Варнашрама дхарма

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Веда ілімінде варнашрама дхарма деген жүйе бар. Төрт сатыдан тұратын бұл жүйе адамның табиғи болмысын ескере отырып жасалған. Баланы 6-16 жасында түрлі ғылым-білімге баулып, оқытады. Бұл кезең – брахмачари деп аталады, яғни шәкірттік кезең. 16-50 жас аралығында грихастха деп аталатын екінші кезең келеді. Бұл кезеңде жас жігіт отбасы құрып, балалы-шағалы болып тірлік кешеді. 50 жастан асқан уақытта ванапрастха деп аталатын үшінші кезең келеді. Ол кезеңде адам ақырындап белсенді жұмыстан қол үзіп, жүзін Жаратқанға қарай бұра бастайды. 60 жастан асқан соң ең соңғы төртінші кезең – санняса кезеңі басталады. Бұл кезеңде адам отбасын, жалпы дүниенің бар игілігін тәркі қылып, жүзін түгелдей Құдайға қарай бұрады, яғни бақи дүниеге көшуге дайындалады.

Бһагавад Гита кітабында Тәңірі Кришна бұл жүйені Өзі адамдарға арнап жасағанын айтады, яғни бұл жүйені адам емес, Алланың Өзі ойлап тауып, адамға міндет етіп берген. Егер варнашрама дхарма жүйесіне ақыл көзімен қарайтын болсақ, оның адамның табиғатына толықтай сай келетінін бағамдауға болады. Қазіргі ғылымның өзі адам 15 жасына дейін өмір бойы алатын барлық ақпаратының 80 пайызын игеретінін дәлелдеген. Бұл – адамның ілім-білім үйренетін кезі. Ал одан кейін бозбала жыныстық жағынан жетіліп, күш-қуаты толысады. Бұл кезеңде ол үйленіп, отбасы құрады. Белсенді жұмыс істеп, өмірдің қызық-шыжығын тататын шақ та осы болмақ. Ал елуден асқаннан кейін адамның қуаты ақырындап қайтып, осыған сай енді ол белсенді еңбектен қол үзе бастамақ. Алпыстан асқаннан кейін кәрілікке бой алдырған пенденің еркектік қуаты қалмайды және түрлі ауру-сырқау тәнін меңдеп алғандықтан, мына өмірдің қызығы да азая бастайды. Бұл шақта адам дүниені тәркі етіп, жүзін түгелдей Аллаға қарай бұруы керек.

Варнашрама дхарма жүйесінің өлімге қаншалықты әсері бар? Бұл сауалға тікелей және күшті әсері бар деп жауап беруге болады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, фәни дүниенің игілігіне байланып, соны өмірінің ең басты мәні деп түсінетін адамның өлімі өте ауыр болады. Керісінше, қартайған шағында өмірдің қызығынан жерініп, жүзін о дүниеге ерікті түрде бұрған адамның ажалы жеңіл және жылдам болады. Осы арада ажалға қатысты мына жайды да естен шығармаған жөн: өлім сәтінде адам қандай көңіл күйде болса, келесі өмірі соған тікелей байланысты қалыптасады. Егер адам қатты қиналып жатып, мына фәниді қимай арпалысса, осыған орай оның ақыл-ойы да қатты қозып, тұрақсыз жағдайда болады. Ашу-ыза, қорқыныш, фәни жалғанды қимай қиналу сияқты сезімдердің ықпалына түскен пенденің келесі өмірі де сондай ауыртпалық пен қиындыққа толы болмақ.

Француздың атақты киноактері Ален Делон жазылмайтын дертке шалдығып, тәні қиналғандықтан дәрі арқылы ерікті түрде өлімге бас байлады. Жасы сексеннен асқан актер бұл фәнидің қызық-шыжығына әбден тойып, өмірден күдерін үзген еді. Сондықтан ол осындай қадамға ерікті түрде барды. Ал бүгінде 70, 80-нен асқан адамдардың арасында өлімге ерікті түрде баратындар көп пе? Жоқтың қасы. Жасы сексеннен асқан бір қазақтың әншісі жас қызға үйленді, тағы бір актер жас қызға үйленіп, балалы болды. Қартайғанда екіден-үштен тоқал алып жүрген бақуатты шалдар жетерлік. Олар өздерін ешқашан өлмейтіндей көреді. Бірақ та, мына жай анық: түптің түбінде ажал келмей қоймайды, ал фәни дүниенің қызығына қатты байланған пенделер үшін ажал үлкен қорқыныш пен тән қиналысы түрінде келіп, азапқа салып жатады.

Адамға өлімді соншалықты құбыжық қорқынышты етіп көрсететін себептердің бірі – өлер сәттегі тән ауруы болып саналады. Адамның жаны шығарда қатты қиналатыны туралы түсінік белең алған. Бұл түсінікті дұрыс деп те, шындыққа жанаспайды деп те айтуға болады. Өйткені, фәни жалғанға қатты байланған адамның жан тапсыруы шындығында өте қиын, ауыр және азапты болады. Ал керісінше, фәни жалғанның қызығынан бас тартып, жүзін ерікті түрде Жаратқанға бұрған адамның ажалы жеңіл өтеді.

Ресейлік теолог Александр Хакимов мынадай оқиғаны еске алады. Оның бір танысы біраз уақыт төсек тартып жатып, қайтыс болады. Ол көп қабатты үйдің еденіне паркет төселген бөлмесінде жерде матрастың үстінде жатқан екен. Өлікті шығарған кезде матрас төсекті жынында паркет еденге саусақты кіріп кеткен ізі қалыпты. Лактелген паркет еденді саусақпен тесіп жіберу қиын ғана емес, тіпті мүмкін емес іс. Бұны тек жаны қатты қиналып аласұрған адам ғана жасай алады. Яғни, әлгі адам қайтыс болар алдында қатты қиналған секілді.

Бһагавад Гитада Тәңірі Кришна «Мен дінсіз, күнәкар адамдарға ажал бейнесінде қорқыныш алып келемін» дейді. Жанды алатын ажал періштесі туралы түсінік ислам дінінде де бар. Индустар оларды ямадуттар деп атайды. Үстерін түк басқан, тістері ақсиған қорқынышты ажал періштелері өлгелі жатқан адамға көрінеді. Оны көрген кезде пенденің зәресі ұшып, жапырақтай қалтырайды. Ажалдан құтылғысы келіп аласұрады. Өмірді қимай, тірлігінің бар қызығы осында қалып барады дегенді санасына мықтап сіңірген пенде ақыл-ойымен тәніне жабысып, айрылмайды. Осыған орай тәнін меңдеген ауру айтып жеткізгісіз ауыр деңгейге жеткеніне қарамастан, жаны шықпайды. Күнәкар адамның ажал алдында қатты қиналуының негізгі себебі де осында екені анық. Ал күнәдан таза, қарапайым жан ажалды қарсылықсыз мойынсұна қабылдағандықтан және фәни жалғанның игіліктерінен ерікті түрде бас тартқандықтан жаны еш қиналыссыз жедел шығады.

Күнәкар пенде өлгісі келмей аласұрып жатқанда ажал періштелері ілмек сияқты темір құралды оның тәніне тығып жіберіп, ішіндегі нәзік тәнін күшпен суырып алады екен. Сол сәтте нәзік тәнді дөрекі тәнмен байланыстыратын тамырлар пырт-пырт үзіліп, пенденің жан төзгісіз аурудан жан дауысы шығады. Бірақ оның дауысын айналасындағылар естімейді, ол ақырын ыңырсу сияқты шығуы мүмкін.

Өлген адамның бетбейнесіне қарап, оның қалай өлгенін білуге болады екен. Қатты қиналып жатып жан тапсырған күнәкардың беті тыжырынып, аузы қусырылып, көзі шары айналып сыртқа шығып кетеді. Оның бетбейнесінен қатты азаптанғаны анық сезіліп тұрады. Ал күнәдан аулақ жанның бетжүзінен сабырлылық, жәйбарақаттық сезіледі, тіпті күлімсіреп жатып қайтыс болатындар бар. Олардың түріне қарап, өлген емес, жәй ұйықтап жатқандай әсер аласың.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика