Білімді қалай алуға болады?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

тәубеМұсылманның қырық парызы болса, соның бірі – ілім-білім үйрену. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейді халық даналығы. Білімсіз мына фәни жалғанда өмір сүру қиын және тіпті мүмкін де емес. Сіз тамағыңызды асырау үшін де білім керек, яғни белгілі бір мамандықты игеріп, сол арқылы жұмыс істеуіңіз шарт.
Тәңірі Будданың «жүрек арқылы берілетін білімге – таңдаулылар ие болады, ал көз арқылы берілетін білім – қарапайым көпшілікке арналған» деген сөзі бар. Осылайша данышпан Будда білімді екіге бөледі: жүрек арлықы келетін білім және көз, яғни сезім органдары арқылы алынатын білім.

Көз арқылы келетін білім.

Бүгінгі біздің қоғамымызда 99,9 пайыз білім сезім органдары арқылы алынады. Тек бірлі-жарым әулие адамдар ғана жүрек арқылы берілетін ілімге ие. Енді осы білімнің екі түріне толығырақ тоқталайық. Көз арқылы, яғни сезім органдары арқылы берілетін білім бізді мына фәни дүниеде түрлі мамандықтар алып, сол арқылы күнкөруімізге жағдай жасайды.

Мектеп табалдырығын аттаған бала білімді сезім органдары арқылы алып, меңгереді. Ол білім адамдардың көрген, түйгендеріне, тәжірибесіне негізделген. Ғалымдар өздері көріп, көкіректеріне түйген жайлар туралы айтып, жазады, ал басқалар соны ақиқат деп қабылдайды. Сезім органдары арқылы алынатын ілім осылай беріліп, адамдар оны сезім органдары арқылы қабылдайды.
Бұл білім бізге толық білім сияқты сезілгенмен, шындығында ол ешқашан ақиқатты толық ұғынуға көмектесе алмайды. Неге десеңіз, адамдардың білім алатын сезім органдарының өзі жетілмеген. Мәселен, сіз он, жүз шақырым жердегіні көріп, ести аласыз ба? Егер түнде электр жарығы өшіп қалса, айналаңыз қараңғылық құшағына енеді, ештеңе көре алмайсыз. Бұл сіздің сезім органдарыңыздың белгілі бір жиілікте, өлшемде ғана жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Яғни, сезім органдарыңыздың таным қабілеті шектеулі.
Осындай шектеулі сезім органдары арқылы толық білім алуға бола ма? Жоқ. Сондықтан, көз арқылы алынатын білім уақыт өткен сайын ұдайы өзгеріп отырмақ. Мәселен, бұрын біз жерді жалпақ деп санасақ, қазір оны домалақ шар сияқты деп түсіндіреміз. Осыдан 30-40 жыл бұрын химия заттың ең ұсақ бөлшегі атом деп түсіндірді, ал қазір атомның өзі онан әрі түрлі ұсақ бөлшектерге бөлінетіні белгілі болып отыр.

Жүрек арқылы келетін білім қалай беріледі?

Білім алудың екінші түрі бүгінде бізге мүлдем дерлік белгісіз. Оны зерттеп, игрейік деп жатқан да ешкім жоқ. Бұндай білімге тек дін жолын ұстанған бірлі-жарым адамдар ғана қызығушылық танытады. Мұндай білім қалай беріледі?
Егер сізді қараңғы бөлмеге енгізіп, осының ішіндегі заттарды қолыңызбен сипалап жүріп анықтаңыз десе, сіз қаншалықты дәл анықтай алар едіңіз. Бірқатар заттың не екендігін дәл тапқаныңызбен, көрмеген соң қателікке бой алдырарыңыз даусыз. Бұндай танымды көз арқылы білім алуға жатқызуға болады.
Ал енді сол қараңғы бөлменің терезесін ашып, жарық түсірді делік. Сіз бір-ақ сәтте бөлмедегі заттар туралы толық және ақиқат білім аласыз. Бұл – жүрек арқылы берілетін білім.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалаейкиссаламға Құран уахи, яғни аян түрінде түсті. Бұл – жүрек арқылы берілген білім болып табылады. Ол білім толық және еш дау туғызбайтын ақиқат. Дәстүрлі діндерде ақиқат ілімді меңгеруге арналған жолдар бар: иудей дінінде каббала, христиан дінінде – исихазм, мұсылман дінінде – суфизм деп аталатын жолдар жүрек арқылы білім беруге негізделген.

Барша адамға білім жолы ашық.

Осындай жүрек арқылы берілетін білімді дәстүрлі діндерді ұстанатын адамдар ұстазға қол тапсырып, сол ұстаздың көмегі арқылы игереді. Дегенмен, өз бетінше медитациямен айналыса жүріп ақиқат білімге қол жеткізетіндер де бар. Мәселен, бүгінде миллиондаған адамдар ұстанатын, бойларындағы дерттерінен айығып қана қоймай, өзгелерді емдеп жазып жүрген рэйки тәсілін ойлап тапқан Микао Усуи білімді көз арқалы емес, жүрек арқылы игерген.
Жапонның ұлы ойшылы рэйки сауықтыру тәсілінің авторы Микао Усуи туралы блогымызда бұрын жазған болатынбыз. Толық білімді осылай өз бетінше меңгерген адамдар тарихта сирек те болса кездеседі. Мұның өзі жүрек арқылы берілетін білімді игеруге барша адамдар үшін мүмкіндіктің барлығын айғақтайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика