Өткен ғасырда газет-жорнал ақпарат таратудың ең пәрменді және негізгі құралы болған еді. Содан кейін телевидение келді. Көгілдір экран аталған телевидение ақырындап газет-жорланды екінші орынға ысыра бастады. Ал интернеттің келуі телевидениені де, қағаз газетті де ақпарат тарату құралы ретінде кейінге ысырды. Бүгінгі күні газет ақпарат тарату құралы болып қала ма, жоқ па деген мәселе алдымыздан шығып тұр.
Мен 1988 жылы аудандық газетке тілші болып журналистика саласындағы еңбек жолымды бастаған едім. Сол тұста орыс және қазақ тілінде шығатын «Дала таңы», «Степная заря» аталатын газеттерде жиырмадан астам адам еңбек етті. Редактордың екі орынбасары, секретариат және үш бөлім болды. Газет аптасына үш рет шығатын. Қазақ газетінің таралымы 1,5 мыңдай болса, орыс тілінде шығатын газет 4-5 мыңның көлемінде таралды. Халқының саны 20 мыңға жетпейтін шағын аудан үшін бұл биік көрсеткіш болатын.
(далее…)








