Болашақтан таңғажайып бақыт күтетіндердің баяны

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ағылшынның ұлы жазушысы Уильям Шекспир соңында мол әдеби мұра ғана емес, ұрпаққа үлгі болар даналық сөздер қалдырған тарихи тұлға. Шекспирдің мынадай даналық сөзі бар: «Мен әрдайым қуанышты, бақытты күйде жүремін, өйткені мен ертеңгі күннен таңғажайып бақыт күтпеймін». Енді данышпанның осы сөзінің мәніне назар аударып, талдап көрелік. Өйткені, оны түсіну өмірімізді өзгертіп, биік мақсаттарға жетуімізге үлкен ықпалын тигізетін болады.

Болашақ бүгіннен басталады

Адамдардың басым көпшілігі еш себепсіз және негізсіз ертеңгі күннен белгісіз бір бақыт пен игілікті күтіп, соған орай бүгінгі күнін еш әрекет етпей босқа өткізіп жатады. Шындығында, ақиқат мынадай: ертеңгі күніңіздің қалай болмағы, бүгінгі күні нақты қандай әрекет жасауыңызға тікелей байланысты. Әрнәрсенің міндетті түрден себебі болады да, сол себеп белгілі бір салдарға жеткізеді. Яғни, бұны «себеп-салдар» заңы десек болады.

Мен жастау кезімде көптеген мүмкіндіктерді жіберіп алдым. Қазір ойлап қарасам, соның бәріне «ертең Құдай өзі бәрін бере салады, бақыт құсы басыма қонады» деген тұманды қияли көзқарас әсерін тигізіпті. Шынын айтқанда, мен болашақтан таңғажайып өзгерістер мен жағымды жаңалықтар күтетінмін. Және сондай еш негізсіз үміттің жетегінде көп өмірімді босқа өткіздім.

Мәселен, Алматыда сырттай оқып жүрген кезімде бір құрылыс мекемесінде жұмыс істедім. Біраз шыдамдылық танытқанымда сол мекемеден пәтер алуыма болатын еді. Бірақ мен былай ойладым: «енді бірнеше жылдан соң университетті бітіремін, жолдамамен бір жаққа барып жұмысі стеймін, үй де, қызмет те, бәрі болады». Содан кейін басқа бір мекеменің басшысы бізге аздап ақша салып, жаңадан салынған кооперативтік үйді сатып алыңдар» деп ұсыныс жасады. Менде сондай ақша да болды, бірақ жоғарыда айтқан арман-қиял бұндай мүмкіндікті пайдалануға жібермеді.

Кейін оқу бітірген соң жолдамамен ауылдық жерге барып мектепте бір жыл жұмыс істедім. Үй берген жоқ және шалғай ауыл маған ұнамады. Содан кейін журналистика саласына ауысып, аудандық газетке жұмысқа тұрдым. Бұнда да үй бермеді. Алматыға қайта оралып, республикалық бір басылымға қызметке кірдім. Бұнда да баспана мәселесі шешілмеді. Осылайша, бір кезде өзімнің болашақ туралды ойлаған арман-қиялдарымның бәрі адыра қалды.

Кейінірек, діни пәлсапамен айналыса бастаған тұста мен мынадай ақиқатқа көз жеткіздім: «әр адам болашағын өзі жасайды, болашақ бүгінгі күні жасаған нақты әрекетіңе тікелей байланысты болады, ертеңгі күннен таңғажайып бақыт күту – ЕСУАСТЫҚ және АҢҒАЛДЫҚ.  Өкінішке орай, бүгінде адамдардың басым көпшілігі жас кезімдегі мен сияқты қазіргі мүмкіндіктерге назар аудармай, бәрін болашақтан күтіп, уақыттарын текке өткізуде.

Бәрі өзіңе байланысты

Болашақтан бақыт күту – уақыт пен мүмкіндікті жоғалтуға ғана емес, сонымен бірге, жүйкеңді жұқартып, стресс, депрессия деген дерттерге ұрынуға да әсерін тигізеді. Себебі еш негізсіз ертеңгі күннен ғажайып бақыт пен өзгеріс күтетін пенде үшін ондай кездейсоқ бақ құсының басына қонбауы тағдырдың қатыгездігі болып қабылданады. Ол «мен сондай бақытқа лайықтымын ба, соған жетуге еңбегім сіңді ме, сол үшін не істедім?» деп өзінен өзі сұрамайды.

Шындығында, болашағымыздың қандай болмағы – тікелей өзімізге, өзіміздің жасаған нақты іс-әрекеттерімізге байланысты. Шекспирдің бақытты сезініп, қуанышты тірлік кешуінің себебі де дәл осында. Ол ертеңгі күннен еш ғажайып күтпей, бүгінгі күні атқарған ісінің нақты жемісін ғана күтумен күн кешкен. Сондықтан да ол өндіре жұмыс істеп, соңына мол мұра қалдырды және әрдайым көңілді, қуанышты жағдайда өмір сүрді. Міне, жоғарыда айтылған данышпанның сөзінің терең мәні дәл осында.

Ал бұны білеу сізге не береді? Өте көп нәрсе береді. Ең алдымен, өмірге шынайы көзқараспен қарап үйренесіз. Болашағыңыздың өз қолыңызда екенін, ертеңгі жетістік бүгінгі нақты еңбектің жемісі екенін шүбәсіз түсінесіз. Бұл түсінік сізді нақты істерге итермелейді. Ал нақты әрекет жасау, ертеңгі болашағыңызды өз қолыңызбен құрумен бірдей. Яғни, сіз көкте қиял-арманмен қалықтап, уақытыңызды босқа өткізбей, нақты әрекеттер жасай жүріп, ертеңгі бақытыңызды өз қолыызбен жасауды үйренесіз.

Жетістікке жетудің бар КІЛТІ осы. Осындай кілтке ие болған адам міндетті түрде өмірін өзгертіп, ойына алған арман-мақсаттарына жететін болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика