Баспаналы болудың ең тиімді тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

кооператив«Үйің болмай, күйің болмайды» деген халық даналығының растығын өмірде бастарынан өткеріп жүрген жандар аз емес. Пәтер жалдап, жалақысының қомақты бөлігін әлдекімге ай сайын беріп тұратындардың басты арманы – өз баспанасына қол жеткізу екендігі айтпаса да түсінікті. Дегенмен, қазіргі жалақы деңгейі, пәтер бағасы ол мақсатты қол жетпес қиялға айналдырып жатады.

Ипотека дегеніңіз – бүгін алған ақшаңызды еселеп банкке қайтару

Бүгінгі күні баспана алудың халық арасына кең таралған негізгі екі тәсілі бар: 1 тәсіл – жиған-терген ақшаңды салып қолжетімді пәтер немесе үй сатып алу; 2 тәсіл: аздап ақша жинап, қалғанын банктен ипотека түрінде несие алып үй сатып алу.

Жұрттың көбінің жиған ақшасы болмағандықтан, көбіне екінші тәсілге иек артып, банктерден несие алып жатады. Егер «Тұрғынүй жинақ банкі» арқылы ақша жинасаңыз, онда сол банктен өсім пайызы төмендеу несие алуыңызға болады. Дегенмен, бұл банкте де бәсеке өте жоғары, сондықтан жиған-терген ақшаңызды салып, екінші деңгейлі банктердің бірінен ипотекалық кредит алғаннан басқа амал жоқ.

Бүгінге дейін ипотекалық кредит пайызы 14 пайыз болған еді. Бұның қанша екендігіне көз жеткізу үшін өз басымнан кешкен мына жайды назарыңызға ұсынсам, түсінікті болар. Мен 2010 жылы сол кездегі бағамен Көкшетаудан 19 мың долларға пәтер сатып алдым. Оның 30 пайызын, яғни 7 мыңын қожайынға өз қалтамнан төлеп, қалған 12 мыңын банктен несие алып бердім. 10 жылға 14 пайызбен есептегенде 12 мың долларды мен 23 мың етіп қайтардым. Яғни, екі есеге жуық артық төледім.

14 пайыз дегеніңіз он, жиырма жыл мерзімге созғанда екі, екі жарым есе болып алғашқы сомадан асып түседі. Сөйтіп, амалсыз банктерге қып-қызыл жем боласыз. Сонда не істемек керек?

2 пайыз өсіммен 10 жылға берілетін қарыз

Таяуда Елбасының бес бастамасы туралы мәлімдемесі жарияланды. Онда банктерге 7 пайыз өсіммен 25 жылға баспана алуға несие беру туралы айтылады. Дегенмен, есептеп қарасаңыз  7 пайыз дегенің де 25 жылда қалтаға салмақ түсетін деңгейге дейін жоғарылайды екен. Яғни, табысы төмен адам үшін ол да қалтаға салмақ түсіретін қадам.

Таяуда мен бір кісімен танысқан едім. Астанада тұрады. Ресейлік бір компания ашқан жоба бойынша  тұрғын үй кооперативіне қатысып, Астанадан пәтер сатып алыпты. Енді сол кооператив туралы айтып, соған жұртты тартып жүр екен.

Бест-вей деп аталатын бұл жоба туралы интернеттен біраз ақпараттар алып, таныстым. 1998 жылдан бері нарықта табысты жұмыс жасап келе жатқан «Гермес» компаниясының қожайыны Роман Василенко деген кәсіпкер құрылтайшысы болып отырған бест-вей бағдарламасы шынында назар аударуға тұрарлық. Егер сіз алатын пәтеріңіздің құнының 35 пайызын төлесеңіз, онда 10 жыл мерзімге жылына 2 пайыз өсіммен кооперативтен қарыз алып, баспаналы боласыз.

Мен бағдарламаның ұңғыл-шұңғылын оқып, танысқанымда тек 35 пайызды төлеумен бірге, кооперативке мүше ретінде тіркелу үшін беретін (егер пәтер құны 7,5 млн. теңгеден төмен болса – 1020 евро, одан жоғары болса – 2040 евро) жарнадан басқа заңгерге төлейтін және ай сайын 10 мың теңге көлемінде колперативке беріп тұратын жарна сияқты қосымша шығындардың бар екендігін де білдім. Дегенмен, сол шығындардың бәрін қосқанда сіз 10 жыл ішінде баспанаңыз үшін төлейтін ақша – бүгінгі 14 немесе президент бастамасына сай 7 пайыздық өсіммен салыстырғанда әлдеқайда төмен болып шығады. Яғни, бұл табысы төмен қарапайым адамдар үшін ең тиімді баспаналы болу тәсілі екен.

Бест-вей жобасы, тұрғын үй кооперативі туралы толымды ақпараттарды мына сілтеме бойынша алуыңызға болады: http://kalkoz.bget.ru/2018/04/09/baspanaly-boludy%d2%a3-e%d2%a3-tiimdi-zholy/#more-21

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика