Архив рубрики «Өзіндік даму»

Өзін-өзі жетілдіру – өмірлік қажеттілік

Мектептерде бүгінде өзіндік даму деген пән оқытылады, ал интернетте өзін-өзі жетілдіру тақырыбындағы бейне-дыбыстық сабақтар жетіп артылады. Соңғы кезде бұл адамдар үшін аса маңызды тақырыпқа айналды. Десе де, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің халқы үшін аса маңызды болып табылатын бұл мәселе қазақтар үшін оншалықты үлкен қажеттілік саналмай отырғанға ұқсайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіруге құлшынып, ұмтылып жүргендер аз.

Өзіндік даму адамға не береді?

Бұл сауалға нақты жауап қайтару үшін оны дәлелдеп қызылкеңірдек болудың еш қажеті жоқ. Өзіндік дамумен айналысып және соны кәсіби мамандығына айналдырған бүгінде әлемге танымал американдық Брайан Трейси, германиялық Бодо Шефер, ресейлік Алекс Яновский сияқты жандардың нақты өмірде қол жеткен жетістіктеріне назар аударсақ, бұл сауалға толыққанды жауап сол болады.

Мәселен, американдық Брайан Трейсиді алайық. Кедей отбасында туған, байлық адамдарды қанау арқылы, қылмыстық жолмен келеді деген түсінікті санасына сіңіріп өскен ол өзін-өзі Прочитать остальную часть записи »

Адамдар топастанып барады

Қазақ «оқымаса ой тоқырайды» дейді. Кітап оқу адам миының жұмысын жақсартып, сана көкжиегін кеңейтеді. Бұл – дау туғызбас шындық. Ал қазір адамдар, оның ішінде өсіп келе жатқан жастар арасында кітап оқу деңгейі өте төмен. Өте төмен дегеннің астарында бірлі-жарым кітап оқығандар ғана емес, мүлдем кітап бетін ашпайтындар да жатқанын айта кетуге тиіспіз.

Кітап оқу қажеттілік емес

Иә, қазір адамдар, оның ішінде  елдің болашақ тізгін ұстар – жастары мүлдем кітап оқымайтын болды. Неге десеңіз, қазір кітап оқу қажеттілік болмай қалды. Біз оқыған кеңестік мектепте кітап оқуға балаларды міндеттейтін. 4-ші сыныптан бастап емтихан тапсырамыз, ал  емтихан сұрақтарына жауап беру үшін оқулықтан бөлек қосымша кітаптар да оқуға тура келетін. Сондай-ақ, ол кезде теледидар енді ғана шығып жатқан, ал ұялы телефон деген атымен болмайтын. Яғни, балалар жаппай кітап оқитын.

Қазіргі жастарға кітап оқудың еш қажеттілігі болмай қалды. Мектеп  бағдарламасында қосымша әдебиеттер қарастырылған да шығар, бірақ оны оқып бас ауыртудың іс жүзінде еш қажеттілігі жоқ. Тест тапсыру үшін кітап оқу сияқты басы артық шаруаның оншалықты  Прочитать остальную часть записи »

Адамдар ұйқыда

Пайғамбардан кейін патшалық құрған төрт халифтің бірі – Хазірет Әлидің «Адамдар ұйқыда, олар өлгенде оянады» деген сөзі бар. Пайғамбарға жақын жүрген дін ілімін терең меңгерген Хазірет Әлидің бұл сөзінің астарында терең мән жатқаны анық. Қазіргі ғылым да ақырындап адам деп аталатын екі аяқты тіршілік иелерінің ет пен сүйектен жаратылған тән ғана емес, одан да күрделірек тіршілік нысаны екендігін анықтауда.

Өмір деген түс

Өзге жандардан бөлектеу, бойларында әртүрлі қасиет-таланттары бар пенделер әржерде кездеседі. Солардың бірі – ресейлік Лариса Гуляева деген қыз. Ол туған кезінен бастап өзге адамдар көре алмайтын айналамыздағы түрлі құбылыстарды көріп, сезіп өсіпті. Бұл қасиеті оны өзгелерден аулақтатып қана қоймай, өмірін қиындатып, қарапайым пенделер сияқты ойсыз тірлік кешуіне кедергісін келтіреді.

Енді ресейлік Лариса Гуляеваның өз аузымен айтып, ютубте жариялаған видеосабақтарына назар аударып көрелік. Оның айтуынша, өзіміз өмір сүріп жатқан жер айналасын нәзік әйнек іспетті мөлдір түсті қоршаумен қоршаған арал. Айналаның бәрі су. Сол судың арасындағы қоршау-аралда тірлік кешеміз. Мұндай қоршаулар біздің жоғары жағымызда да, төменде де көп. Барлығы 14 сатыдан тұратын осындай әйнек тәрізді шеңбермен қоршалған аралдар орталықтағы стержень іспетті спиральді жағалай орналасқан.

Прочитать остальную часть записи »

Нәтижеге жетудің формуласы

Мына дүниеде Жаратқанның себеп-салдар заңы еш мүлтіксіз және жүз пайыздық дәлдікпен жұмыс жасауда. Әрбір  нәрсенің себебі мен салдары бар. Кез-келген әрекет себеп болса, оның нәтижесі – салдары. Бұл заңды білу  арқылы адам оны өз мүддесі үшін тиімді пайдалануына мүмкіндігі бар.

Бәрі ойдан басталады

Өзін өзі дамыту ғылымының докторы Сайдмұрод Давлатовтың пайымынша, біздің өмірдегі жолымыз, жеткен жетістіктеріміз – бәрі ойдан бастау алады. Ойды бұлақ десек, біздің өмір жолымыз бен жетістіктерімізді – өзен және сол өзен құятын теңіз десек болады. Яғни, біздің өмір жолымыздың бастау бұлағы – ой.

Кванттық физиканың  пайда болуы – адам ойының материалды екендігін анықтады. Иә, ой материалды зат. Қазіргі күні адам ойын өлшейтін арнайы құрылғы да шықты. Адам ойы радиотолқын сияқты түрлі өлшемде әрекет етеді екен. Ашу, ыза, қатты қорқыныш немесе қуану, шаттану – бәрі ой өлшемін жоғарылата түседі. Дегенмен, жақсы және жаман сезім әкелетін ойлар бір бағытта емес, екі бағытта қозғалады.

Прочитать остальную часть записи »

Көңілге қуаныш әкелетін мақсат

Адамдардың басым көпшілігі алдарына еқандай мақсат қоймай, күнделікті күйбең тірліктің әуенімен өмірлерін өткізеді. Рас, адамдарда мүлдем мақсат болмайды деген сөз емес бұл. «Шіркін, үлкен үйім, қымбат автокөлігім болса, ақшасы көп жұмыс тапсам» деген сияқты нақты жоспарға құрылмаған, бұлыңғыр арманға ұқсас мақсат дегендер болады, бірақ ол нақты жоспар мен соған жеткізетін әрекет арқылы бекітілмегендіктен, оны мақсат деуге келмейді.

Мақсатты қағазға жазу керек

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі Брайан Трейси мақсатқа жетудің тәсілі ретінде қойындәптерге алдыңа қойған 10 мақсатты тізіп жазуды ұсынады. Сол он мақсаттың ішінде егер қол жеткізе қалсаң, саған материалдық игілік қана емес, көңіліңе қанағат, қуаныш сезімін әкелетін біреуін таңдап алып, бар назарды соған аудару қажет дейді ол. Міне, осылайша, ең негізгі басымдық берілген мақсатқа күш –қуатыңды жұмсап, нақты әрекеттер арқылы күн сайын жақындай беру керек. Осылайша, күндердің күнінде әлгі мақсатқа міндетті түрде жетесің дейді Трейси.

Егер сіз бір жеріңіз ауырып, дәрігерге барсаңыз, ол жазып берген дәріні белгіленген шартқа сай күн сайын қабылдап, дәрігер айтқан басқа да кеңестерін орындап отырсаңыз, күндердің күнінде  дертіңізден айығасыз. Сол сияқты Брайан Трейси айтқан тәсілді ол белгілеген шарттарды қатаң сақтай отырып орындаған жағдайда, сіз міндетті түрде мақсатыңызға жететін боласыз. Өйткені, осы тәсілді пайдаланып, мақсаттарына жетіп жатқан адамдар өте көп.

Прочитать остальную часть записи »

Адамның биіктерге жетуіне кедергі келтіретін не?

Біреулер өмір соқпағымен тез алға басып, өмірден өз жолын тауып, биік табыстарға жетіп жатады, ал енді біреулер әрнәсенің басын бір шалып, өмірде орныға алмай, қызметте де, тұрмыста да жолдары болмай жатады. Әлемдік бестселлерге айналған Напалеон Хиллдің «Ақылменен ақша тап» кітабында адамның табысқа жетуіне кедергі келтіретін 30 қасиет туралы айтады. Солардың бәріне болмаса да, негізгі деген бірнешеуіне тоқтала кетейік.

Нақты мақсаттың жоқтығы

Кітап авторы сол тұста АҚШ-тың бір институтының адамдар арасында сұрау салу өткізгендігін, соған тартылғандардың 98 пайызының алдарына қойған нақты мақсаттарының жоқтығын айтады. Ол адамдардың бәрі өмірде орындарын таба алмай, сәтіздіктерге ұшырап, тұрмыс тауқыметін тартып жүргендер екен.

Егер адам алдына нақты масқат қойып, соған жетемін деп саналы түрде әрекет жасамай, өмір ағысымен жүре берсе, оның табысқа жету мүмкіндігі – ноль болмақ, яғни ешқашан табысқа жете алмайды деген сөз. Сондықтан, алдыңа нақты мақсат қоюдың маңызы қашанда зор Прочитать остальную часть записи »

Өміріңізді басқарасыз ба?

Өзін өзі дамыту ғылымының әлемге танымал білгір маманы саналатын Брайан Трейсидің пайымынша, адамдарды өмірлік ұстанымдарына сай үлкен екі топқа бөлуге болады. Біреулері – өз өмірлерін бақылап, басқарады және алдарына мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін тірлік кешеді. Екіншілері – бәрі кезедйсоқ болады деп пайымдап, тағдыр салған жолмен ойсыз өмір сүреді.

Өмірін басқару адамға не береді?

Өз өмірін бақылап, басқару және алдына нақты мақсат қойып белгілі бір жоспарларға сай тірлік кешу адамды қай салада еңбек етпесін, қай ортада өмір сүрмесін әрдайым биіктерге бастайды. Бұндай мақсатшыл адамдар әдетте өте белсенді болады және өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, тұрмыс жағдайын түзеуге, бақуатты болуға, қай салада істесе сол сала бойынша биік деңгейлерге жетуге құлшынады.

Өмірімді өзгерту өз қолымда деп түсінетін мұндай адамдар өмірде кездесетін барлық жайларға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Алдына қойған мақсатына жету адамға үлкен қуаныш пен қанағат сезімін әкеледі. Сондықтан мұндай адамдар көбіне көңілді, қуанышты сезімде жүреді және өмірге құштар болады.

Бұндай адамдардың тағы бір ерекшелігі – мақсатқа жету үшін күш-қуат пен денсаулық, білім қажеттігін түсініп, денсаулығын күтуге, оқып білімін жетілдіруге жете көңіл бөледі. Осыған орай, салауаттылықты Прочитать остальную часть записи »

Жайлы аймақ

Бүгінден өзін өзі дамыту ғылымы жан-жақты дамып келеді және ол қазақ оқырмандарына да біршама таныс. Бұл ғылымның біз мектепте, жоғары оқу орындарында оқитын ғылымдардан айырмашылығы сонда – оны нақты өмірде қолданып, нақты нәтижесін көруге болады және ол сіздің өміріңізді өзгертеді. Оның құндылығы да осында.

Жайлы аймақ деген не?

Енді өзін өзі дамыту ғылымы бойынша жайлы аймақ деген не, соған тоқталатын кез келгендей. Бұл мәселенің маңыздылығы мынада: ол барша адамдарға қатысты және оның әсерін біз үнемі сезініп жүреміз. Жайлы аймақ дегеніміз – бұл біздің әбден үйреніп, бауыр басқан күнделікті тірлігіміз. Шындығында ол адамдарға оншалықты жайлы да болмас, бірақ олар соған үйреніп, бауыр басып алғандықтан, өмір ағымын ешқашан өзгерткілері келмейді.

Мәселен, менің бір танысым бар. Ол – журналист. Бірақ мамандығы мұғалім, бұрын мектепте сабақ берген. Содан 90-шы жылдардағы қиын кезеңде біраз уақыт сауда да жасапты. Ақырсында газетке қызметке кірген. Содан осы салаға орнығып қалады. Бойында жазуға деген қабілеті болмағандықтан, ол жақсы қаламгер болып кете алмады. Соған орай, жұмысында Прочитать остальную часть записи »

Табысыңызды 20 пайызға көтерудің тәсілі

Сіз өзіңіздің табысыңызды үш айда 20 пайызға өсіруді қалайсыз ба? Әрине, мұндай сауалға ақыл-есі дұрыс әрбір адамның  «иә» деп жауап берері анық. Жалақысының үш айда 20 пайызға өсуін кім қаламайды дейсіз. Бірақ та, бұл біздің қолымызда емес қой. Әр адам осылай ойлайды. Шындығында, бәрі біздің өз қолымызда дейді өзін өзі дамыту ілімінің білгірлері.

Табысты өсірудің қарапайым тәсілі

Енді сізге уақыт созбай жалақыңызды немесе ай сайын табатын таза табысыңызды 20 пайызға көтерудің қарапайым және әрбір адам үшін қолжетімді тәсілін баяндайтын уақыт келген сияқты. Дегенмен де, бұл тәсілдің қаншалықты өмірде нақты жұмыс ісейтіндігі туралы менің өз басым дәл басып ештеңе айта алмаймын. Өйткені, оны өмірде нақты қолданып, нәтижеге жеткен жоқпын. Бұл тәсілді естіп, білгеніме бір айдай ғана уақыт өтті және сол уақыт ішінде оны өмірлік тәжірибеме енгізіп, қолданып келемін. Ал, осы тәсілдің авторы өзін өзі дамыту ілімінің сарапшысы Бодо Шефердің пайымынша, ол үш айда нақты нәтиже бермек.

Сонымен енді, осы тәсілдің өзіне тоқталайын. Ол өте қарапайым және кез-келген адамның қолынан келеді, сондай-ақ, ол көп уақытты, еңбек етуді қажет етпейді. Күн сайын бес-он минут Прочитать остальную часть записи »

Ынта болса, мақсатқа жетер жүз түрлі жол табылады

Бір ғұламаның айтқан: «ынта болса, мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта болмаса, мақсаттан бас тартар жүз түрлі сылтау табылады» деген сөзі ешқашан мәнін жоймайтын және кез-келген адамның жадында тұтар нақыл болуы тиіс. Өйткені, мақсатқа жету, мынау бес күндік ғұмырда бақытты тірлік  кешу – дәл осы мәселеге байланысты болмақ.

Ынта өздігінен келмейді

Ынталы адам ойына алған шаруасын орындамай тоқталмайды және оның бойында сол шаруаны жүзеге асыруға деген күш-жігер де, қабілет-қарым да молынан табылып жатады. Яғни, кез-келген істе нәтижеге жету үшін ең алдымен ЫНТА қажет болады. Ал ынта өздігінен келе салмайды, оны санамызға сіңіріп, бағып-қағып өсіруміз, дамытуымыз керек.

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі Брайан Трейси күн сайын таңертең ерте тұрып, бір сағаттай бизнеске, өзін жетілдіруге қатысты  кітаптар оқып, ауди-видео лекцияларды тыңдайтынын айтады. Ол тіпті, жұмысқа бара жатқан жолда да құлаққа наушник киіп алып, осы тақырыптағы лекцияларды тыңдауды ұсынады.

Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика