Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамның хайуаннан артықшылығы неде?  Егер ақыл таразысына салып қарайтын болсақ және бұл сауалға жалғыз ауыз сөзбен толық жауап береміз десек, онда адам хайуанға қарағанда ақылды деп айтарымыз анық. Иә, адамның шынында да хайуанмен салыстырғанда ақыл деңгейі жоғары. Бұл қандай жағдайдан көрініс тапқан? Енді осы мәселеге назар аударып көрелік.

Ақылдылық жайлы тұрмыста өмір сүру емес

Адамның хайуаннан ақылдылығы мына жағдайда анық көрініс табады: хайуан төрт нәрсемен айналысады және оның өмірі сол төрт нәрсемен шектелген. Олар: тамақтану, ұйықтау, шығылысу және қорғану. Кез-келген аң немесе хайуан күндіз-түні қарнын тойғызуды ойлайды. Таңертең өріске шыққан мал кешке дейін жанталаса жайылып, шөп жеумен болады. Ол басқа нәрсені ойламайды, басқа әрекет жасамайды. Рас, жылдың белгілі мерзімдерінде ара-тұра шағылысады, ұрпақ жалғастырады. Және бастарына қатер төнгенде шама-шарықтарынша қорғанады. Қарын тойдырудан бос уақыттарында ұйықтайды.

Егер зер салып қарасаңыз, адамдардың да көбі сол төрт шаруаны жасаумен өмірлерін өткізіп жататындығын бағамдайсыз. Ұйқы, тамақ, жыныстық жақындық және қорғану. Рас, адам бұл әрекеттерді хайуандарға қарағанда біршама жетілген түрде жасайды. Олар тамақты жайлы дастархан басында отырып, ыдыстан қасықпен жейді, сусынды түрлі ыдыстардан ішеді. Ұйықтағанда хайуан сияқты жерге жата қалмай, жұмсақ төсекте жатады, шағылысқанда аң сияқты кез-келген жерде емес, жұрт көзінен таса жайлы бөлмелерде, ақ төсекте жақындасады. Қорғанғанда хайуан немесе аң сияқты тісі мен аяғын ғана пайдаланбай, түрлі қаруларды және ақыл-айласын пайдаланып жатады. Бір айырма – осы ғана.

Егер адам өзіне Алла берген ақылын хайуан сияқты төрт түрлі әрекет жасауға ғана жұмсаса, оның хайуаннан артықшылығы қайда? Адам сол ақылын өзін өзі жетілдіруге, рухани дамуға, өмірінің мәнін түйсініп, Жаратқанды тануға жұмсап жатса, хайуаннан ақылының жоғарылығы содан көрінбей ме?

Адамды ақылсыздыққа итермелейтін қоғам

Қазіргі ақша билеген нарықтық қоғам адамның күндіз-түні жанталасып жұмыс істеп, ақша табуына, басқа нәрселерді ойлап, өмірінің  мәнін ұғынуына жол бермей жататынын  қай-қайсымыз да көріп, куәсі болып жүрміз. Таңертең ерте тұрып, пәлен шақырым жол жүріп жұмысқа баратын пенде, кешке дейін өзге нәрсені ойлауға мұршасы болмай жұмыс істейді. Кешке үйіне келген соң демалу үшін теледидар көреді немесе мейрамханаларға барып, арақ-шарап ішіп көңіл көтереді. Содан түн ортасына қарай төсегіне жатады. Таңертең тағы да аласұрған сол күйбең тірлік жалғасады. Осылай жанталасумен өмірін өткізген пенденің өзінің кім екендігін, не үшін тірлік кешетінін ойлап, рухани жағынан дамып, жетілуіне мұршасы келмейді.

Қазіргі қоғам адамдарды осылайша, жанталасумен ойсыз өмір кешуге еріксіз мәжбүрлеуде. Жалақым өссе, еңсемді көтеріп, еркін өмір сүрер едім деп ойлайтын адам жалақысы сәл өскен сәтте, бағаның одан да қымбаттайтынын, осылайша, тапқан табысы ешқашан жетпей, тапшылықпен күн кешетінін қаперіне алмайды.

Мына қарапайым ақиқатқа назар аударыңыз: Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері егер өндірілген игілік әділетті түрде барша адамға тең бөлінетін болса, бай-кедей, тапшылық, жоқшылық деген ұғымдар мүлдем жойылар еді. Ал ол кезде адам баласы дәл қазіргідей ешқашан тоқтамайтын үнемі өсіп отыратын бағаны қуып,  ақша үшін жанталасып бар өмірін өткізбес еді. Ол кезде адам белгілі бір уақыт жұмыс істеген соң, қалған уақытын өзін өзі жетілдіруге арнап, интелектуалдық, рухани жағынан дамуға мүмкіндік алар еді. Яғни, қазіргі ақша билеген нарық қоғамы адам баласын ешқашан еңсе көтеріп, өзін нағыз АДАМ ретінде сезінуіне  мүмкіндік бермейді. Бұл қарапайым ақиқатты жұрттың бәрі жақсы біледі, бірақ оны өзгертуге дәрменсіз.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика