Дүние жалған

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

«Арман-ай, өтеді дүние, жалған-ай» деген өлең жолдырының астарында ащы ақиқат бар. Бірақ та, сол ақиқатты әнді тыңдаушылардың көбі онша елеп ескере қоймайды. Мына дүниеде нендей дәрежеге, игілікке қол жеткізбейік, бәрі де өткінші, жалған екендігін жүрегімен терең сезіну арқылы ғана адам өмірдегі ең үлкен қателік – АДАСУДАН аман болады.

Адасқанның алды жөн, арты соқпақ

Адасқан адамның ақыл-естен айрылатыны сонша, ол дұрыс жолмен жүріп барамын деп алған бетінен қасарысып ешқашан қайтпайды. Өмірдің жалғандығын түйсінбейтін пенделер де сол адасқан адам сияқты теріс бағытпен жүргендігін түйсінбей, бақытқа бастар жолға түстім деген жаңсақ ұғыммен бар өмірін өткізеді.

Күн сайын біздің бір таныстарымыз немесе туыстарымыз, болмаса ауылдастарымыз, тіпті болмаса халыққа танымал тұлғалар – әйтеуір біреулер өмірден өтіп жатады. Бірақ соның бәрін көріп, естіп жүрген пенделердің ешқайсы ажалдың ертең өзіне де келетінін қаперге алмайды. Ажалды былай қойып, отбасының ойранын шығарған ажырасушылық, зина жасау арқылы ұшырап жататын түрлі қолайсыздықтар, қылмыс жасау арқылы келетін жауапкершіліктер – осылардың бәрін көре жүре адамдар сондай қадамдардан бас тарта аламйды.

Адамдардың ақыл-естін айрылуына еріксіз итермелейтін күш нәпсі болса, нәпсінің жетегіне еруге мәжбүрлейтін күш – адасушылық, яғни дүниенің өткінші, жалғандығын қаперге алмаудан туындайтын қателік екендігі ақиқат.

Фәни дүниенің жалған болатын себебі неде?

Біз өмір сүріп жатқан фәни жалғанды «жалған» деп санауға бола ма? Былай қарасақ, бәрі шынайы. Адамдар, қоршаған табиғат, табиғаттың заңдары, уақыт – бәрі көзге көрініп тұрған ақиқаттар. Содан болар, адамдар осы дүниеден бақыт іздеп және бақытты іздеп табамын деп үміттенеді. Шындығында – бақыт деген бұл дүниеде ЖОҚ. Иә, бақыт ЖОҚ. Ендеше ЖОҚ нәрсені табамын деу ақымақтық емес пе?

Мына фәни дүниені адамдарға сонша тартымды және тәтті етіп көсрететін, еліктіретін құдіретті күш – бақытқа жетсем деген талпыныс. Ал бақыт деген мүлдем жоқ болса, онда біздің талпынысымыз бос әурешілік болып қалмай ма?
Бақыт неге жоқ?

Фәни жалғанда бақыт жоқ. Бұл – ақиқат. Енді осыны дәлелдеп көрейік. Адамдар бақытты отбасынан, лауазымды қызметтен, атақ-даңқын шығарудан, байлықтан табамыз деп үміттенеді. Шындығында фәни дүниенің жоғарыда аталған және назарымыздан тыс қалған барлық игіліктері ӨТКІНШІ.

Ведалық ілім адамдар үшін игілік болып табылатын нәрселер 4 түрлі даму кезеңінен өтетінін тұжырымдайды. Бұл хақиқи заңды барлық игіліктерге қолдануға болады. 1-кезең – аштық; 2-кезең – тойыну; 3-кезең – шектен тыс тойыну; 4-кезең – жиіркеніш немесе жалығу.
Енді біз барлық адамзат үшін игілік, яғни бақытқа бастар жол болып табылатын нысандарды осы даму ережесіне салып көрейік. Адам үшін ең үлкен бақыт – бұл отбасы құру. Сүйгеніне қол жеткізіп, шаңырақ құрудан артық бақыт жоқ дейді пенделер.

Алғаш үйленген кезеңді – «бал айы» деп атайды. Шындығында бұл кезеңде бір-біріне құмартқан жас жұбайлардың тататын ләззаты – балдай тәтті болмақ. Тән ләззатына ашыға бас қойған олар үшін бұл қызық ешқашан таусылмастай, мәңгі жалғаса берердей болып көрінеді. Бірақ, өмірде бәрі өткінші. Бір-екі айдан кейін «бал айы» бітіп, мауықтары басылған соң, енді тойыну кезеңіне өтеді.

Міне, сол кезде жұбайлар бір-бірінің алғашында білінбеген кемшіліктерін көре бастайды. Қазақ «қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» дейді. Тән құмарлығына ашыққан қыз бен жігіт бір-бірінің кемшілігін көруден, сезуден қалады. Ал тойынған соң бәрі көзге шыққан сүйелдей анық сезіле бастамақ.

Бұл қарым-қатынас онан әрі дамыған сайын тойыну енді шектен тыс тойынуға жетеді. Шектен тыс тойыну міндетті түрде жиіркенішке әкеліп соқтырады. Жұбайлардың дені дегенмен, ашығу және тойыну кезеңімен ғана шектеледі де, шектен тыс тойынуға жетпейді. Бұндай шаңырақтар әдетте ұзақ жылдар, тіпті өмір бойы сақталады.

Олар бір-бірінің кемшілігін көрсе де, оған онша көңіл аудармай, шыдамдылық танытады. Ал керісінше, ашыналық байланыста болғандардың арасында 4 даму кезеңі түгел өтеді. Яғни, алғашқы ашығу, тойыну, шектен тыс тойыну және жиіркеніш сезімдері. Қазақ «ойнас оттай ыстық, нәжістей сасық» деп текке айтпаса керек.

Ал енді осы даму кезеңдерін мансапқа, байлыққа, атақ-даңққа, басқа да адамзаттың игіліктерінің бәріне қолдануға болады. Бұл – Жаратқанның айнамыс заңы. Сондықтан оны ешкім де өзгерте алмайды. Мансапқа жеткен адам алғашында шексіз қуанышқа кенелсе, көп ұзамай тойына абстайды, одан әрі шексіз тойыну, ақырсында жалығу пайда болады.

Жаратқанның бұл заңы мына фәни жалғанды шын мәнінде «жалған» етіп тұр. «Дүние жалған» деп өткен ата-бабаларымыз тектен тек айтпаса керек. Мұндай жалғандықты, өткіншілікті бастарынан кешкен соң осындай тұжырымға келген. Бұл АҚИҚАТТЫ білу адамға не береді? Мына фәниден жоқ бақытты іздеп, әуре-сарсаңға түсу тауқыметінен құтқарады және Алланың берген игіліктерін қанағат тұтып, имандылықпен өмір сүруге талпындырады. Егер фәни жалғанда БАҚЫТ деген болмаса, оны қайдан табамыз, оның тұрағы қайда? Бұл жайында блогымызда алдағы уақытта жан-жақты айтатын боламыз.

Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика