Дерттен айығудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

рухани білімҚазақ «бірінші байлық – денсаулық» деп бар байлықтың басына денсаулықты қойған. Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген сөз бар. Адам болған соң ауырмай тұрмайды. Дегенмен, сол дерттен айығудың амалын таппасаң, кішкене дерттің өзі асқынып, өміріңізге қауіп төндіретін қатерге айналуы ғажап емес.

Ауру қайдан шығады?

Қазір аурудан айығудың амалын әркім әр тараптан іздейтін болды. Біреу бұрынғыша үйренген әдетпен емханаға барса, екінші біреулер емшіні дұрыс көреді. Әлдекімдерден естігенін істеп өз бетінше ем-дом жасайтындар да бар. Бірақ та, біз қай тәсілді пайдаланбайық, дерттен құлан таза айығып кету оңайға түспейді. Дәрігерге көрініп, бағасы бас айналдыратын қымбат дәрі сатып алып ішкен соң аздап әлсіреген дерт, біраздасын қайта шығады. Емшінің айтқанын істеймін деп ауруына ауру қосып алып жатқандар да аз емес. Өз бетіңше ем-дом жасау да оңтайлы тәсіл емес. Сонда не істемек керек?

Аурудан айығу үшін ең алдымен сол ауру дегеннің не екенін, оның қайдан және қалай пайда болатынын біліп алуымыз шарт. Үнді елінен бастау алатын мыңдаған жылдық тарихы бар аюрведа ілімі ауруды емдеуден бұрын оның себеп-салдарын анықтап, соны жою, яғни, арамшөпті түп тамырымен отағанн сияқты дерттің себеп-салдарын құрту арқылы түбегейлі жоюға көңіл бөледі. Осы себептен болар, аюрведа іліміне деген ықылас жыл өткен сайын артып келеді. Оның ауруды уақытша ғана әлсірететін қазіргі медицинадан түбегейлі айырмашылығы дерттің себеп-салдарын анықтап, оны болдырмаудың амалын жасауға назар аударатындығында.

Ресейге жақсы танымал аюрвед-дәрігер Олег Торсуновтың пікірінше, ауру дегеніміз адамның жасаған күналарының салдарынан пайда болатын лас қуат. Күнәнің 90 пайыздан астамы айналамыздағы адамдармен қарым-қатынастан пайда болады дейді Торсунов. Күн сайын сөзімізбен, әрекетімізбен немесе, тіпті ойымыз арқылы әлдекімдерді ренжітіп жатамыз. Соның салдарынан бойымызға лас қуат ағыны құйылады. Ол қуат каналдарын ластап, кейбір учаскелер бітеліп қалады да, оған қуат бармайды. Аурудың пайда болуына осы әсер етеді дейді аюрвед-дәрігер.

Дерттің емі – жақсы тілек

Олег Торсунов аруды емдеудің қарапайым және қолжетімді тәсілін ұсынады. Теориямен ғана емес, ауруларды тікелей емдеумен айналысатын оның емдеу амалының нәтижелілігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол ауырып ем іздеп келген клиенттеріне жақын адамдармен қарым-қатынасы туралы сұрап, жаман қатынастағы адамдар болса, дауыстап олардан кешірім сұрауды және оларға денсаулық, ұзақ өмір тілеуді талап етеді. Бір қарағанда түкке тұрмайтын ұсақ нәрсе сияқты сезілгенмен, бұл тәсіл іс жүзінде ауру адамның дертінен айығуына игі ықпалын тигізеді екен.

Осыдан біраз жыл бұрын Атбасарда аудандық газетте қызмет етіп жүрген кезімде бір емші келді. Оның емшілік тәсілі қызық еді. Емделгісі келген адаммен бірге отырып, дәрет алып намаз оқиды да, содан кейін қолын жайып әлгі кісіні дертінен айықтыр деп Жаратқаннан медет тілейді. Қызығы сол, осындай тәсілмен ол көп адамдарды жазылмас дерттен жазып жүрді.
Біз Алладан өзімізге арнап тілек тілесек, оның қабыл болу-болмауы неғайбыл, егер басқа адамға арнап тілек тілер болсақ, ол міндетті түрде қабыл болады дейді ислам ілімінің алымдары.

Қарапайым тәсілді қолданып көріңіз

Егер сізді ауру қинап, жазылмай жүрген болсаңыз, емделудің ең қарапайым және қолжетімді тәсілін пайдаланып көріңіз. Ол үшін осы мақаланың соңына комментарии қалдырыңыз. Ол үшін атыңыз бен электронды поштаңызды жазсаңыз болғаны. Содан кейін өзіңіз жек көретін, қарым-қатынасыңыз өте нашар адамға денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеп, бірер ауыз тілек жазыңыз. Ол адамның атын айту міндет емес. А. немесе Б. деп атасаңыз да болады.

Ең бастысы, оған Жаратқаннан барлық жақсылықты, оның ішінде денсаулықты тілеңіз. Құранда «егер кімде кім біреуге жамандық жасаса, өз зиянына, жақсылық жасаса өз пайдасына» деген аят бар. Яғни, сіз өзіңіз жек көретін әлгі адамға тілек тілеу арқылы өзіңізге жақсылық тілейсіз. Яғни, ол тілегіңіз әлгі адамға емес, өзіңізге Жаратқаннан жақсылық болып қайтады.

Бұған сену-сенбеу өз еркіңіздегі іс, дегенмен, сіз ақы төлеп жатқан жоқсыз, бірер минут уақытыңызды қиып, осы тәсілді қолданып көріңіз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика