Архив рубрики «Тылсым ілім»

Адам өмірінің мәні – рахат алу

Кез келген адамға мына өмірді қызықты, тартымды етіп көрсететін және өмір сүруге, түрлі әрекеттер жасауға ынталандыратын нәрсе – рахат алуға деген ұмтылыс. Иә, ес білмейтін кішкентай сәбиден, еңбектеген қарияларға дейінгі барлық жастағы пенделердің ертелі-кеш ойлайтындары рахат алу, яғни рахаттану. Ол рахат тамақ ішу, ұйықтау сияқты тән арқылы келетін рахат па, болмаса әңгіме-дүкен құру, музыка тыңдау сияқты эмоциялық деңгейде келетін рахат па – бәрібір.

Фәни рахат өткінші

Егер айналамызға ақыл көзімен ой жүгіртіп қарайтын болсақ, саналы адам ғана емес, барша тіршілік иелерін мына фәниге ынталандыратын құдырет – рахат алу сезімі екенін бағамдар едіңіз. Жан-жануарлар мен аң-құстар негізінен төменгі деңгейдегі тән арқылы келетін рахатты қанағат тұтады. Ол 4 түрлі әрекет кейпінде көрінеді: ұйықтау, тамақтану, шағылысу және қорғану. Барлық жан-жануарлардың барлық  өмірі осы 4 әрекет шеңберінде өтеді.

Прочитать остальную часть записи »

Дін: күнгейі мен көлеңкелі жақтары

Қазіргі күні әлем халықтары ұстанатын негізгі 5 дәстүрлі дін бар, олар: ислам, христиан, иудей, буддизм және индуизм. Осы дәстүрлі діндердің арасындағы ең жасы саналатын ислам дінінің пайда болғанына 1,5 мың жылдан астам уақыт өтіпті. Ең ежелгі дін саналатын индуизм 5 мың жылдан бастау алады. Яғни, бұл діндер адамзатқа мыңдаған жылдар бойы қызмет етіп келеді.

Дін ілімі

Жоғарыда аталған бес дәстүрлі діннің бәрінде өз діндерін ғылыми негізде дамытуға біршама көңіл бөлінген. Десе де, соңғы кезде сол дінді зерттеп-зерделейтін дін ілімі біршама тоқырап, дамымай қалған жайы бар. Соған орай, дін ілімі деген діни шарттар мен парыздарды тізбектейтін немесе құрғақ уағызға құрылған ережелер болып қалғандай.

Дәстүрлі діндердің арасындаы ең ежелгісі және өмірдің барлық саласын қамтитын ғылымға негізделгені – индуизм діні немесе оны ведалық ілім деп атайды. Ведалық ілімде дінге қатысты жан-жақты және терең түсінік берілген. Ол жалғыз индуизм дініне ғана емес, барлық дінге қатысты.

Прочитать остальную часть записи »

Құдай туралы не білеміз (жалғасы)

Барлық дәстүрлі діндердің ең басты мақсаты – адамдарды Құдайға қызмет етуге тарту, оның тиімді тәсілдерін меңгеруіне көмектесу. Өкініштісі сол, дәстүрлі діндердің барлығы дерлік, өздерінің осы басты міндетіне назар аудармай, адамдарды жаттанды діни шарттарды орындауға жұмылдырудан аспай отыр. Осыған орай, дәстүрлі діндерді ұстайтындардың бәрі дерлік, өздері құлшылық етіп жүрген Құдай туралы ештеңе білмейді және Жаратқанның пенделерден не қалайтынын, діни парыздарды орындаудың не үшін қажеттігін жете түйсінбейді.

Құдайдың тіршілік иелерінен қалайтыны не?

Қасиетті Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» деген аят бар. Яғни, Құдайдың пенделерден тілейтіні – Өзіне құлшылық етулері екен. Құдайға қызмет ету – бұл жалғыз саналы адам ғана емес, барша тіршілік иелерінің табиғи болмысы. Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна барша тіршілік иелері Өзінің мәңгі ажырамас бөлшектері екендігін айтады.

Мысалы, менің саусағым, менің ажырамас бөлшегім. Егер саусағымды кесіп алып тастаса, ол денеден бөлектенеді және өзінің саусақ қызметін атқарудан қалады. Саусақ денемен бірге тұрғанда ғана өз міндетін атқарады. Сол сияқты әрбір тіршілік иесі Жаратқанның мәңгі ажырамас бөлшегі, сондықтан осы табиғи ахуалын түйсініп, бар әрекетін Құдайға бағыштаса, сонда ғана табиғи болмысын табады.

Прочитать остальную часть записи »

Құдай туралы не білеміз?

Кеңес заманында құдайсыз атеистік түсінік үстем болса, қазір діндарлар қатары жыл санап өсіп келеді. Мешітке барып намаз оқитындардың арасында, тіпті мектеп оқушылары, студенттер де аз емес. Ғалымдар, лауазымды қызмет атқаратындар, мемлекеттік қызметшілер арасында да дін жолын ұстанатында көптеп кездеседі. Осылайша діндарлық белең алған бүгінгі күні дегенмен, адамдардың көбі Құдай туралы жарытып ештеңе білмейді.

Құдайды танудың үш деңгейі

Бір Құдайға сенуді ұстанатын ислам, христиан, иудеизм діндерінде Құдайдың аты көп аталғанымен, бірақ та сол Жаратқан туралы жарытып ешқандай түсінік берілмейді. Ислам дінінде Құдай туралы түсінік «мекені, тұрпаты, ортағы жоқ, ақылға сыймайтын, табиғатын ешкім танып біле алмайтын» деген сияқты сөздермен шектеледі. Ал христиан дінінің қасиетті кітабы Інжілде «Құдай адамды өзіне ұқсатып жаратты» деген сөз бар.  Бірақ та, христиан дінінде де Құдай туралы нақты және толымды түсінік жоқ. Иудейлердің қасиетті кітабы Тәуратта Мұса пайғамбардың Синай тауында Құдаймен сөйлесіп, Одан халық ұстанатын шарттарды алғаны жайында айтылады. Дегенмен, бұл кітапта Құдайды жанған от бейнесінде көрінді дегеннен басқа нақты ақпараттар берілмейді.

Прочитать остальную часть записи »

Буддашылардың өлім туралы түсінігі

Бүгінгі күні жалпы ауқымы бір миллиардтай адам буддизм дінін ұстанса, саны бір миллиардқа жақындап қалған ипдустар ұстанатын индуизм діні де әлемдіг ірі дәстүрлі діндердің бірі болып саналады. Бұл екі дін иудаизм, христиан және ислам діндеріне қарағанда біршама өзгешелеу.

Буддизм дінін дін дегеннен гөрі, ақылды зерттеп, зерделейтін ғылым деуге де болады. Буддашылардың басқа дәстүрлі дінді ұстанушылардан ерекшелігі сонда, олар жаратушы жалғыз Құдайға да, жанның барлығына да сенбейді. Олардың ұғымынша, адам және барша жан-жануарлар нәзік қуат – ақылдың шеңберінде өмір кешеді. Ақылды олар мәңгі бос кеңістік немесе жарық нұр іспетті мәңгілік қуат деп түсіндіреді.

Буддизм діні ежелгі индуизм дінінен бастау алып, соның негізінде дамығандықтан, рейнкарнация, яғни өлген жанның басқа тәнге ие болып, қайта туылатыны туралы ғылымды мойындайды. Тіпті, реинкарнация буддизм дінінде басты орындардың бірін алады. Буддашылардың түсінігінше, өлген адам тірлігінде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріне орай, карма заңына сай келесі өмірінде адамның немесе періштенің тәнін алуы, ал күнәсі көп болса төмен құлдырап, хайуанға, тіпті өсімдікке айналуы мүмкін.  

Прочитать остальную часть записи »

Әрекет арқылы өмірді қалай өзгертуге болады?

Мына фәниге келген кезде адамның қандай тән алатыны, қандай жетістіктерге жетіп, қанша жыл ғұмыр кешетіні – бәрі алдын ала бағдарлама іспетті жазылып қойылады. Бұны қарапайым пенделер – тағдыр деп атайды. Осылайша, тағдыр дегеніміз адам баласы дүниеге келген сәтінде алдын ала белгіленіп қойылған өмір жолы екен.

Дегенмен де, тағдыр деген еш өзгертуге болмайтын қатып қалған тас емес. Оны өзгертудің жалғыз жолы, яғни тәсілі – әрекет болып саналады.  Адам ойымен, сөзімен, нақты әрекетімен үнемі әрекет етіп жатады. Ұйықтаған кезде ғана адамның әрекеті тоқталады. Ал пенденің сол жасаған әрекеттерінің бәрі де еш өзгеріссіз кеңістікте жазылып, сақталады және болашақ өмір жолын айқындайтын бірден бір фактор болып табылады.

Прочитать остальную часть записи »

Өлім деген не?

Уйкипедияда өлім деген адам ағзаларының биологиялық және медициналық жағынан жұмысын толық тоқтатуы деген түсінік берілген. Медицина ғылымында өлімді танатология деген сала зерттейді екен. Жердің асты мен үстін, ғарышты түгел зерттеп жатқан ғылым адам өліміне соншалықты үлкен мән беріп, арнайы зерттеулер жүргізбейді. Бұның өзі өлім деген құбылыстың ғылым үшін жұмбақ, құпия болып қалуына ықпалын тигізуде. Дәстүрлі діндердің өлім туралы түсінігі ғылымға қарама-қайшы болғанымен, нақты тәжірибе мен айғаққа негізделгһмеген, көбіне ертегі-аңыздарға ұқсап кеткендіктен болар, бүгінгі адамдардың көбі оған сене қоймайды.

Адамдар неге өлімді ойлаудан қорқады

Таң атқаннан кеш батып, көзі ұйқыға кеткенше аузына тыным болмайтын әңгімешіл деген адамдардың өзі ешқашан өлім туралы айтпайды. Рас, бір таныс немесе туысы дүниеден өткенде сол жайында әңгіме қозғайтынымыз болады, бірақ та, «өлім деген не, ажалдың арғы жағында не бар, өлімнен қашып құтылуға бола ма?» деген сияқты сауалдар қойып, осы құбылысқа шындап көңіл бөлетіндер жоқтың қасы.

Прочитать остальную часть записи »

Адам өз тағдырын өзі жасайды

Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсы болсам – өзімнен, жаман болсам – өзімнен» деген өлең жолдары карманың  адам тағдырына тікелей әсерін тигізетінін жан-жақты ашып көрсетеді. Егер біз карма заңын жан-жақты талдап, зерделейтін болсақ, мына ақиқатқа көзімізді жеткізер едік. Адамның туған кезден өлгенге дейінгі аралықтағы барлық өмір жолы – түгел кармалық әрекеттерінің нәтижесі.

Бұны түсіну үшін тауға шығатын альпинистің әрекетімен салыстырсақ, көзімізді жеткізуімізге болады. Мәселен, тауға шығатын альпинист сырт қарағанда кедір-бұдыры жоқ тік шаншылған биік жартасқа шығу үшін берік арқан, балға және кескіш сияқты құралдардың көмегіне сүйенеді. Ол аяғын тастың бұдырлы жерлеріне тіреп тұрып, жоғарыдан қолы жететін жерден кескішпен ойық жасайды. Сөйтіп ол әлгі өзі жасаған ойықтарға қолымен, аяғымен бекініп, ақырындап жоғары өрлейді. Осындай  тәсілмен альпинист биік шыңдарға шығады. Яғни, ол тік жартастарға өзі салған жолмен көтеріледі.

Прочитать остальную часть записи »

Материалдық әлем

Біз өмір сүріп жатқан материалдық әлем егер ақыл өлшемімен байыптап қарайтын болсақ, әлдебір  құдыретті сананың қолдан жасаған бағдарламасына ұқсайды. Фәни дүние қатаң сақталатын және бақыланатын жүйе мен заңдылықтарға сай тірлік кешеді. Күн өз осінен, ал Жер, басқа да планеталар күнді айнала белгілі шапшаңдықта айналып жүрсе, жыл мезгілдерінің, күн мен түннің алмасуы, адамдар мен жан-жануарлардың тірілгі – бәрі қатаң жүйе шеңберінде жүзеге асырылады.

Адам өмірі – алдын ала жазылған бағдарлама

Ешқандай дау туғызбайтын адам өміріне қатысты мынадай жайға назар аударсақ, өмір дегеніміздің алдын ала жасалған бағдарлама екендігін ұғына түсеміз. Барша адам, мейлі ол қандай ұлттың, діннің, не жыныстың өкілі болмасын, мынадай өмірдің тар шеңберінде тірлік кешеді.

Прочитать остальную часть записи »

Алла адамдарды сынай ма? (жалғасы)

Өткен жолғы мақаламызда Алланың адамдарды не үшін сынамайтындығы туралы біршама жайларды айтқан едік. Егер Алла адамдарды сынамайтын болса, онда пенделерге өмір жолында жақсы, жаман нәрселер не үшін кездеседі? Мәселен, қазіргі әлемді жайлаған короновирус дерті  бұл кездейсоқтық па, әлде Алланың адамдарға жіберген зауалы ма, болмаса  діндарлар айтқанындай Жаратқанның пендесіне жіберген сынағы ма? 

Адамдар не себепті жамандыққа ұрынады?

Ауырсам, болмаса басқа да тауқыметке ұшырасам деп ешбір пенденің армандамайтыны анық. Дегенмен де, жамандық адам күтпеген жақтан аяқ астынан кездесіп жатады. Егер өткен мақаламызда айтқанымыздай, Алла адамдарды сынамайтын болса, онда бұндай жамандықтар не себепті кездеседі?

Прочитать остальную часть записи »
Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика