Барша адамдар дүниеге әлжуаз әлсіз және ақылсыз сәби бейнесінде келіп, өмір жолын бірдей деңгейде бастайды. Бірақ біреулер өз саласында биіктерге жетіп, атағы жалпақ жұртқа таралады, кәсіби білікті маманға айналып, бауқаттылыққа, жұрт құрметіне, биік мансапқа жетеді. Ал басқалар өле өлгенше жолы болмағандардың санатында қалады. Неге?
Қонақүйдің дәлізінде тұрған актер
Бір ресейлік актер шығармашылық сапармен шет елге барады. Өнер ұжымын құрметпен қарсы алған шетелдіктер қымбат қонақүйден әр адамға жеке нөмір береді. Әлгі жас актерге де сондай жеке нөмір тиеді. Бірақ қызығы сол, жеке нөмірде ақжайма, төсеніш, жастығы жоқ шағын диван ғана тұрады. Одан бөлек киім ілетін шкав пен орындық және жатаған шағын үстел бар екен. Аты шықпаған жас актерге соның өзі люкс нөміріндей көрінеді. Дегенмен, қолайсыз жағы, нөмірде терезе жоқ болып шығыпты.
Кедейлеу отбасында өскен актер күй талғамайтын. Сондықтан ол терезесі жоқ жұпыны нөмірде еш ренжіместен тұра береді. Ерте кетіп, нөміріне кештеу қайтады. Таңғаларлығы, оны көргенде кезекші әйел дауыстап үнемі бірдеңе айтады. Ағылшын тілін түсінбейтін актер «сенкю» деген жалғыз ауыз сөзден басқа жауап бере алмайды.
(далее…)








