Архив рубрики ‘Әлеумет’

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбек шартынсыз жұмысқа қабылдау және еңбек құқығын бұзу фактілерін анықтауға кірісті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елде 1 млн астам азамат еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүр. Соның бір мысалы, Никита Плетнев – Ақмола облысы, Талапкер ауылында газ құбырын жүргізуге жұмысқа алынады. Ол өз жұмысын тиянақты атқарса да, жұмыс беруші онымен еңбек шартын жасаспайды және соны желеу етіп еңбек ақысын толық көлемде төлемейді. Экономикадағы мұндай «көлеңкелі» құбылыстармен мемлекет барынша күресіп жатқанмен, ресми деректер еңбек шартынсыз жұмыс істеп жүрген азаматтардың аз еместігін көрсетіп отыр. Олардың арасында жастар да, егде жастағы азаматтар да, ауыл еңбеккерлері мен қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері, білімі жоқ азаматтармен қатар, дипломы бар қазақстандықтар да бар. Еңбек шартынсыз жұмыс істеудің салдары қандай? Бұл – демалыссыз жұмыс істеу, әлеуметтік төлемдерден қағылу, жарақат алған жағдайда кепілсіз қалу. Маңдай термен тапқан адал ақыны ала алмай, себепсіз жұмыстан қуылу деген сөз. Мұндай жұмыс беруші жұмыскермен қоса, мемлекеттен де айласын асырып отыр. Себебі, табысын жасырады.

(далее…)

Жылына бір рет келетін Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, елімізде зейнет жасындағы ардагерлерге азды-көпті көмек көрсетіп, құрметтеген боламыз. Бірақ оны сый-құрмет деп ауыз толтырып айтуға онша келе қоймайды. Мәселен, өмір бойы ел үшін еңбек етіп, зейнетке шыққан қарияға 5-10 мың теңге ақша беріп, азын-аулақ дастархан жасап шәйға шақыруды үлкен құрмет немесе қаржылық көмек деп айтуға бола ма?!

Биылғы жылы Астана қаласының әкімдігі зейнеткерлерге Қарттар күні қарсаңында бір реттік жәрдемақы ретінде 2,5 есептік көрсеткіш көлемінде немесе 9230 теңге жәрдемақы берген, ал Ақмола облысында  2-5 есептік көсреткіш аралығында, яғни 7384-18450 теңге аралығында жәрдемақы көрсетілген. Жылына бір келетін мерекеге орай көрсетілген көмек-қолдаудың деңгейі осындай.

(далее…)

Байқау қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне орайластырылған. Жұмысшы мамандық иелері өз кәсібі жайлы бір минуттық ролик түсіріп, #adildikbaiqau және #adildikorkendeu хэштегімен инстаграмда жариялай алады.

– Басты мақсатымыз – қоғамда жұмысшы мамандықтар мен еңбек адамының мәртебесін арттыру. Сондай ақ, жұмысшылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің күнделікті еңбегін елге паш етуге мүмкіндік беру. Осылайша әркімнің еңбегі маңызды екенін тағы бір мәрте еске салмақпыз, – деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

Жеңімпаздарға құнды сыйлықтар әзір. Бірінші орын – робот шаңсорғыш, екінші орын – Apple Watch смарт сағаты, үшінші орын – Яндекс колонкасы. Байқау қорытындысы 10 қазанда жарияланады. Қор байқауды жыл сайын өткізеді.

(далее…)

«Әділдік және Өркендеу» қоры мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Басты міндет – жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру, белсенді жастарды қолдау. Меморандум аясында Ақмола облысындағы беделді оқу орны саналатын университетте Қордың жастар қанаты құрылады.

Университетімізде көшбасшы болатын жастар жетерлік, тек олардың қабілетін ашуға қолдау білдіру керек. «Әділдік және Өркендеу» қоры осыған көмектеседі. Белсенді студенттермен кездесу өткіземіз. Университетте заңгер мамандығы бойынша білім алып жүрген жастар қорымыздың заңгерлерімен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Тұрғындардың өтінішін қарастыру бойынша білікті заңгерлердің тәжірибесін үйренеді, — дейді қор белсендісі Бекнұр Амангелді.

Меморандум аясында «Әділдік және Өркендеу» қоры студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін ұйымдардың тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоғары оқу орнында 8 мыңға жуық студент білім алады.

(далее…)

 

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры«Казуглепроф» көміршілер кәсіподағыныңкеншілердің зейнет жасын төмендету туралыбастамасына қолдау білдірді. Петицияны қолдайтындар Үкіметтен кеншілердіңзейнет жасын 50-ге дейін төмендету мәселесінқарастыруды сұрайды. Құжатта «көмір кенішіндегізиянды өндірістік факторлардың жұмысшылардың денсаулығына тигізетін кері әсері жазылған. Ұзақ уақыт бойы мұндай жағдайда еңбек етужұмысшыларда ауыр дерттің пайда болуына әкеп соғатыны ерекше атап өтіледі. Жасы елуден асқан кеншілердің көбі түрлі ауруға шалдыққан. Қазба жасалатын кенжар мен кен орнындағы еңбек жағдайын білетіндер қатты шаң, газбен ластанған, қолайсыз температура мен басқа да экстремалды фактор бар жерде алпыс жастағы адамның ауыр жұмысты атқаруы қиын екенін түсінеді.

Елдетіркелген кәсіптік аурулардың негізгі үлесі – көмір өнеркәсібі қызметкерлері шалдыққан дерттер. 1998 жылы жеңілдетілген зейнетақы жүйесі тоқтатылды. Содан бері 2-3 онжылдықта жер астында жұмыс істейтін кеншілер денсаулығына зиян болса да, жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Дәл сол себепті кенші мамандығының беделі де жойылып кетсе керек. Еске салсақ, 2006 және 2017 жылдары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында болған еңбек жанжалдары кезінде кеншілер қойған негізгі талаптың бірі – зейнет жасын төмендету болған еді».

(далее…)

Биыл көктем қазақстандықтар үшін біраз қиындықтар әкелді. Еліміздің бірқатар өңірлерінде  еріген қар суының салдарынан өзен-көлдердің деңгейі көтеріліп, елді мекендерді су басты. Әсіресе, батыс Қазақстан облысы апаттан қатты зардап шекті. 60 мыңнан астам тұрғыны бар Құлсары қаласы түгелге жуық су астында қалды. Апат салдарынан баспаналарынан айрылғандар материалдық шығын үшін өтемақы талап етіп, Құлсары қаласында шеруге шықты.

Апат аймағына барған Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығындары түгел өтелетінін айтқан еді. Осыған орай, апат болған аймақтарда арнайы жұмыс топтары құрылып, апат салдары мен келтірілген шығындарды анықтауда және баспаналарынан, мүліктерінен айрылғандардың шығындары есептеліп, өтемақы берілуде. Бұл мәселе еліміздің апат болған аймақтарының бәрінде  дерлік оңды шешімін тауып жатыр деуге болады. Тек Құлсары қаласында берілетін өтемақы көлемімен келіспегендер шеруге шығып, билікке өз талаптарын қойды.

(далее…)

Фонограммамен ән салып, халықтың арқасында әбден байыған әнші жұлдыздардың   өздері сияқты байшыгештермен және билік өкілдерімен ғана араласып, қарапайым халықтан іргелерін аулақ салып алғаны қашан.  Қайрат Нұртас әкесінің туған күніне бағасы 200 мың доллар тұратын  шетелдік автокөлік сыйлады, Төреғали Төрәлі қарындасының үйлену тойына қымбат автокөлік тарту етті деген сияқты жұлдыздардың  асып-тасыған байлығын барша әлемге жариялап жарнамалап жататын әлеуметтік желілердегі ақпараттарды оқи-оқи халықтың  ондай жұлдыздардан көңілі  қалып барады.  Еліміздің біраз өңірлерінің тұрғындары үшін үлкен ауыртпалық алып келген көктемгі су тасқыны әнші жұлдыздардың  халыққа деген пейілдерін тағы да бір ашып көрсетіп берді.

Елді мекендерді басқан қызыл су әп-сәтте адамдарды баспаналары мен жиған-терген мүліктерінен айырып, қиын жағдайға ұшыратты. Осындай қиын-қыстау сәтте қарапайым халыққа жанашырлық танытып, көмек қолын созған сол қарапайым халықтың өзі болды. Жер-жерден қайрымдылық көмек жиналып, апат болған аймақтардың тұрғындарына жөнелтіліп жатты. Көрші қырғыз абуырлардан да көп көмек келді. Тіпті,  Қарақалпақстаннан біраз жас жігіттер келіп, қауіпті аймақта бөгет тұрғызуға қол ұштарын берді.

(далее…)

Неге екені белгісіз кеңес заманында қазіргідей көктем болса елді мекендерді су басу оқиғалары бола қоймайтын. Ол кезде де қар қалың жауатын, бірақ елді мекендерді су басу жағдайлары  орын алыпты дегенді естмейтін едік. Ал соңғы жылдарда көктем болса-ақ, еліміздің әр өңірінде су астында қалып, зардап шеккендер туралы ақпарат құралдары тынбай айтып жатады. Биыл да сол әдет тағы қайталанды. Әсіресе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облысының бірқатар елді мекендері табиғат апатынан қатты зардап шекті.

Облыс орталығы Көкшетау қаласының Қылшақты өзенінің жағалауына орналасқан вокзал аумағындағы біраз үйлер су астында қалды. Су астында қалған үйлерін тастай қашқан тұрғындар судың деңгейі түскенше біршама уақыт қиындық көрді. Әйтеуір, адам шығыны жоқ. Астана маңындағы Қоянды елді мекенінде көп үйлер су астында қалып,  тұрғындар тіпті, наразылық шеруіне дейін шықты. Ал Қостанай облысындағы Арқалық қаласының маңындағы біраз ауылдар түгелдей су астында қалды. Су деңгейі үйдің шатырына дейін көтеріліп, айнала шалқар теңізге айналып кеткен. Адам шығыны болмағанымен, көп тұрғындардың үйлері құлап, малдары суға кеткен. Бұрын-соңды бұл өңірде мұндай апат болмағанын айтқан жергілікті тұрғындар сонша судың қайдан келгенін білмей дал.

(далее…)

Бүгін Көкшетауда «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры белсенділері Бақыт Смағұл, Абзал Алпысбайұлы және Владислав Шуль «Көкшетау автобус паркі» ЖШС-і ұжымымен кездесті. Шара барысында қоғамдық қоғамдық көлік саласының қызметкерлері саладағы бірқатар шешімі табылмаған түйткілді мәселелерді жайып салды.

Кездесу өзара диалог түрінде өтіп жұмысшылар жалпы жолаушылар тасымалы саласында кезек күттірмес реформаларды өткізу қажеттігі туралы ойларын білдіріп, жылдар бойы қордаланған мәселелерді атап өтті. Сондай-ақ, оны шешу жайлы өз көзқарастарын жеткізді.

Кезекпен жіпке тізсек:

1. «Қалалық бағыт автобусының жүргізушісі» жұмысшы мамандығының тартымдылығын арттыру мақсатында қалалық маршруттарда 25 жыл жұмыс өтілінен кейін мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығын қайтару қажет. Бұған шарт жүрек-қантамырлары, неврологиялық аурулар сияқты кәсіби аурулармен және медициналық көрсетімдермен негіз бола алады.

(далее…)

Еліміздің ертеңгі тізгінен ұстайтын жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру міндеті мойындарына жүктелген  білім беру саласы қазір еліміздегі жемқорлыққа белшеден батқан салалардың бірі болып отыр. Әсіресе, соңғы екі-үш жылдың ауқымында білім саласындағы жемқорлыққа қатысты ұсталып жатқан лауазым иелері мен сотталғандар саны күрт артып кетті. Күні кеше әлеуметтік желілерде Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімінің басшысының 680 млн  теңге бюджет қаржысын қымқырған деген айыппен қамауға алынғаны туралы ақпарат таралды.

Аудандық білім бөлімі басшысының үйінен бір қап ақша табылған. Иә, кәдімгі  үлкен пропилен қапқа салынған пашкі-пашкі ақшаларды құқық қызметкерлері санап алып жатқаны туралы суреттер интернетте жарияланды. Оның ат шаптырым зәулім котеджі, бірнеше қымбат автокөліктері бар екен. Біраз жылдар бойы ол жұмыс істемейтін адамдардың атына жалақы аударып, соны пайдаланып келген. Аудандық білім бөлімі басшысы сонша ақша ұрласа, облыстық, республикалық деңгейдегі шенеуніктер қанша ақша ұрлайды екен деген ойға қаласың.

(далее…)
Яндекс.Метрика