Архив рубрики ‘Ақиқат’

Кеңес заманында өмір кешкен, 1993 жылы он бес жасында қайтыс болған Вячеслав Крещенников деген бозбаланың анасы бүгінде ұлының болашақ жайлы айтқан көріпкелдік болжамдары жайында әлемге жар салып айтып жүр. Көріпкел баланың сөзіне сенсек, ақырзаманның алғашқы негізгі белгісі – адамдардың ақылсыздануы немесе жалпақ тілмен айтқанда топастана бастауы болмақ. Шындығында солай ма?..

Ақылынан айрылған шерменделер

Бірнеше жыл бұрын болған мына оқиғаларға назар аударып қараңызшы, адамдардың қаншалықты топастанғандығын осыған қарап анық бағамдауға болады. Жасы жиырмадан асқан қазақ қызы әлдекімнен бойына біткен (некесіз байланыстан) баласын әжетханада туып, дүние есігін жаңа ашқан сәбиін әжетхана тесігінен нәжіске тастап тайып тұрған. Абырой болғанда, сәби тірі қалды және осындай сұмдықты жасаған қыз көп ұзамай құқық қорғаушылардың құрығына түсті.

Екінші оқиға алғашқысынан да сұмдық. 15 жасынан жыныс жақындығына түскен мектептің оныншы сыныбында оқитын қыз таксидің ішінде келе жатып босанады. Оның қасында болған өгей шешесі дүниеге жаңа келген сәбиді машина терезесінен сыртқа лақтырып кетеді. Бұл жолы сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.

(далее…)

Әлем халықтары ұстанатын бес дәстүрлі діннің үшеуінде – ислам, христиан және иудеизм діндерінде рейнкарнация, яғни өлген соң қайта туу түсінігі мүлдем жоқ. Яғни, бұл дінді ұстанатындардың ұғымынша, өмір адамға жалғыз рет берілетін игілік. Қысқа ғұмырыңда жасаған жақсы-жаман әрекеттеріңе сай өлген соң не мәңгі жұмаққа кіріп рахатқа батасың, болмаса мәңгі тозаққа түсіп азап шегесің. Ал атейстердің түсінігінше, өлген адам ешқашан тірілмейді және тәнімен бірге оның санасы да мәңгілікке өшіп жоғалады.

Адамға жалғыз рет өмір бергендегі Жаратқанның мақсаты не?

Мен онжылдықты бітірген соң жоғары оқу орнына түсу үшін тоғыз рет құжат тапсырып талпыныс жасап, жолым болмады. Тек оныншы рет қана бағым жанып, университетке түстім. Егер біздің елімізде мынадай заң болса: мектеп бітірген жас жоғары оқу орнына түсуге бір-ақ рет талпыныс жасауға құқылы, ал егер түсе алмаса, онда қайта құжат тапсыра алмайды. Бұндай жағдайда мен сияқты қайта-қайта талпыныс жасап, ақырсында жолы оңғарылып жоғары білім алғандардың жолы толық кесілер еді. Бұл сонда әділдік пе?

(далее…)

Ешбір тірі жан қашып құтыла алмайтын ажалдың арғы жағында не бар, өлім туралы не білеміз? Өкінішке орай, адамдар осы  үлкен маңызы бар мәселе туралы ешқашан бастарын ауыртып ойланып жатпайды. Дегенмен де, түптің түбінде келмей қоймайтын сол ажалды адамдардың көбі еш қаперіне алмай алаңсыз тірлік кешеді. Ондайлар ажалды тек өлім сәтінде ғана есіне алып, болмай қоймайтын бұл құбылысты еш дайындықсыз, бейхабар күйде қарсы алады.

Ажалдың арғы жағында не бар?

Адам маймылдан жаратылған деген Дарвиннің жалған ілімін санасына сіңірген аға ұрпақ өкілдерінің көбі өлімнен кейін де өмір барлығына сенбейді. Олар жалғыз шынайы тірлік осы дүниеде деп түсініп, ажалды ауызға алудан да қорқады. Өйткені ажалды еске алу тірліктің өткіншілігін еске түсіріп, бойларына қорқыныш ұялатпақ.

(далее…)

Темір затқа жақындатсаң-ақ өзіне тартып жапсырып алатын  магнит сияқты қасиет адамның бойында да бар. Темірді тартатын магнит секілді  адам өзіне жақсылық пен жамандықты тартып, жапсырып алып отырады. Адамның бойындағы осындай магниттік қасиетін білгендер ерте заманнан ойына алған арман-тілектеріне жетіп, бақытты тірлік кешкен. Бірақ ондай тылсымның құпиясын білген жандар мұның сырын сыртқа шығармай қатаң бақылауда ұстаған. Дегенмен, бүгінгі ақпарат заманында бұл тылсым ілім құпия болудан қалды.

Жамандықты тартатын магнит жандар

Жолы болғыш, ойына алған ісі әп-сәтте алға басып жүре беретін адамдар өмірде сирек кездеседі. Керісінше, француз комигі Пьер Ришар ойнайтын «Невезучий» фильмінің кейіпкеріне ұқсайтын адамдар өмірде көп. Қадам басқан сайын кездесетін қиындықтар мен қырсықтардан мезі болған ондайлар жолым ашылады деп көріпкелдер мен балгерлерге, бақсыларға барып, барын беріп жатады. Сонда да жолдары ашылмай, қырық ағайынды қырсық бір айналдырғанда, шыр айналдырып, өмірін тамұқ етеді.

(далее…)

Бір де бір тірі пенде қашып құтыла алмайтын үш қатер бар, ол: ауру, қартаю және өлім. Ауырғысы, қартайғысы, өлгісі келетін пенде жоқ, бірақ бұл үш қатер шақырмай-ақ есігімізден баса көктей кіріп, төрімізді жайлап алады. Кеше ғана бүлдіршіндей құлпырған қыз бен бұлықсыған жігіт араға біраз жылдар салып бүкірейген кемпір мен бүкшиген шалға айналады. Бұл – өмір заңы.

Адам қалай қартаяды?

Қартаю туралы бүгінде ғылым түрлі пікірлер айтып, қартаймаудың амал-тәсілдерін табу үшін жанталасып жатыр. Дегенмен, өмір заңын өзгерту әзірге  мүмкін болмай тұр. Ақшаға бәрін сатып алуға болады дейтін қазіргі нарық заманының өзінде миллиондаған, тіпті миллиардтаған ақшасы бар алпауыттар мен аса жоғары мансап иелері, атақты жұлдыздар  ақшаға жастықтарын қайта оралта алмай пұшайман болып жүр.

(далее…)

Қазіргі күні жекелеген ислам мемлекеттерінен басқа елдердің бәрінде мектептерде тіршіліктің пайда болуы туралы бұрыннан қалыптасқан материалистік ғылыми түсінік оқытылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы бойынша тіршілік алдымен суда белоктан пайда болып, бір клеткалы қарапайым түрден, күрделі тіршілікке қарай дамыған. Бұл теорияда тіршіліктің пайда болуына кездейсоқтық тікелей әсер еткен. Яғни, тіршілік кездейсоқтықтан пайда болған.

Дарвин теориясының қисынсыздығы

Кеңес заманында құдайға сену әлсіздіктің, надандықтың белгісі саналып, оқыған өзін силайтын әр адам атеист, яғни дінсіз болуы шарт болатын. Мектептегі биология пәнінің мұғалімі Дарвиннің теориясын түсіндіру барысында діни түсінікті келекелеп «Алла барша әлемді бір-ақ күнде жаратты дейді» дегені есімде.

Сол тұста шынында да барша әлемнің бір сәтте жаратылуы ақылға сиымсыз сияқты көрінетін. Ал кеңестік темір шымылдық алынып, шет елдерден түрлі ақпараттар ағылған қазіргі кезде енді адамның маймылдан жаратылуы ақылға сиымсыз есуастық сияқты сезіледі.

(далее…)

Әрбір пенде дүниеге келген кезінен бастап мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Өзін жарық дүниеге әкелген ата-анасының, дос-жарандарының, ағайын-туыстың, ауылдастарының, көрші-қолаңның, ұстаздарының, өзі еңбек ететін ұжымның, Отанының алдындағы міндеттер бар. Бір сөзбен айтқанда, адам өле-өлгенше мойнына көптеген міндеттер арқалайды.

Міндетін адал орындайтын адамды Алла ұнатады

Ведалық ілім бойынша «дхарма» деген түсінік бар. Оның мәні мынада – әр адамның мойнына жүктелген көптеген міндеттер болады және оны орындау арқылы пенде Жаратқанның разылығына бөленсе, керісінше орындамау күнәларға жол ашып, екі дүниедегі өмірін қиындатпақ.

Өз дхармасын, яғни міндетін адал орындаған адам шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын атқармаса да, бұл дүниенің игілігін татып, бақи дүниеде де жұмақтан нәсіп бұйырмақ. Керісінше, пендешілік міндеттеріне назар аудармай, тек діни шарттарды ғана орындаумен шектелетін жанның жасаған тағат ибадаттары күнәсінен тазарта алмайды.

(далее…)

Таяуда  ақпарат құралдарында Түркістан облысында  бес жастағы қыз баланы зорлап, содан кейін қылмысын жасыру үшін оны өлтірген педофилдің сотталғаны туралы айтылып, жазылды. Кәмелетке толмаған жас балалар мен қыздарды зорлаушы педофил деп аталатын азғындардың қатары жыл санап көбейіп барады. Бұның себебі неде?

Санасын нәпсі билегендер

Мектепте оқитын туған қызын екі жылдан бері зорлап келген «әке» ұсталып, 24 жылға сотталды. Бұл – Батыс Қазақстанда болған оқиға. Ал өскемендік тағы бір «әке» кәмелетке толмаған туған қызын зорлап, тіпті жүкті қылып қойған. Ол 17 жылға бас бостандығынан айрылды.

Көз көріп құлақ естімеген мұндай оқиғалардың көбейгені сонша, қазір ондайға жұрт онша селт етпейтін болған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Көкшетауда қырғыз елінен келіп, жалданып жұмыс жасап жүрген тепсе темір үзетін жігігіт 8 жастағы ер баланы зорлап, сотталды.

(далее…)

Бір шаруаны қолына аларда басқалардан ақыл сұрап, солай жасағаным жөн бе деп жататын адамдар бар. Шындығында біреудің ақылымен өмір сүру адамға пайда емес, көбіне залал әкеледі. Өйткені, мұндай жағдайда адам әлгі шаруаны атқаруға байланысты туындайтын нәтижеге орай жауапкершілікті өзінен алып тастайды. Сәтсіздікке ұшырай қалған жағдайда оның өзін ақтап алар уәжі бар: «бұл іске мені пәленше итермелеген еді» -дейді ол.

Біреуден ақыл сұрау – әлсіздіктің белгісі

Адам өз ақылымен шешім қабылдаған жағдайда оның нәтижесіне орай жауапкершілікті де өз мойнына алады. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жақсылап ойланып, он рет өлшеп, бір рет кесуге тура келеді. Ал басқалардың ақылына сүйенетіндер әдетте онша көп бас қатырып ойланбайды. Ондайлар жауапкершілікті де мойындарына алмайды. Сәтсіздікке ұшыраса, жауапкершілікті арта салар басқа адам бар.

(далее…)

Мен сізге тылсым ілімнің есігін ашпақпын. Ол сізге не береді? Сіз ақиқатты танып, білетін боласыз және сол арқылы азап пен тауқыметтен көз ашырмайтын бос әурешіліктен құтыласыз. Әрине, егер ол ақиқатты қабылдап, соны жүзеге асыруға ниеттенсеңіз. Ал олай болмаған жағдайда, ешқашан игілікке жеткізбейтін шөл даладағы сағымды су-теңіз деп өкпесі өшкенше жүгіретін киік сияқты күй кешесіз.

Өмірге көзілдіріксіз қараңыз

Адамдардың 99,9 пайызы мына фәни дүниеге түрлі түсті көзілдірік арқылы қарайды. Соған орай, оларға жалған дүние түрлі түсті, өте әдемі және тартымды болып көрінеді. Көзілдірік арқылы көрінген елеске еліккендер жалған дүниеден жоқ бақытты іздеп, аласұрумен күн өткізеді.

Жалған дүниенедегі бақыт деген не? Соған назар аударып көрелік. Ең алдымен, ол ер адам мен әйелдің бір-біріне деген құштарлығы. Шындығында, мына фәни еркектер мен әйелдердің құштарылғына құрылған. Кез-келген жарнаманы алып қараңызшы, жалаңаш әйелдердің суреті. Ал сериалдар мен кинолардың оқиғасының өзегі – ер адам мен әйелдің махаббаты… Осылай жалғаса береді.

(далее…)
Яндекс.Метрика