Архив рубрики ‘Әлеумет’

Жыл сайын қазан айының 1-і  қарттар күні ретінде аталып өтіп, қазан айы түгелдей қарттар айлығы болып өткізіліп жүр. «Қариясы бар ел – қазыналы ел» дейді қазақ. Ақылы кең – қазына іспетті қариялар елдің байлығы саналып, қазақ ертеден жасы үлкенді құрметтеп, сыйлауды, ақылын тыңдауды санаға сіңірген халық. Дегенмен де, сол ежелден санамызға сіңген, қанымызға дарығын қарттарды сыйлау, олардың ақыл-кеңесін тыңдау, үлкеннен ұлағат алу  сияқты жақсы дәстүрімізден бүгінде қол үзіп барамыз.

Алдыңғы арба қай жолмен жүрсе, соңғы арба сол жолмен жүреді

Қазақтың осы даналық нақылының ақиқаттығын дәлелдейтін жайлар өмірде өте көп кездеседі. Кеңес заманында арақ-шарап ішіп, құдайсыз дінсіз күн кешкен аға ұрпақ өкілдері жастарға жақсы істерімен үлгі-өнеге көрсетудің орнына, егде жасқа келгенше  теріс әрекет жасап, өздерін жаман қырынан танытып жатыр. «Үлкеннен ұлағат кетсе, кішіден ізет кетеді» дейді халық. Үлкеннен ұлағатты іс көрмеген жас ұрпақ  содан кейін қарияларды қалай сыйламақ.

(далее…)

Магнумның курьерінің клиентке қазақ тілінде сөйле дегені үшін жұмысынан қуып шыққан компания басшылығы халық байкот жариялап, бір аптадай сауда орталығына ешкім бармай шығынға бата бастаған кезде амалсыз әлгі курьер жігітті жұмысқа қайта алып, сонымен  істі бітті деп қойғандай еді. Дегенмен де, іс бұнымен біте қоймаған сияқты. Әлеуметтік желілерде бірқатар ірі қалалардағы Магнумның сауда үйлерінде әлі де сатып алушылардың аздығы, байкоттың жалғасып жатқандығы айтылып, видеолар жариялануда.

Қазақстанның көптеген ірі қалаларында сауда орталықтары бар Магнум компаниясы басшылығы егер де қаржы жағдайын төмендетіп алмауды ойласа, сатып алушылардың басым бөлігі болып отырған қазақ тілді қазақтардың көңілін табуға тырысуы қажет-ақ еді. Компания акциясының 40 пайызын иемденген, кәсіпорынның  негізін қалаушы Гарбер мен 35 пайыз акцияны иеленіп отырған белгілі олигарх Ким, ал қалған акциялар бірнеше акционердің қолында. Яғни, компанияның негізгі қожайындары Гарбер мен Ким десе болады. Бизнес саласында мол тәжірибесі бар олардың өз компанияларына жұртшылықтың байкот жариялап, мүлдем бармай қоюына алаңдамаулары таңғалдырады. Компания басшыларының байкот қалталарына салмақ түсіріп, шығынға батырып жатса да,  мәселені шешуге әрекет жасамауы неліктен. Рас, мүлдем әрекет жасамады деуге болмайды,  белгілі бір әрекеттерді жасап жатыр, дегенмен де, ол әрекеттердің анау айтқандай жақсы нәтиже  әкелетініне сенім аз.

(далее…)

Астана мен Алматыны былай қойғанда, еліміздегі ірі шахарлардың бәрінде дерлік филиалдары бар аса ірі сауда орталықтарының бірі саналатын Магнумның басына қара бұлт үйірілді. Қазақстан халқының 70 пайызын құрайтын қазақтар Магнумға байкот жариялады. Соңғы бірнеше күн ішінде алып сауда орталығы қаңырап қалды. Бұрын ағыл-тегіл келіп  жататын адамдар легі сап тиылып, азық-түлік өнімдерінің мерзімі өтіп, орталық иелері шығынға бату қаупі төнді.

Магнумға қазақтар неге байкот жариялады? Оның астарында елімізде соңғы жылдарда көбейіп кеткен тілге байланысты мәселе тұр. Магнумда курьер болып істейтін бір қазақ жігіті азық-түлікке тапсырыс берген екінші қазақтың үйіне тапсырысын алып барады. Тапсырыс берген жігіт курьердің қазақ екенін көре тұра орысша сөйлейді. «Қазақша айта берсеңші, түсінеміз ғой» дейді оған курьер. Сол-ақ екен тапсырыс беруші шартпа-шұрт ашуланып, неге қазақша сөйлеймін деп өрекпиді. Курьер мен тапсырыс беруші осылайша тілге қатысты біршама сөзге келіп қалады. «Клиент всегда прав» деген қағиданы ұстанған тапсырыс беруші өзіне  қазақша сөйле деп  «дөрекілік» көрсеткен курьердің үстінен компанияға шағымданады. Компания басшылығы бір ауыз сөзге келместен, қазақша сөйле деп талап қойған курьерді жұмыстан ышғарып жібереді. Ол осы оқиға жайында өз пікірін айтып, әлеуметтік желіге салады. Оны қарапайым халық әп сәтте іліп әкетеді.

(далее…)

Көктем келе еліміздің әртүрлі аймақтарында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары қолға алынып, абыр-сабыр науқан басталады. Бұл жылда қайталанатын құбылыс. Көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алуға бюджеттен милиардтаған қаржы бөлінеді. Ол ақша өзен-көлдердің жағалауларын биіктетіп, су жайылу қаупі бар жерлерге құм толтырылған қаптармен бөгет орнату сияқты жұмыстарға жұмсалады.

Бұндай шаралардың су тасқыны қаупінің алдын алуға белгілі дәрежеде әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де, жыл сайын қыруар ақша бөліп, қысқа мерзімді науқандық жұмысқа сонша шығынданудың қанша жөні бар? Одан да, су тасқынына жол бермеудің ұзақ мерзімге арналған кешенді жоспарын жасап, неге соны жүзеге асырмасқа. Бүгінгі аға ұрпақ өкілдері жақсы біледі, кеңес заманында дәл сондай кешенді шаралар жүргізілетін. Соның нәтижесінде көктемде су тасқыны қаупі мүлдем дерлік болмайтын.

(далее…)

Машинаны 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң күшіне енгенде әлеуметтік желілерде жұртшылық арасында үлкен пікір туып, бұл мәселе қатты талқыға түскен еді.  Қырық жылдан астам уақыт жеке меншік машинасын пайдаланып жүрген бір танысым айтады, таңертең күн суықта машинаны қыздыру үшін кем дегенде 15-20 минут уақыт кетеді деп. Сонда осы заңды ойлап шығарушылар неменеге сүйеніп осындай  өлшем енгізген?

Халық арасында қатты талқыға түсіп, сын пікірлер туғызған бұл заңның күші жойылыпты. Билік басындағылар өз қателіктерін түсінді ме, әлде халықтың наразылығынан сескенді ме, кім білсін. Дегенмен де, осындай ақылға сиымсыз заңды жасаған билік басындағылардың ерсі әрекеті жұртшылықтың көңілінде үлкен кірбің қалдырды. Жалпы, елдің қамын жеп, халыққа қажетті заңдар дайындайды деп сенген депутаттар мен құзырлы орган өкілдерінің керісінше, халыққа қарсы әрекет ететін заңдар дайындайтыны бірінші рет болып отырған жай емес. Мәселен, қазір халық арасында теріс пікір туғызып отырған  сағат белдеулерін біркелкі етуге арналған заңды алып қаралық. Барша әлем елдері қалыптасқан географиялық белдеулер бойынша сағат өлшемімен жүреді. Ал біздің бір депутат айды аспанға шығарып, еліміздегі сағат белдеулерін біркелкі етсек, керемет болады деп ұсыныс жасайды. Оны өзі сияқты өмірден мүлдем аулақ, анау жетінші аспанның арғы жағында өмір кешіп жатқан  қалтасы қалың әріптестері бірауыздан қолдайды. Сөйтіп, еліміздегі баяғыдан қалыптасқан екі сағат белдеуі біріктіріліп, біркелкі етілді. Бұдан кім, не ұтты?

(далее…)

Егер ішкі істер органдарының деректеріне көз салсаңыз, елімізде жыл санап қылмыс көлемі артып барады. Қылмыстың қай түрі болмасын қарапайым пенделер үшін залалды, өйткені сол қылмыскерлерден жапа шегетіндер негізінен қарапайым жұртшылық. Бірақ, соңғы жылдарда алаяқтық, оның ішінде интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар мүлдем өршіп кетті. Ал одан зардап шегушілер қатары күн санап көбеюде.

Күні кеше әлеуметтік желіде алаяқтарға алданып, 1 млн теңгесінен айрылған имам туралы ақпарат таралды. Имам ба, молда ма, болмаса басқа салада істетін жан ба – кім болса да алаяқтың арбауына түсіп, ақшасынан айрылған зардап шегушінің материалдық жағынан ғана емес, моральдық-психологиялық жағынан да соққы алатыны анық. Тізтырнақтап жиған ақшасынан әп-сәтте айрылу кім кімге де оңай тимейтіні белгілі. Бұндай психологиялық соққы алған адамның ұзақ уақыт өзіне келе алмай жүретіні өз алдына, ол енді адамдарға деген сенімінен айрылады, әрбір жанға күдікпен қарайтын болады.

(далее…)

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі күні  алыс, жақын шет елдерде 195 мыңнан астам қазақстандық жұмыс істеп жүр екен. Олардың басым көпшілігі іргелес Ресейде болса, Польша, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания сияқты елдерде де  жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Жат елден бақыт іздеп кеткендер  онда бақыттарын тауып, бақуатты тірлік кешіп жатыр ма?

Қазақта «Пәлен жерде алтын бар дейді, барсаң бақыр да жоқ» деген сөз бар. Бұл нақылдың мәні бүгінгі күні де жойылған жоқ. Әлеуметтік желілерде шет ел асқан кейбір жерлестеріміздің қазіргі аста-төк өмірін баяндайтын видеолары жетерлік. Дегенмен де, олардың бәрін шындық деп қабылдап, сене беруге болмайды. Өйткені, әркім өзі шыққан төбесін мақтайтыны белгілі жай. Ал сол мадақтап жүрген  дамыған шет елдердегі өмір туралы шынайы баяндайтын видеолар да аз емес. Шет елге бара сала өзі жалдап тұрып жатқан пәтерін, сатып алған автокөлігін көрсетіп мақтанатындардың сөздеріне елігіп, қандай керемет деп таңдай қағатындар жоқ емес. Шет елге бақыт іздеп кететіндер қатарының жыл санап көбейіп бара жатқаны да сондай ақпараттардың салдарынан десек, артық айтқандық болмас. Ал шынайы ақпараттарды өкінішке орай, көп адамдар онша жылы қабылдай қоймайды. Ондайларды, тіпті жолы болмаған, соған орай бәріне сол елдегі жағдайды кіналаушы деп қарайтындар да бар.

(далее…)

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта қарау шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың көпшілігін активтері мен міндеттемелері туралы декларация беруден босату жоспарлануда. Бұл шамамен 8 млн. азаматты қамтиды. Қазіргі уақытта салық заңнамасын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

       Сонымен қатар, жеке тұлғалардың жекелеген санаттары үшін міндетті декларациялау сақталады, сонымен қатар ерікті декларациялау құқығы сақталады.        «Кіру» декларациясында 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер мен мүлік көрсетілетінін ескере отырып, декларацияны дұрыс ұсыну үшін мынадай әрекеттерді жүргізу ұсынылады:

     

(далее…)

2024 жылғы 12 желтоқсанында Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры өзінің жаңа бастамасын жариялады. Жосықсыз жұмыс берушілер тізімінің мақсаты – жұмыс берушінің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылауды күшейту. Еңбек кодексін бұзу жайттарын жария ету.

Реестрдің ережесі Қордың adildik.org.kz сайтына жүктелді.

Жұмысшының Еңбек кодексінің 22-бабында қарастырылған құқығын бұзған кез келген жұмыс беруші реестрге енгізілуі мүмкін.  Жалақының кешіктірілуі, қауіпсіздік техникасын сақтамау, жұмыс тоқтап тұрғаны үшін ақы төлеуден бас тарту, төленетін еңбек демалысын бермеу, жұмыстан заңсыз шығару сынды жағдайлар реестрге енгізуге себеп бола алады. Бұл тұста жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек шартының болуы міндетті емес. Қолында еңбек шарты болмаса да, жұмысшының Еңбек кодексінде қарастырылған құқықтары бар.   

(далее…)

Мемлекеттік мектептерде оқитын балалардың ата-аналарының тек 53% ғана

мектептегі тамақтану сапасына көңілі толады. Ал, ата-аналардың 20% астамы

берілетін тамақ порциясы тым аз деп санайды.

Мемлекеттік мектептердегі тамақ сапасына қатысты жүргізілген әлеуметтік

мониторингтің қорытындысы осыны көрсетіп отыр. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры 14 қазан — 14 қараша аралығында жүргізген сауалнамаға елдің әрбір аймағынан 10 мың ата-ана қатысып, жауап берді.

    Мектептегі тамақ сапасына көңілі толатындардың үлесі көп емес: ата-

аналардың 45% мектеп асханаларында берілетін тамақтың сапасын жақсы, ал 8% өте жақсы деп бағалаған. 25 пайызы қанағаттанарлық десе, 10%-ы өте нашар деп жауап берген. 12% «нақты жауабым жоқ» деген нұсқаны таңдады.

Қала мектептеріндегі тамақ сапасы ата-аналарды әлдеқайда жиі алаңдатады:

балалары қала мектебінде оқитын ата-аналардың 37% ғана тамақ сапасын жақсы деп бағаласа, бұл көрсеткіш ауыл мектептерінде 60%. Қала мектебінің асханасында берілетін астың сапасын 17% ата-аналар «дәмсіз, нәрсіз» десе, ауылдық жердегі ата-аналардың тек 7% мектептегі тамақ сапасы «нашар» деп жауап берген.

  

(далее…)
Яндекс.Метрика