
Ақырзаман, яғни жер-көк, барша тіршіліктің жойылып жоғалуы туралы дәстүрлі діндердің бәрінде айтылады. Дегенмен, қиямет қайым деп аталатын бұл оқиғаның қай уақытта, қалай боларын Алла ғана біледі. Содан болар, адамдардың көбі бұны жәй ойдан шығарылған нәрсе деп немесе жақын арада бола қоймас, сондықтан оның болу-болмасы маған қатыссыз деп ойлап, өздерін қауіпсіз санап, ойларына келгенді жасап жүреді.
Әлбетте қиямет болады
Қасиетті Құранда осындай аят бар, яғни қиямет ерте ме, кеш пе міндетті түрде болады және қияметте барша адам сотқа тартылып, жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін толық жауап бермек. Бұны жалпыадамзаттық үлкен сот деп айтуға да болады.
Жоғары оқу орындарында оқыған адамдар жақсы біледі, сессия деген бар. Жыл бойы оқыған-тоқығаның санаулы күндердің ішінде тексеріліп, бағаланады. Егер лекцияларға дұрыс қатысып, сабақтарды қалт жібермей оқып, дайындалып жүрсең, сессия кезінде қиналмай емтихандарды еркін тапсырасың, ал лекцияларға қатыспай, дайындалмай келсең, емтиханнан құлайсың.
(далее…)



