«Дүние жалған» деген сөздің астарында ащы ақиқат бар. Бірақ та, сол ақиқатты жұрттың көпшілігі онша елеп, ескере қоймайды. Мына дүниеде нендей дәрежеге, игілікке қол жеткізбейік, бәрі де өткінші, жалған екендігін жүрегімен терең сезіну арқылы ғана адам өмірдегі ең үлкен қателік – АДАСУДАН аман болады.
Адасқанның алды жөн, арты соқпақ
Адасқан адамның ақыл-естен айрылатыны сонша, ол дұрыс жолмен жүріп барамын деп алған бетінен қасарысып ешқашан қайтпайды. Өмірдің жалғандығын түйсінбейтін пенделер де сол адасқан адам сияқты теріс бағытпен жүргендігін түйсінбей, бақытқа бастар жолға түстім деген жаңсақ ұғыммен бар өмірін өткізеді.
Күн сайын біздің бір таныстарымыз немесе туыстарымыз, болмаса ауылдастарымыз, тіпті болмаса халыққа танымал тұлғалар – әйтеуір біреулер өмірден өтіп жатады. Бірақ соның бәрін көріп, естіп жүрген пенделердің ешқайсы ажалдың ертең өзіне де келетінін қаперге алмайды. Ажалды былай қойып, отбасының ойранын шығарған ажырасушылық, зина жасау арқылы ұшырап жататын түрлі қолайсыздықтар, қылмыс жасау арқылы келетін жауапкершіліктер – осылардың бәрін көре жүре адамдар сондай қадамдардан бас тарта аламйды.
(далее…)







