Дін атын жамылған дінсіздер

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінде барша әлем халықтары негізгі бес дәстүрлі дінді ұстанады. Олар: ислам, христиан, иудей, индуизм және буддизм. Ал осы дәстүрлі діндерден басқа діндердің бәрі – секталар. Яғни, жалған пайғамбарлардың ойдан шығарған теріс ағымдары. Өкінішке орай жалған пайғамбарлар да, олар ойлап тапқан теріс ағымдар да жыл санап көбейіп барады.

Адам өмірінде діни нанымның алатын орны зор.

Қазір бір ғана Қазақстанның өзінде бес мыңнан астам мешіт бар екен. Көкшетауда орталық мешітке жұма күндері намазға барған адамдар сыймай, далада тұрып намаз оқиды. Намаз оқитындардың көбі жастар. Осыған қарап, діннің адамдардың, оның ішінде жастардың өмірінде үлкен маңызды орын алатынын бағамдау қиын емес.
Кеңес заманында мектепте адамдардың құдайға сенуінің себебі табиғаттың тылсым сырларын білмегендіктен, дәрменсіздіктен туған жай деп оқытатын. Ол кезде көзі ашық адам атеис, яғни дінсіз болуы қажет деп санайтын. Ал бүгінде есімі елге танымал ғалымдардың арасында дін жолын ұстанатындар көп. Мұның себебі неде?
Ғылым, білім дамып, қанша биіктерге жеттік десек те, біздер табиғаттың, қоғамның алдында әрдайым дәрменсіз болып қаламыз. Ғылым дамыған сайын жұмыссыздық, соның салдарынан туған кедейшілік, түрлі ауру-сырқаулар, қылмыс көбейіп барады. Мұның бәрі де адамдардың өмірін ауырлатып, қорқыныш пен үрейде ұстайды.
Ақылы бар әрбір жан табиғаттан тыс күштің барлығын, өміріне үнемі әсерін тигізіп отыратын Жоғарғы сананың бар екендігін үнемі сезінеді. «Мен өз өмірімнің қожасымын, ойыма алған арман-мақсаттарым түгел орындалады» деп жүз пайыздық сеніммен айта алатын адам жоқ. Біз қанша білімді, талантты, күшті болсақ та, өмірде күтпеген жайлар алдымызды орап, ойымызға алған мақсатымыз орындалмай жатады.
Мұның өзі адамдарды еріксіз табиғаттан тыс, барша әлемді, тірлікті басқарып тұрған Құдіретті күштің барлығына сенуге мәжбүрлейді. Құдайға деген сенім осыдан туындайды. Ал дін құдайға құлшылық етіп, ойымызға алған мақсат-тілектерімізге Жаратқанның қолдауымен жетуімізге жағдай жасайды.

Дінсіздікке бастайтын жол.

Жоғарыда аталған бес дәстүрлі діннің бірін ұстанып, шын ниетпен шариғат жолымен жүрсеңіз, екі дүниенің де игілігіне кенелесіз. Ал бүгінде қаптап кеткен түрлі ағымдардың біріне бой ұрсаңыз, сіз міндетті түрде жамандыққа ұшырайсыз. Бұлай деп нық сеніммен айтуыма негіз болатын жай — ойдан шығарылған ағымдардың ешқайсы адамның бойында шынайы ізгі қасиеттерді орнықтыра алмайды. Ал бойыңызда ізгі қасиет болмаса, екі дүниенің де азабына ұшырататын жаман әрекеттер жасауға бейім тұрасыз.
Қазір не көп, секталар көп. Иегов куәгерлері, баптистер, ваххабистер, салафи, ахмедия, жария зікіршілер, тіпті сатанашылар деген ағымдар да бар. Мұндай секталардың шырмауына әсіресе, жастар жиі ілігіп жатады. Өйткені, жастар тәжірибесіз, әлгіндей секта уағызшыларының айтқан тәтті сөздеріне алданып, алғашынды қызық үшін кірсе, көп ұзамай бастары айналып, теріс жолға қалай түскендерін сезбей қалады.
Бүгінде секталардың көбі адамдарды тарту үшін жабық гипноз тәсілін пайдаланады. Бұны құқық қызметкерлері анықтап, сондай ағымдардың үстінен қылмыстық істер қозғауда. «Заң газетінің» тілшісі ретінде сектанттар туралы біраз мақалалар жаздым. Соның барысында сектанттармен араласып, пікірлесуге, теріс ағымдардың өкілдерімен кездесуге тура келді. Сонда байқағаным, бұл ағымдардың қармағына ілінгендердің одан құтылуы қиын, тіпті мүмкін болмай қалады екен.
Сіз адасып көрдіңіз бе. Егер адассаңыз жақсы білесіз, адасқан адам әрдайым кері бағытқа қарай жүреді және өзін дұрыс бағытпен кетіп барамын деп ойлайды. Сол сияқты сектанттар да өздерін нағыз әулиеміз деп санайды және өздері ұстанған ағым әлемдегі бірден-бір дұрыс жол деп, соған кәміл сенеді.
Сондықтан да, мұндай адамдарды ақылға келтіру өте қиын. Егер ақылыңыз болса, ешқашан секта дегендерге жуымаңыз. Мұсылмансыз ба, онда ислам дінін ұстаныңыз. Исламның ішіндегі ваххабизм, салафия, ахмедия деген сияқтылардың бәрінен алыс жүргеніңіз дұрыс.

Дін атын жамылған азғындар — ойдан шығарылған секта балаларды қалай азғындыққа итермелеуде — Видео:

http://rutube.ru/video/3a6d7bfd8a6d407d05c0510d5db9cd3b/?ref=logo

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика