Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

1991 жылға дейін біздер – бұрынғы КСРО аумағында тұратын халықтар, социалистік деп аталатын қоғамда өмір кештік. Оның бір жақсы жері – қазіргідей жұмыссыздық, шектен шыққан жемқорлық, тәнін ақшаға сататын жезөкшелік, шектен тыс кедейшілік деген болмайтын. «Байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деген ұстаныммен өмір кешті адамдар. Қазір біз өмір сүріп жатқан капиталистік қоғамның жақсы-жаман жақтарын әлі толық сезіне қоймасақ та, жағымсыз жақтарының көп екендігін анық түсініп үлгірдік.

Экономикалық кризис – капиталистік қоғамның ажырамас бөлшегі

Капиталистік қоғамдағы ұстамалы ауру сияқты бірнеше жылда бір рет қайталанатын, барша адамдарға материалдық жағынан да, психикалық жағынан да үлкен зардабын тигізетін осы қоғамның ешқашан жазылмайтын созылмалы ауруы – экономикалық-қаржылық дағдарыстар.

Соңғы экономикалық дағдарыс 2008-2009 жылдары болып, ол барша әлемді шарпыған болатын. Сол дағдарыстан  біраз елдер әлі күнге дейін толық шығып үлгірген жоқ. Міне, осындай кезеңде әлемді тағы бір үлкен дағдарыс құрсауына алғалы  төніп келе жатқанын экономистер, сарапшылар дабыл қағып айтуда. Дегенмен де, оны қарапайым жұртшылық әлі толық сезіне қойған жоқ.

Дағдарыстың мәні мынада – тойымды іблмейтін ашкөз адамдар бағаны шексіз көтере береді де, ол күндердің күнінде әлгі заттың шынайы құнынан ондаған, тіпті жүздеген есе асып түседі. Ондай шарықтаған қымбат дүниені сатып алуға екінің бірінің шамасы жете қоймайды, ал ол дүниенің иелері бағаны түсіргілері келмейді. Нарық заңы бойынша осыдан келіп,  ұсыныс көбейеді де, сұраныс азаяды. Нарық талабына сай, мұндай жағдайда зат иесі оның бағасын арзандатуы тиіс, бірақ ашкөздік санасын билеген адамдар оны азайтпай тастабандап ұстап тұрып алады. Халықтың ондай қымбат дүниені алуға шамалары келмейді де, жасанды тапшылық пайда болады. Ал тауарлары өтпеген өнім иелері шығынға белшеден батады. Бұл кереғарлық үлкен дағдарысқа ұрындырады.

Экономикалық және қаржылық дағдарыс – бұл ауру сияқты. Ауру адам ағзаларын жиналған лас заттардан тазартуға, сөйтіп қалыпты жұмыс істеуге ықпалын тигізеді. Сол сияқты экономикалық-қаржылық дағдарыс шектен тыс көтерілген бағаның салдарынан пайда болған сабынның көпіршігі сияқты бос қуысты жойып, бағаны шынайы деңгейге жеткізуге, осылай жасау арқылы экономиканың қалыпты және табиғи дамуына мүмкіндік жасауға көмегін тигізеді.

Бұл жолғы дағдары аса ауыр болады дейді сарапшылар

Соңғы айларда барша әлемді жайлап алған жұқпалы дерт – короновирус  кәсіпорындардың қалыпты жұмыс ырғағын бұзып, өнім өндіру көлемін күрт азайтты. Кәсіпорындар тоқтағандықтан, лажсыз еңбек демалысына кеткен жұмысшыларға аштан өлместей қаржылық көмек беру – мемлекеттердің қалталарына үлкен салмақ түсіруде.

Егер карантин бірнеше айға созылатын болса, онда міндетті түрде соның салдары түрінде экономикалық дағдарыс болмақ. Сарапшылардың пайымынша,  бұл жолғы дағдарыс бұрынғыларға қарағанда анағұрлым ауыр болатын түрі байқалады. Өйткені, қолдан жасалған жасанды баға арқылы пайда болған көпіршік көлемі өте үлкен. Ал ол жарылғанда оның зардабы ең алдымен кедей-кепшікке, орта дәулетті адамдарға тиетіні анық.

Кризистің белгісі мынау: ұсыныс көп те, сұраныс жоқ, соған орай баға ақырындап төмендей береді де, ол қазіргі өлшеммен алғанда су тегін дейтін деңгейге дейін жетеді. Осындай кезде ең алдымен, ертеңгі күнге арналған қоры жоқ кедейлер мен орта дәулеттілер қатты зардап шегетін болады. Олар қолдағы барларын түкке тұрғысыз бағаға сатып, аштан өлмеудің қамын жасайды. Ал қоры бар бай-бақуатты адамдар арзан бағаға жылжымайтын мүлік, өнім өндіретін бизнес нысандары, т.б. сатып алады да, кризистен байығын үстіне байып шығады.

Карантинге байланысты туындаған қиындықтарға орай, Қазақстанда қазірдің өзінде үлкен дағдарысың белгісі анық көріне бастады. Ол – бүгінгі күнмен ғана өмір кешкен халықтың кедей топтарының үкімет береді деген 42500 теңге үшін айқай-шу туғызып, соны аламыз деп денсаулығын қатерге төндіріп жанталасып жатқандығынан көрінеді.  Карантин болғанына бір ай толмай жатып осындай болғанда, ол екі-үш айға созылса не болмақ?

Жұқпаға байланысты жарияланған төтенше жағдай елімізде көптеген кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын тоқтатты. Осының нәтижесінде мемлекеттік бюджет миллиардтаған салық түрінде түсетін қаржыдан қағылды. Бұның салдары ертең уақытында жалақы мен зейнетақының берілмеуі, жаппай қысқартулар түрінде көрінері даусыз. Бұл жағдай дағдарыс соққысын ауырлата түсетіні сөзсіз.

Сонымен, барша әлем, оның ішінде біздің еліміз де үлкен экономикалық дағдарыс қарсаңында тұрған сияқты. Бұндай дағдарыстың бірнешеуін көріп үлгірген аға ұрпақ өкілдері оның қаншалықты зардабы болатынын жақсы біледі.  Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш, басымыз бүтін болсын деп тілейік. Дағдарысы жоқ социалистік қоғамнан өз еркімізбен безіп, капиталистік қоғамды құрып жатырмыз. Ал сол қоғамның жазылмас ұстамалы дертінің зардабын да ендеше баршамыз болып тартып отыруға тиіс боламыз. Тағдыр жолы – осындай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика