Кеңес заманында өмір кешкен, 1993 жылы он бес жасында қайтыс болған Вячеслав Крещенников деген бозбаланың анасы бүгінде ұлының болашақ жайлы айтқан көріпкелдік болжамдары жайында әлемге жар салып айтып жүр. Көріпкел баланың сөзіне сенсек, ақырзаманның алғашқы негізгі белгісі – адамдардың ақылсыздануы немесе жалпақ тілмен айтқанда топастана бастауы болмақ. Шындығында солай ма?..
Ақылынан айрылған шерменделер
Бірнеше жыл бұрын болған мына оқиғаларға назар аударып қараңызшы, адамдардың қаншалықты топастанғандығын осыған қарап анық бағамдауға болады. Жасы жиырмадан асқан қазақ қызы әлдекімнен бойына біткен (некесіз байланыстан) баласын әжетханада туып, дүние есігін жаңа ашқан сәбиін әжетхана тесігінен нәжіске тастап тайып тұрған. Абырой болғанда, сәби тірі қалды және осындай сұмдықты жасаған қыз көп ұзамай құқық қорғаушылардың құрығына түсті.
Екінші оқиға алғашқысынан да сұмдық. 15 жасынан жыныс жақындығына түскен мектептің оныншы сыныбында оқитын қыз таксидің ішінде келе жатып босанады. Оның қасында болған өгей шешесі дүниеге жаңа келген сәбиді машина терезесінен сыртқа лақтырып кетеді. Бұл жолы сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады.
(далее…)






