Бізге жағымды көрінгеннің бәрі жақсы емес

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Жақсы мен жаманды айыра білу адамды өмірде кездесетін көп қиындықтар мен қателіктерден қорғайды. Өкінішке орай, көп адамдар жақсы мен жаманды айырмайды. Шындығында олардың жақсы деп жүргені жаман, керісінше жаман деп жүргенінің жақсылық әкелетінін зердесі бар адам ғана ұғынады.

Жақсы деген менене, жаман деген немене?

Бала кезімізде белгілі ақынның осындай тақырыппен жазған тақпағын оқығанымыз бар. Бірақ, шындығында жақсы мен жаман деп жүргеніміздің астарында басқаша сыр жататынын көбіміз біле қоймаймыз. Мәселен, бізге жақсы болып көрінген нәрсенің жамандығы, керісінше жаман көрінген нәрсенің жақсылығы болады.

Қандай адамның ауырысы келеді? Сіз сұрау салып көріңізші, ауруды жақсы деп санайтын пенде бар ма? Жоқ. Бізге жаман болып көрінетін осы аурудың шындығында үлкен жақсылығы барлығын жұрттың көбі түйсінбейді. Ауру дегеніміз, бұл тәніміздің ырғақтылығының бұзылуы, ағзаларымыздың түрлі залалды нәрселерге қарсы күресі, жинақталған күнәмізден тазарудың жолы.

Менің асқазаным арақты қабылдамайтын, Арақ ішсем, қатты ауыратынмын. Мен мұны ағзаларымның әлсіздігінен деп түсіндім. Ал таныс жігіт арақты суша сіміретін, бірақ ауру дегенді білмейтін. Ақыры не болды дейсіз бе? Мен ауру әкелетін арақты мүлдем тастадым, ал танысым маскүнем болып кетті.

Біз жақсы санайтындардың астарындағы жағымсыз жайлар.

Сол сияқты мансап, байлық, атақ-даңқ, зинақорлық – бәрінде де зер сала қарасаңыз жамандықтар барлығын аңғарасыз. Олардың бәрін көбіміз мына фәнидің қызықтары, сондықтан жақсы деп түсінеміз.

Бұрын жақсы араласып жүрген ақкөңіл жігіттің қызметі өсіп, бастық болды. Сол-ақ екен, әлгі күрт өзгеріп сала берді. Енді ол бұрын араласқан дос-жарлардан бойын аулақ ұстап, қарамағындағыларға әкіреңдей сөйлетін, қытымыр бастыққа айналды. Оның мінезіндегі осы өзгерістер оны бұрын араласқан дос-жарандарынан ажыратып, жалғыз қалдырды. Онымен кездескенде жәй амандасқанымыз болмаса, бұрынғыдай емен-жарқын сөйлеспейтін болдық және оны үнемі қабағынан қар жауып, түйіліп жүретінін көремін.

Бір таныс қалталы кәсіпкердің меншігінде баспаханасы, басқа да біраз игіліктері бар. Қарамағында жүздеген адам жұмыс жасайды. Ол осы бизнеспен айналысқалы бері бір де бір рет демалмапты. Бар демалысы жаз айларында өзенге барып, бірер сағат балық аулайды екен. Қалған уақытын күндіз-түні бизнеске арнайды. Ақыл-ойын түгел бизнес билеген ол адамдармен адам сияқты түрлі тақырыпта әзіл-қалжың айтып әңгімелесе де алмайды.

Жасы жетпістен асса да зинақорлықпен айналысатын бір кісіні білемін. Өмір бойы зина жасап келе жатқанын мақтанышпен айтатын әлгінің әңгімесі түгел зинақорлық төңірегінде. Қызығы сол, ол өте ашуланшақ, дөрекі, ә десе мә деп жұдырық ала жүгіруге даяр тұрады. Жасына жараспайтын осындай қылықты ақсақалды жақсы білетіндер одан бойларын аулақ салып жүруге тырысады.

Тәнімді аурудан, өмірімді қиындықтан айырма…

Ертеде өмір кешкен сопылық ағымның бір танымал тұлғасының «Е, Алла, тәнімді аурудан, өмірімді қиындықтан айырма» деп тілеген дұғасы бар. Қарапайым пенде үшін Алладан осындай тілек тілеу ақылға сиымсыз болып көрінері анық. Егер зер сала қарайтын болсақ, оның астарында үлкен сырдың жатқанын бағамдаймыз.

Мәселен, жоғарыда айтқанымызда, мансап, байлық, зинақорлық сияқты фәни жалғанның қызықтарының ешқайсы шын мәнінде адамға игілік әкелмейді, керісінше өмірін қиындатып, адамдарға жеккөрінішті көрсетеді. Қарапайым адамдардың көбі неге басшыларды жеккөреді? Әңгімелесе қалсаң, жұрттың көбі басшыларды жерден алып, жерге салып жатады.
Сол сияқты байларға да жұртшылықтың сонша байлықты ұрлап немесе заңсыз жолмен тапқан сияқты көріп күмәнмен қарайтыны рас. Бай мен кедейдің емен-жарқын араласуы да мүмкін емес.

Бұл дүниенің игіліктерінің бәрі бізді мына фәнидің қызықтарына байлап, соған тәуелді етеді. Лев Толстойдың «Үш қаза» деген әңгімесін оқыдыңыз ба? Сонда байдың әйелінің жан тапсыруы қаншалықты ауыр болса, ат айдаушы шалдың ешкімге салмағын салмай бір бұрышта жатып, оңай жан тапсыратыны бар.

Бай немесе биік мансапқа ие адам үнемі байлығынан немесе мансабынан айрылып қалардай қорқынышта жүреді және соны үнемі ойлайтындықтан, түптің түбінде шындығында одан айрылады. Бұл оған үлкен соққы әкелетіні анық. Ал ондай игілігі жоқ пенденің еш қорқынышсыз өмір сүретіндігі белгілі.

Осылардан не түюге болады? Фәни жалғанның игіліктеріне жетемін деп бар күш-қуатыңыз бен уақытыңызды сарып қылмаңыз, Алланың бергеніне қанағат тұтыңыз, дегенмен адал еңбек етіп, бақуатты болуға, Алланың еркімен мансапқа қол жеткізе қалсаңыз оған байланбай, қарапайымдылығыңыз бен кішіпейілдігіңізді сақтап, адамдармен дұрыс қарым-қатынаста өмір сүруге болады. Сонда екі дүниенің де игілігін табасыз…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама

"Ақиқат" сайтының Кітап дүкенінен әдеби, танымдық қызықты кітаптар ала аласыз. Ол кітаптардан сіз көптеген пайдалы ақпараттар тауып, оны нақты өмір тәжірибеңізге қолдануыңызға болады. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз: https://akikat01.com/kitap-d%d2%afkeni/

Яндекс.Метрика