Архив рубрики ‘Ақиқат’

Бір ауыз сөзбен адамды бақытты етуге немесе көңілін қалдырып, мәңгі жау етуге де болады. Ұлы Абай «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп текке айтпаған. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі сөздің осы құдіретін жете түсінбей, өздеріне де, өзгелерге де залалын тигізіп жатады. Сөздің қадір-қасиетін біліп, оны орнымен қолдану – адамның өмірін жеңілдетіп, айналасындағылармен жылы қатынаста болуға, ойына алған мақсаттарына оңай жетуіне игі ықпалын тигізеді.

Аз сөз алтын

Қазақта «аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген сөз бар. Көп сөйлеген адамның ішінде сыр қалмайды. Ол ішек-қарнына дейін өзгелерге көрініп тұратын рентген аппаратына түсірілген адам сияқты. Бақа күн ұзақ бақылдайды. Оның даусын естіген жылан жақын келіп, бақылдаған бейшараны жұта салады. Сөйтіп бақа бақылдау арқылы өзіне ажал шақырады.

Сол сияқты адамдардың көбі ауыз жаппай көп сөйлейді және сөздерінің мәні жоқ не болса, соны айтады. Сөйлеуге де адам қуат жұмсайды. Яғни, көп сөйлеген пенде қуатының көбін бостекі сөзге жұмсап, ысырап қылады. Ал көп сөзінің жеке басына еш пайдасы жоқтығы өз алдына, өтірік-өсек айтамын деп әлдекімдерге жеккөрінішті болып жатады.

(далее…)

Ислам діні шын мәнінде адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, қарапайымдылық, жомарттық, кешірімшілік, сабырлылық сияқты ізгі қасиеттерді дамытатын, жамандықтан аулақ болуға үндейтін дәстүрлі дін. Бүгінде бір жарым миллиардтан астам адам ұстанатын ислам діні ғасырлар бойы адамзатты сондай ізгі қасиеттерді бойларына орнықтыруға шақырып, ізгілікке бастап келді.

Қазіргі діни ахуал қандай

Өкінішке орай, адамзат баласын жүздеген жылдар бойы имандылыққа бастап, ислам өркениеті деген атпен тарихта қалған ғылым мен ілімді, мәдениетті өркендеткен ислам діні бүгінде өзінің алғашқы тазалығынан айрылып, әсіре діндарлар мен жалған әулиелердің кінәсінен адамдарға игілік емес, тауқымет әкелетін дінге айналып барады.

Кешкілік теледидардан жаңалықтарды тыңдасаңыз, соңғы кезде Шығыс Африкадан, Таяу шығыс елдерінен (бәрі ислам мемелкеттері) еуропа елдеріне баспана табу үшін теңіз асып қашып барып жатқан мыңдаған, миллиондаған босқындар туралы жиі естисің. Өз елдеріндегі бітпейтін лацкестік әректтерден, кедейшілік пен соғыстардан мезі болған пенделер шет ел асып, бақыт іздеп бассауғалауда.

(далее…)

Өмір сүріп отырған дүниемізде барлық қол жеткен «менікі» деп аталатын игіліктеріміздің бәрінен күндердің күнінде түгел айрылуға мәжбүр боламыз. Көретін бар қызықтарымыз бен қуаныштарымыз да өткінші. Өкініштісі сол, осы ақиқатты адамдардың 99,9 пайызы мүлдем білмейді. Олар тек бастарына түскен сәтте ғана өкініп, бармақтарын тістеп қайғыдан қан жұтып жатады. Бірақ, онымен қаперсіз келген қайғыны азайта да, тауқыметін жеңілдете де алмайды.

Өмірдің өткіншілігін ұғынбаудың салдары

Осыдан алты жыл бұрын, бізбен бірге қызметтес болған кісінің лауазымы өсіп, үлкен қызметке тағайындалды. Жүзі қуаныштан бал-бұл жанған әлгі өзін сол сәтте дүниенің кілтін ұстағандай, барша әлемді табанынының астына салғандай, яки құдай да, құдайдан былай да емес сезінгендей еді. Астамси сөйлеп, сол дәрежеге өзінің данышпандығы мен қабілетінің арқасында жеткендей, өзін өзгелерден оқ бойы озық жандай сезінген оның сөздері өте ірі, көкірегі аяққаптай еді.

(далее…)

Әлеуметтік желіде  бір кісінің парақшасынан Алланың мекен-жайы, тұрағы және тұрпаты жоқ, ол бұл дүниенің бөлшегі де емес деген мазмұндағы өлеңін оқыдым. Жалпы, ислам дінінде Алла, оның сипаты жайында жалпылама түсініктен басқа нақты толымды ұғым берілмеген. Құранда Алланың 99 сипаты, яғни есімі айтылады. Бірақ Алла 99-бен шектелмейді, оның сипаты, соған сай есімдері де шексіз көп.

Тұрақты мекен-жайы жоқ

Мекен-жайы жоқ, яғни үйсіз-күйсіз адамды бізде БОМЖ деп атайтыны ешкімге құпия емес. Үй-күйсіз қаңғыбастыққа салынған ондай пенделерді жұрт онашлықты сыйлап, құрмет тұта қоймайды. Олар қоғамнан тыс қалған, жалпақ тілмен айтқанда «төменгі сортты» адамдар болып саналады.

Ал Алланы мекенсіз деу – бұл Жаратқанға тіл тигізу немесе қорлау болмай ма? Алланың сипаты шексіз, соған орай Оны танып-білу үшін жалғыз кітап (мейлі ол қасиетті Құран болсын) жеткіліксіз болады. Жаратқанның сипатын танығыңыз келсе, Құранды оқысам болды деп санауыңыз қателік болмақ.

(далее…)

Адамдардың көбі ақшаға бәрін сатып алуға болады деп ойлайды және соған орай, қайтсем бай боламын деген арманмен неше түрлі стерге барып жатады. Біреулер қолындағы қызметін пайдаланып, жемқорлық жасаса, енді біреулер алаяқтықпен ақша тапсам дейді, қылмыс жасап, ұрлықпен немесе қарақшылықпен айналысатындар да бар. Адал еңбегімен байлыққа жетсем деп талпынатындар да кездеседі. Бұндай адамдардың бар ой-армандары қайтсем ақша табамын, қалай бай боламын деумен күндерін өткізу. Олардың айтатын сөзі де, ойлайтын ойы да ақша. Осылайша, бұндайлар ақшаға Құдайға табынғандай табынады.

Байлық игілік емес, тауқымет әкеледі

Кеңес заманында «күйеуіңнен құтылғың келсе, мотоцикл сатып алып бер» деген сөз болатын. Мотоцикл алған адам түптің түбінде бір пәлеге ұрынып, не өледі, болмаса жазылмас ауру табады. Сол сияқты егер істің мәніне байыппен ой жүгіртер болсаң, байлық адамға бақыт емес, керісінше азап пен тауқымет әкелетінін бағамдайсың.

Бұл сөзімізді дәлелдейтін айғақтарды өмірден жүздеп, мыңдап келтіруге болады. Елге танымал белгілі азаматтың бизнеспен айналысатын жалғыз ұлын ақша үшін біреулер өлтіріп кетті. Аса бай кәсіпкер ақша үшін әйелімен айрылысып, бар дүниесін ұлына қалдырған. Енді ол ұлымен байлыққа таласып соттасып жатыр. Пара аламын деп тәп-тәуір қызмет істеп жүрген бір кісі сотталды. Ол алған парасынан жүздеген есе көп айыппұл төлеп, ол аз десеңіз, өле-өлгенше жауапты қызмет атқару құқынан айрылды.

(далее…)

Түркістан облысында бес жастағы қыз баланы зорлап, содан кейін қылмысын жасыру үшін оны өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған қанышер педофилге сот үкімі шықты. Ол өмір бойы бас бостандығынан айрылып, піштірілетін болды. Осылайша, бір сәттік нәпсісін қанағаттандыруды ойлаған пенде енді бар өмірін тас қапаста өткізбек. Пайғамбарымыздың айтқан «нәпсімен күрес қиямет қайымға дейін созылады» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін осындай оқиғаларды біз күнде көріп, естіп, куәсі болып жүреміз. Бірақ та, адамның ең басты және қауіпті дұшпаны – нәпсі екендігін екінің бірі біле және ескере бермейді. Көп адамдардың ар ұялар азғындыққа барып жататынының басты себебі де осы білімсіздікте жатқаны анық.

Нәпсінің құлақ кесті құлдары

Қазіргі күні кеңес заманында онша естіп, білмейтін педофил дегендер көбейіп кетті. Сондай азғындардың құрығына түсіп, зомбылық көрген жас балалар мен қыздар жайында БАҚ айтып, жазып жатыр. Бұғанасы бекіп, бойы өспеген жас баланы, не қызды зорлау – ақылға симайтын есуастық. Бірақ әлгіндей нәпсінің құлдары үшін бұл дәмі тіл үйретін «деликатестің» өзі болса керек.

Таяуда теледидардан пойызда шешесі шығып кеткенді пайдаланып, купеде 12 жастағы қызын зорламақ болған ата сақалы аузына түскен азамат туралы хабар көрсетілді. Ақыл-естен айрылған әлгі бейбақ баланы айқайына қарамай нәпсісін қанағаттандырмақ болып жанталасады. Әбүйір болғанда шешесі келіп қалып, полиция шақырып, педофил тұтқынға алынады.

(далее…)

Бұрыңғы кеңес заманында бұлыңғырлау болса да болашақ қоғамымыз туралы түсінік және мақсат болатын. Ол мақсат барша адамды теңдік пен молшылыққа жеткізетін коммунизм құру идеясы еді. Ал қазір  адамзаттың алдында тұрған нақты мақсат жоқ. Қазіргі біздер құрамыз деп жүрген зайырлы, демократиялық қоғамның қандай болатынын, ол қоғам адамзатқа қаншалықты игілік әкелетінін ешкім де нақты дәл басып айта алмайды.

Қазір қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

КСРО құлап, комунизм идеясынан бас тартқаннан кейін бұрынғы одақтың шекпенінен шыққан елдердің бәрі де басқалар сияқты «зайырлы, құқықтық-демократиялық» қоғам құру жолына түсті. Ал енді осындай қоғамды бірнеше ғасырдан бері құрып келе жатқан Батыс елдерінің тәжірибесіне назар аударып көрелік. Олар сондай қоғам орнатып, игілікке жете алды ма?

(далее…)

Елімізде намаз оқитын адамдар саны көбейіп, мешіттер жаңадан салынып жатыр. Қазір үлкендерді қойып, тіпті мектеп оқушылары жаппай ораза ұстайтын болды. Жұрттың имандылыққа жүзін бұруы жақсы дейсің ғой, бірақ та оның екінші кері жағы да бар. Қазіргі күні халал деген сөзді қосқан тағамдар, қызмет түрлері көбейіп кетті. Кеңес заманында кәмпитке дейін мемлекеттік сапа белгісі қойылатын еді. Сол сияқты енді халал сөзін кез-келген жерге тықпалайтын болыпты. Енді, міне «Халал проституция», яғни халал жезөкшелік деген де түсінік қалыптасыпты.

Знақорлықты шариғат арқылы ақтаудың амалы

Адамның ойлап таппайтыны жоқ-ау. Католик шіркеуінің қылышынан қан тамып тұрған орта ғасырларда «индульгенция» деген пайда болды. Шіркеу басшысының мөрі басылып, қолы қойылған қағазда сіздің бар күнәңіз кешірілетіндігі жазылады. Осындай қағазды сатып ал да, ойыңа келгенді жасай бер. Оған рұқсат, өйткені индульгенция деген қағаз сіздің бар күнәңізді кешіреді.

Қазір сайтанның жетегіне ілесіп, ақыл-естен айрылған шерменделер заманның талабын жиып қойып, қауға сақал қойып, шолақ дамбал киіп, әйелдеріне пәренжі жауып, орта ғасырларды қайта орнатқандай болып жүр. Ол аз десеңіз, енді «халал жезөкшелік» дегенді ойлап тауып, айды аспаға шығарып отыр.

(далее…)

Ойыма алған мақсатым орындалып, бақытты болсам деп армандамайтын адам жоқ. Бірақ та, өмір біз ойлағандай бола бермейді. Бақыт пен бақытсыздық күн мен түн сияқты үнемі алма-кезек ауысып, күтпеген жерден келіп, мазамызды алып жатады. Егер біз өзімізге бақытсыздық, азап пен тауқыметтің қайдан және не себепті келетінін жақсы білетін болсақ, одан бас тарту арқылы бақытсыздығымызды азайтар едік.

Сезім нысанына шектен тыс байлану

Адамдардың бәрі – әйтеуір бір сезім нысанына шектен тыс байланады. Осылай жасау арқылы олар шексіз бақыт табамыз деп үміттенеді. Бірақ өкініштісі сол, шектен тыс байланған әлгі сезім нысаны бақыт емес, көбіне бақытсыздық әкеліп жатады.

Мен таяуда ғана ресейлік киногерлер шығарған «Братство десанта» деген сериалды тамашаладым. Соғыста шыңдалған, қол-аяқтары балғадай, әбден шыныққан шымыр жігіттердің жеңбейтін жауы жоқтай көрінеді. Бірақ, олардың дұшпаны – бұрынғы соғыста бірге болған жауынгер достары әлгілердің ең осал тұстарын дәл тауып, сол арқылы қол-аяқтарын тұсап дәрменсіз бейшараға айналдырады.

(далее…)

Ғылымның қазір шарықтап дамып кеткені сонша, 2-3 ғасыр бұрын қарабайыр тірлік кешкен ата-бабаларымыздың түсіне де кірмейтін жетістіктерге жеттік. Бірақ, сонша қарыштап дамыған ғылым ешкім қашып құтыла алмайтын өлім туралы ештеңе де білмейді. Материалистік ғылымның адам өлген соң ақыл-санасы жоғалып, тәні шіріп кетеді деген тұжырымы қазір басқа түгілі, сол материалист ғалымдардың өздерін де күмәндәндырады.

Өлімнен кейін не бар?

Материалистік түсінік үстемдік еткен кеңес заманында бәріміз өлген соң санамыз жойылып, тәніміз шіріп жоғалатынына кәміл сенетінбіз. Дегенмен, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда діни сенім-наным қайта дамып, адамдардың арасында дінге жүздерін бұрушылар қатары көбейді. Ал кез-келген дәстүрлі дін өлімнен кейінгі өмірді жоққа шығармайды.

Сонымен, бүгінде басқаларды былай қойғанда жоғары білімі, тіпті ғылыми атағы бар адамдардың, оның ішінде жастардың арасында Жаратқанға сенушілер, соған орай өлімнен кейінгі өмірдің барлығын мойындаушылар аз емес. Өзім тұратын Көкшетаудағы жалғыз мешітке жұма намазына келушілер мешітке симай, оның ауласында тұрып намаз оқиды. Намаз оқушылардың дені жастар.

(далее…)
Яндекс.Метрика