
Кеңес заманында шала сауатты қарт адамдар болмаса, жастардың ешқайссы намаз оқымайтын. Сол тұста Алматыда автовокзалдың жанында шағын мұсылман мешіті болды. Қаладағы жалғыз мешіт сол болатын. Бірде жәй қызық көріп, мешітке кіре қалдым. Күзетші ме, әлде мешіт молдасы ма, бір адамнан басқа тірі жан жоқ екен. Ол мешітке адамдардың кіріп-шығып жатқанын да байқаған емеспін.
Қазір үлкен қалаларды қойып, шағын ауылдарда да күмбезді мешіттер көп. Әсіресе, жұма күндері мешітке адамдар сыймай кетеді. Құрбан айты елімізде ресми мерекелердің бірі болып, осы күні адамдар демалатын болды. Қажыға барып жатқандар жыл санап көбеюде. Намаз оқитындардың қатарында, тіпті мектеп жасындағы балалар да аз емес. Осылардың бәріне қарап, халық жаппай
(далее…)



