Архив рубрики ‘Өмір-өзен’

28 Әрбір тиынды үнемдеп, орнымен жұмсауды қажет ететін қазіргі нарық заманында ысырапшылдықты әдетке айналдыру өзін-өзі құрдымға құлатумен бірдей. Өкінішке орай, ұлттық дәстүрді желеу етіп, жүздеген адамды шақырып кредит алып той жасайтындар нарықтың осы қатаң заңын бұзамыз деп өмірден таяқ жеп жатады.

Ертеректе бірге қызмет істеген жас жігіт үйленіп, кредит алып дүрілдетіп той жасады. Дегенмен, бір жыл болмай жатып, келіншегімен тіл табыса алмай айрылысып кетті. Шаңырағы шайқалған жігіт пен оның ата-анасы той үшін алған кредиттерін біраз жыл өз қалталарынан төлеп жүрді. Тағы бір танысым қызын ұзату тойын туыс, таныстарын түгел шақырып мейрамханада салтанатпен атап өтті. Үш жүздей адамға арналған мұндай тойды өткізетін ақшасы болмағандықтан, ол үйін кепілге қойып банктен өсіммен кредит алды. Қазір қызы мен күйеу баласы пәтер жалдап қысылып-қымтырылып тұрып жатыр, ал өзі кредит төлеуде. Мұндай жайларды осылайша тізбелеп айта беруге болады.

(далее…)

28Бай-кедей болып аражігі ашылған, тамақ тауып, күнкөрудің өзі үлкен өзекті мәселеге айналған қазіргі шақта мыңдап-миллиондап шашып той жасау қисынға салсақ, ақылға симайтын шаруа. Өкініштісі сол, адамдар, оның ішінде қазақтар, қит етсе той жасап, ашылып-шашылуды берік дәстүрге айналдырып алған сыңайлы.

Тойда адам жалғыз мақсатпен: мақтаныш үшін жасайды

Адамзат баласының сонау ескі заманнан бері санасына сіңген түрлі салт-дәстүрлері болса, олардың бәрінің астарында мән болады. Ертедегі қазақтардың қыз ұзату, шілдехана, ұлыстың ұлы күні сияқты атап өтетін салт-дәстүрлерінің бәрі өмірлік қажеттіліктен туындаған және астарында адамдарды жақындастыратын, отбасылық өмірге дайындайтын, т.б. мәні бар шаралар болды. Ал қазіргі тойлардың астарында жалғыз ғана мән бар: ол мақтаншылық.

(далее…)

маскүнемдікАдамдар неге қателік жасайды және  бір жасаған қателіктерін неге қайталайды және сондай қателік жасаған адамдардың тауқымет тартып жатқандарын көре тұра неге сондай теріс әрекетке барады? Бұндай көзге көрініп тұрған қателіктер жасап, бақытсыздыққа ұрынып жатудың ең басты және негізгі және бірден бір себебі – зердесіздіктен.

Зерде деген не?

Біздің бүгінгі аспан мен жерді, жердің астындағыларды түгел зерттеген ғылым адамның өзін, оның психологиясын толымды зерттемейді, соған орай бұл жөніндегі толымды білімдері де жоқ. Адам психологиясын  дін, оның ішінде дәстүрлі  діндер ғана зерттейді.

Бһагавад Гитада зерде ақылдан да, сезімнен де (чувства, ум, разум) биік тұратыны айтылып, оның үш функциясының барлығы тұжырымдалады. Ең алдымен, зерде пайдалы және залалды әрекетке (далее…)

ашуҚазақта «тырнадан басшы қойсаң, төбеңнен қиқу кетпес» деген сөз бар. Қолына билік тисе болғаны бағыныштыларына тізесін батырып, айқайға басып бетіне жан келтірмей «қатал бастықтың» рөлін ойнайтындар көп. Ақылы аз мұндай пенделер айқаймен жұртты ықтырып, өздерін мықты іскер басшы етіп көрсетеміз деп ойлайды.

Қытымырлық қатынасты қиындатады

Таяуда облыстық әдеп кеңесінде бір басшының қарамағындағыларға қатты мінез көрсетіп, ар-намыстарына тигендігі жөніндегі іс қаралды. Әлгі бастық бұл әрекетін жұмыс бабына сай қатаң талап қоюшылық деп түсіндіруге тырысты. Бір жылдай бұрын жаңа ұжымға келген әлгі аса қаталдықпен тәртіпті нығайтып, жұмыста жолға салғысы келген сияқты.

(далее…)

электронды ақшаКеше ғана Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Көкшетауда тұратын бір азаматтың интернет арқылы берілген жарнамадан үй алмақ болып, 15 миллион теңгесінен айрылғаны жайындағы ақпарат алдым. Жалпы, интернет арқылы жасалатын алаяқтық күн санап өсіп және олардың қулық-сұмдықтары ақылға сыймайтындай шебер бола түскен жайы бар.

Интернетке байланған өмір

ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деп текке айтып жүрмеген сияқты. Американдық өзін-өзі жетілдіру ғылымының білгірі Брайан Трейсидің айтуынша, енді екі-үш жылдан соң ақпарат көлемі жыл санап екі еселеніп отырмақ. Яғни, ақпарат ағыны толассыз өсе бермек. Әрине, бұл ақпараттардың бәрі электрондық нұқсада болатыны белгілі.

(далее…)

ажалАдамдар өмір бойы қайғы-қасіреті жоқ, қуаныш пен шаттыққа кенелдіретін шынайы бақытты іздеумен күндерін өткізеді. Ондай бақытты біз кітаптардың, ертегі мен жырлардың, кинолардың кейіпкерлерінен тапқандай боламыз. Бірақ ол да алдамшы болып, сол кітаппен, не киномен бірге көз алдымыздан алыстап кете барады.

Мына дүние қайғы мен қасіретке толы

Буддизм дінінің негізін салушы Будда Шакьямунидің діннің төрт діңгегі саналатын төрт ақиқатының басында – мына дүние қайғы мен қасіретке толы – деген ақиқат тұр. Біз қанша жалтарсақ та бұл ақиқатты ешқашан теріске шығара алмаймыз. Егер өмірге байыппен, сана өлшешімен қарайтын болсақ – шындығында өмірдің бастан-аяқ қайғы мен қасіреттен тұратынын байқар едік.

(далее…)

инвестиция-1Біреулер өмірде ойлаған мақсаттарына жетіп, үнемі биіктерден көрініп жүрсе, енді біреулер қырсықтан құтыла алмай, жолы болмай үнемі бақытсыздық басынан арылмай жатады. Бұның бәрін адамдар – тағдыр солай деп белгісіз күшке артып, оның астарын білуге және өз өмірлерін өзгертуге еш құлық танытпай, «тағдыр салды біз көндікпен» өмірлерін өткізеді.

Табысты адам деген кім?

Жолы болғыш, бақыт құсы басына қонақтаған табысты адам кім? Неге ондай адамдардың жолы болғыш келеді және ойларына алғандары әрдайым орындалып жатады? Бұның сырын білу үшін сондай табысқа жеткіш адамдардың мінез-құлқы мен сөзіне, іс-әрекеттеріне, өмірлік ұстанымдарына назар аударсақ  құпияның бетін ашу қиын болмайды. Табысты адамдар қалай ойлайды, қалай сөйлейді, не істейді, мінез-құлықтары қандай?  Енді осыған нақтырақ назар аударып көрелік.

(далее…)

ақшаБиылғы жылдың алғашқы алты айында жемқорлыққа қарсы күрес органдарының мәліметінше еліміздің лауазымды тұлғалары 150 миллиард теңге қазына қаржысын ұрлапты. Ал енді осы қаржыға 100 мектеп немесе 40 аурухана салуға болады екен. Осыған қарап, еліміздегі жемқорлықтың қаншалықты асқынып тұрғанын бағамдау қиын емес.

Жемқорлықтың екінші атауы – ұрлық

Жемқор деп атап, айдар тағып айтып жатсақ та, оның шын атауы – ұрлық екенін жұрт жақсы біледі. Сондықтан, галстук тағып, кәстөм киген жемқор шенеунік те, көшедегі жұрттың қалтасына түсетін баукеспе ұры да бір. Жемқор да баукеспе сияқты жеке адамдардың да, мемлекеттің  де қалтасына түседі және баукеспе ұсақ-түйек алса, жемқор миллиондап, тіпті миллиардап  ұрлайды.

Ұрының екінші атауы – қылмыскер. Иә, ұрлықты кәсіп еткен баукеспе де, жемқор да – қылмыскер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, түрмеде жазасын өтеп жатқан ұрлық істеген қылмыскерлерді де, миллиардтап пара алған немесе қазына қаржысын ұрлаған бұрынғы лауазым (далее…)

ақиқат«Өзекті жанға бір өлім» дегендей, тірі пенделердің бәрі міндетті түрде ажалдың дәмін татады. Ажал адам дүниеге келген күннен бастап көлеңке сияқты қыр соңынан қалмай жүріп, уақыты келгенде алып тынады. Одан қашып құтылушы жоқ. Бәріміздің басымызға келетін осы құбылыс туралы бірақ бәріміз бірдей ойлап, оның астарында не бар дегенге көңіл бөлмейтініміз өкінішті.

Ажалдың жойқын күші

1985 жылы әкем қайтыс болды. Мен ол кезде университетте оқып жүрген жас жігіт едім. Сол тұста тұңғыш рет ажалдың адамды езіп-жаншып тастар жойқын қуатын анық сезінгендей болып едім. Иә, ажал небір мықтымын деп шіренгендерді де тұқыртып, кеудесін басып, жаншып тастайтын құдыретті күш.

Жанашыр жақынынан айрылған әрбір пенде ажалдың осындай жойқын қуатын анық сезінеді. Сөйтеді де, қашып құтыла алмайтын бұл құбылыстың алдында өзінің дәрменсіздігін түйсініп, амалсыз оған мойынсұнады.

(далее…)

жарнамаАмерикандық әлемге танымал өзін-өзі жетілдіру курстарының авторы Брайан Трейсидің пайымынша, 2020 жылдан кейін әрбір 72 сағатта әлемдеге ақпарат көлемі екі еселеніп отырады. Яғни, қазіргі ақпарат көлемі енді 72 сағаттан соң екі есеге көбейеді. Міне, сонша ақпараттар тасқынының астында қалған біздер ағылған ақпараттың қайсысын таңдап, қандайын тұтынуымыз қажет? Шын мәнінде, өмірде бақытты, не бақытсыз, жолы болғыш, болмаса қырсықтан көз ашпайтын, қайрымды немесе қатыгез болуымыздың себебі де қандай ақпарат тұтынуымызға байланысты болады екен.

Ақпараттың санаға әсері

Кеңес заманында жарнама деген жоқтың қасы болатын. КСРО қираған  соң, нарыққа көшумен бірге жарнама деген ағыл-тегіл келе бастады. Ақпарат құралдарын былай қойып, көшеде ілінген үлкен бибордтар мен плакаттардан көз сүрінеді. Қызығы сол, жарнамалардың көбі жұртты тарту үшін жалаңаш әйелдерді пайдаланады.

(далее…)

Яндекс.Метрика