Болашақта адамзатты не күтіп тұр?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

maxresdefaultӨткеніміз естелік болып жадымызда сақталып қалғанымен,  алдағы күнде не күтіп тұрғаны біз үшін жұмбақ. Әрбір пенде ертең өзін не күтіп тұрғанын, болашақта қандай жетістіктерге жететінің білуге ынталы. Сондай-ақ, өзіміз өмір сүріп жатқан мемлекеттің, жалпы адамзаттың ертеңгі болашағының қандай болатынын білу де баршамыз үшін маңызды екендігі даусыз. Дегенмен, болашақты тұмшалап, бізге көрсетпей тұрған уақыт пердесін түріп, ертеңгі күнде не боларын білу екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт.

Көріпкелдік – жәй қиыл ма, әлде ғылымға беймәлім құбылыс па?

Материалистік ғылым болашақты болжаудың мүмкіндігін түгел теріске шығарып, өмір кездейсоқ дамиды және оның қай бағытқа бет алғанын ешкім, ешқашан болжамдай алмайды деп түсіндіреді. Қасиетті Құранда бал ашып, болашақты болжау күнә екендігі анық жазылған. Десе де, бұның бәрі адамдардың ертеңгі болашақтарын білсек деген ынта-ықыласын кеміте алған жоқ.

Адамдарда қызығушылық бар екен, оны қанағаттандыруға деген талпыныс та болатыны анық. Өздерінің тұрақты жері, елі жоқ көшіп-қонып ел кезіп жүретін сығандар арасында бал ашып, болашақты болжайтындар жиі кездеседі. Олардың айтқандарына сеніп, ақшаларын беріп жататындар да бар. Қарапайым адамдардың ішінде де картамен, құмалақпен, тіпті кофемен бал ашып, болашақты болжайтындар жоқ емес.

Осындай көріпкелдердің көбі оңай жолмен ақша тапқысы келіп жүрген алаяқтар десек, шындықтан алыс кетпейміз. Дегенмен, олардың арасында бірлі-жарым ертеңгі күнді болжай алатын табиғат берген таланттары бар шын көріпкелдер де кездеседі.

Нострдамус не дейді?

16 ғасырда Францияда өмір кешкен Мишель Нострдамус деген оқымысты өз заманында болатын оқиғаларды дәл басып болжаумен аты шығыпты. Тіпті, ол сол кезде өмір сүрген Франция короліне ажалының қашан және неден болатынын да дәл болжап айтыпты деген әңгіме бар.

Нострдамустың атын шығарған өз заманындағы ел басшыларына жасаған дәл келген болжамдары емес, төрт жолды өлең түрінде жазылған болашақты болжауға арналған көріпкелдік кітабы. Кітап құпия тілмен жазылғандықтан, оның астарын екінің бірі түсіне қоймайды. Содан болар, оқиғалар өтіп кеткен соң Нострдамус былай деп айтқан, оның болжамы былайша дәл келді деп жазып жататындар көп. Ал кітаптағы айтылғандарды өздерінше жорып, болашақта не болатынын болжамдауға талпынатындар да бар. Енді солардың пікірлеріне назар аударып көрелік.

Нострдамустың болжамынша адамзат тарихы күрт өзгеретін кезең жақындап келеді. Ол «вестник», яғни Хабаршы деп атаған жер бетін күнакарлардан тазартып, иманды қоғам орнататын, адамзат баласын алтын ғасырға жеткізетін құтқарушы 21-ші ғасырда келмек. Оның дәл қай жылдар екендігін Нострдамустың кітабын шифрлаушылар әртүрлі айтып жатады. Ортақ нәрсе мынау: адамзат баласы әбден азғындап, күнакарлық құрдымына құлаған уақытта келетін құтқарушы күнакарларды аяусыз жазалап, жер бетін олардан тазартады және қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын алтын ғасырды орнатады. Ол заманда кедей-бай деген болмайды, барша адам теңдікте, молшылықта өмір кешеді және адам өмірі 500-600 жылға дейін ұзарады. Аурулар мен мүгедектер болмайды. Бір сөзбен айтқанда, нағыз Алтын ғасыр орнамақ. Бұның қаншалықты шындыққа жататынын уақыт көрсетеді деген ойдамыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика