Денсаулықтың өлшемдері

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

табысДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығын төрт түрлі өлшемде алып, бағалайды. Бұл өлшемдер: тәннің саулығы, яғни. ауру-сырқаудан аман болу; әлеуметтік жағдайыңыздың дұрыстығы (жұмысыңызға, алатын жалақыңызға көңіліңіздің толуы, отбасында, ұжымда тіл табысып жақсы қатынаста болу, тұрмыс жағдайдың дұрыстығы); психологиялық ахуалыңыздың дұрыстығы және рухани жағынан дамуға көңіл бөлу. Осы төрт шарт түгел орындалған жағдайда адамның денсаулығын жақсы деп бағалауға болады. Ал егер аталмыш өлшемдердің бірі талапқа сай болмаса, онда сіздің денсаулығыңызда кінәрат бар деген сөз.

Әлеуметтік саулық.

Денсаулық дегенді жұрт көбіне тәннің саулығы деп біржақты түсінетіні белгілі. Ал шын мәнінде тәннің саулығының өзі жоғарыда аталған өлшемдер түгел болғанда ғана толымды болмақ. Дерт көп жағдайда көңіл күйге, жүйкенің жұқаруына байланысты пайда болып жататыны жасырын емес. Стресс, депрессия дейтын терминдер бүгінде медицинада көп қолданылады. Ал оның астарында не бар екендігі көпшілікке жақсы таныс.

Әлеуметтік саулық дегенді бүгінде жұрт онша жақсы түсіне қоймайды. Шындығында әлеуметтік саулық – денсаулықты сақтаудың ажырамас бөлігі іспетті. Егер сіздің әлеуметтік жағдайыңыз жақсы болса, онда көңіл күйіңіз, тұрмыс жағдайыңыз да ойдағыдай болады деген сөз. Соңғы жылдарда елімізде белең алып кеткен туберкулез сияқты қатерлі дертті «әлеуметтік ауру» деп тектен теккке атап жүрген жоқ. Шындығында бұл аурудың пайда болуына тұрмыс жағдайының төмендігі немесе көңіл күйдің нашарлығы себеп болып жатады.

Әлеуметтік жағдайдың дұрыс болуы үшін ең алдымен жаныңыз ұнататын жақсы жұмысыңыз болуы шарт. Жасыратыны жоқ адамдардың көбі жұмысты тек күнкөрістік нан табудың құралы деп санайды. Олар үшін жұмыстағы ең қуанышты жай – жалақы немесе сыйақы алатын және демалысқа шығатын кездер. Жұмысты өте құлықсыз істегендіктен, адам одан рахат алмақ түгілі, қажып, шаргап жүреді және зерігеді. Мұндай жандарға жалақысы көбірек қызмет ұсынылса еш ойланбастан жұмысын тастап кете барады.

Әлеуемттік ахуалдың дұрыстығының тағы бір шарты – айналаңыздағы, ең алдымен отбасыңыз бен еңбек ұжымындағы адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу. Інжілде Иса пайғамбар «жақыныңды сүй» дейді. Хадисте Мұхаммед пайғамбар «ең алдымен жақсылықты көршіңе жаса, содан кейін тағы да көршіңе жаса» деп үш рет қайталайды. Мұнда көрші деп отырғаны жиі араласатын жанындағы адамдар екені анық. Яғни, біз күнде көріп, жиі араласып жүретін адамдармен жылы қарым-қатынаста болсақ, көңіл күйіміз де жақсы болмақ. Ал жақсы көңіл күйдің денсаулықты сақатуға үлкен ықпалы болатыны айдан анық.

Әлеуметтік жағдайдың қанағаттанарлық деңгейде болуының және бір белгісі – тұрмыс жағдайыңыздың жақсы болуы. Қаржыдан тапшылық көрмей, бақуатты өмір сүрген адам ертеңге алаңдамайды, кредитімді қалай жабамын, пәтердің ақысын қалай төлеймін деген сияқты күнделікті аяқтан шалып отыратын қиындықтардан аулақ болады. Бұл да өз кезегінде көңіл күйге әсерін тигізетіні белгілі.

Әлеуметтік ахуалдың дұрыстығы – денсаулық кепілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының адам денсаулығының бір шарты ретінде әлеуметтік ахуалының деңгейін алуы ойлаған адамға үлкен мәні бар екендігін бағамдатады. Сондықтан, әлеуметтік ахуалыңыздың дұрыстығына жете көңіл бөлуіңіз қажет.
Тест: 1) Өзіңіз жасайтын қызметіңізге, алатын жалақы көлеміне көңіліңіз тола ма?
2) Отбасында, еңбек ұжымында және өзіңіз араласатын адамдармен жылы қарым-қатынастасыз ба?
3) Тұрмыс жағдайыңызға көңіліңіз тола ма?

Осы үш сауалға барынша адал және шынайы жауап беруге тырысыңыз. Егер «жоқ» деген жауап болса, онда сол бағытта жұмыс істеуге көңіл бөлуіңіз қажет болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика