бай болу үшін бойыңызда дәулетті адамға тән қасиеттер орнығуы тиіс. Сонда ғана Кеңістік сіздің тілегіңіздің орындалуына мүмкіндік ашады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика