Дін және ғылым

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Материалистік түсінік толық жеңіске жеткен өткен ғасырларда дін мен қоғам бөлектеніп, оқу орындарында тек ғылыми пәндер ғана оқытылатын да, дін тек арнайы діни оқу орындарына берілген еді. Дін мен ғылымның бөлектенуінен адам ештеңе ұтқан жоқ, керісінше көп нәрседен ұтылды. Ұлы данышпан Альберт Эйнштейннің «Дінсіз ғылым – ақсақ, ғылымсыз дін – соқыр» деген сөзінің ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды өмірден қай-қайссымыз да үнемі көріп, куәсі болып жүреміз.

Мәселен, дүниеге деген материалистік түсініктің негізі саналатын Дарвиннің эволюциялық теориясын теріске шығаратын археологиялық айғақтар жыл өткен сайын көптеп табылып жатыр. Дарвин теориясы бойынша, хомо сапиенс деп аталатын саналы қазіргі адамдар осыдан 50-60 мың жылдай бұрын ғана пайда болған. Оған дейін адам тәрізді маймылдар өмір сүрген. Саналы еңбектің арқасында эволюциялық даму жолымен адам тәрізді маймылдар ақырындап адамға айналған дейді бұл теория.

Қызығы сол, археологиялық қазбалар осыдан 5,10, тіпті жүздеген миллион жыл бұрын өмір сүрген қазіргі саналы адамдар сияқты адамдардың сүйектерін табуда. Ол аз десеңіз, жүздеген миллион, тіпті, миллиард жылдар бұрын жер бетінде қазіргідей және бұдан да жоғары өркениет болғандығын дәлелдейтін археологиялық айғақтар да табылуда. Бұның өзі Дарвиннің теориясының тас-талқанын шығарып, бүгінгі кезге дейінгі қалыптасқан ғылыми түсініктің терістігін барша әлемге жайып салды.

Шарықтап дамыған қазіргі ғылымның тағы бір дағдарысы – ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер адамның санасын өзгертуге еш ықпалын тигізе алмады. Құл иеленуші, одан кейінгі феодалдық қоғамда болған өзара қырқыс соғыстар мен ұрлық, тонау, кісі өлтіру, зорлау сияқты ауыр қылмыстар, кедейшілік пен байлық түріндегі қоғамдағы теңсіздіктер, әділетсіздік, алаяқтық сияқты жағымсыз құбылыстар да ғылым мен техника қарқынды дамыған қазіргі күні жойылмақ түгілі, одан әрі өршіп кеткен түрі бар. Шындығында, ғылым мен техниканың дамуы адам өмірін жеңілдетіп, тұрмыс жағдайын көтеруге, ой өрісін кеңейтіп, бойындағы адами жақсы қасиеттерін дамытуға тиіс еді. Бірақ олай болмай, адам санасы ғылым-білімнің дамуына қарамастан, сол құл иеленуші замандағы деңгейде қалып қойды. Яғни, ғылымның дамуы адам санасын дамытуға ешқандай ықпалын тигізе алмайтыны белгілі болды.

Ғылымның дамуы адамзат арасындағы ежелден келе жатқан залалды құбылыстардың бірі – соғысты да жойған жоқ. Керісінше, соғыс әкелетін қантөгіс көлемі ертедегі заманмен салыстырғанда еселеп өсе түсті. Мәселен, ғылым мен техника онша дами қоймаған бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде барлығы 20 миллиондай адам қаза тапса, екінші дүние жүзілік соғыста құрбан болғандардың саны екі жарым есеге өсіп, 50 миллионнан асып жығылды.

1945 жылы АҚШ алғаш рет Жапонияға қарсы алапат соғыс қаруы – атом бомбасын қолданды. Бұның өзі ендігі соғыста адамзат баласының мүлдем жер бетінен жойылып кету қаупі бар екендігін анық көрсетіп берді. Осылайша, ғылымның дамуы адамзатқа орасан зор қатер әкеліп, жер бетінен жоғалып кету қаупін туғызып отыр. Қазіргі күні осындай жойқын атом қаруы әлемнің алты мемлекетінде бар. Үшінші жаһан соғысы бола қалса, адамзат баласының одан аман қалуы екіталай екендігі қазір анық байқалуда. Міне, ғылымның әкелген «жемісі» осындай.

Дін, оның ішінде барша адамзат ұстанып отырған дәстүрлі діндер де ғылымнан қалсыпай, өзінің теріс салдарын жыл өткен сайын анық байқатуда. Негізінен барлық дін – адамдардың бойында қайрымдылық, қарапайымдылық, жомарттық, кешірімшілдік, сабырлылық сияқты имани ізгі қасиеттерді дамытуды көздейді және дәстүрлі діндерді ұстанушылардың бойында сондай қасиеттер ақырындап орнығуы тиіс. Дегенмен де, іс жүзінде бәрі керісінше болып отырған жайы бар. Дәстүрлі діндер адамдарды өзімшілідікке, өркөкіректікке, сараңдық пен тойымсыздыққа, нәпсіқұмарлыққа, мақтаншылыққа, ашкөздікке итермелеп, түрлі дін өкілдері арасындағы алауыздықтарды өршіте түсуде.

Мәселен, 16 ғасырда Францияда католиктер бір күнде 20  мыңнан астам протестантты қырып салған «Ворфолемей түні» деген масқара атпен тарихта қалған оқиға болды. Өлген де, өлтіргендер де христиандар және француздар еді. Өлгендердің бар кінәсі христиан дінінің протестанттық ағымын ұстануы болатын. Ал орта ғасырларда еретиктермен күрес деген желеумен католиктер құрған дін қызметкерлерінен тұратын инквизиция соты жүздеген мың, тіпті миллиондаған адамдарды тірідей өртеп өлтірді.

Ислам дінін ұстанушылардың арасында да дін атын жамылған бұрмалаушылықтар аз болған жоқ. Ең алдымен, көп әйел алуға рұқсат деген желеумен ондаған, тіпті жүздеген әйел алып, өз гаремін жасау етек алды. Өзге дін өкілдеріне жеккөрінішпен қарау, дінаралық соғыстарға әкеп соқтырып отырды. Оған қоса, ислам дінінің өз ішінен түрлі ағымдар шығып, өзара қырқыс өрши түсті.

Діндегі осындай бұрмалаушылықтардың бәрі оның ғылымнан қол үзіп, Эйнштейн айтқандай көрсоқырға айналуынан туған еді. Фанатизм деп аталатын дерт дін ұстанушылардың арасында белең алып кетті. Бұл өз кезегінде дінді ғылымнан алыстатып, ғылым мен дін арасындағы алғашында бәсекелестік түрінде байқалып, кейін келе бітіспес жауға айналуға жеткізді. Ислам елдерінде ғылым жеңіліс тауып, дін үстамдігі орын алса, керісінше, христиандық Батыс елдерінде 17-18 ғасырларда адамдардың арасында абырой-беделінен айрылған дін жеңіліс тауып, ғылым бірініш орынға ғылым шықты. Осыдан кейін-ақ, Батыс елдері экономикалық жағынан шапшаң дамыды.

Сол қол жеткен ғылыми жетістіктерін, оның ішінде соғыс саласындағы жетістіктерін оңтайлы пайдаланған Батыс елдері артта қалған әлемнің өзге құрлықтарын отарлық құлдыққа салды. Міне, ғылым әкелген алғашқы «жетістік» осындай болды. Мылтықпен, зеңбірекпен қарулынған испандар мен ағылшындар Америка үндістерін қырып-жойып, жерлерін түгел тартып алды. Мұндай отаршылдық басқыншылық соғыстар Африка, Азия құрлықтарында да жаппай белең алды. Миллиондаған адам қырылып, құлдыққа түсті. Осылайша, діннен ажыраған ғылым кемтар мүгедектігін анық көрсетіп берді. Олардың ғылыми жетістіктері өздері тәрізді ет пен сүйектен жаратылған адамдарды құлдыққа салу, қырып-жою, еңбегін қанау түрінде ғана емес, арақ-шарап, есірткі заттарын қабылдау, жезөкшелер үйлері түріндегі арсыздықтар түрінде де анық көрінді. Сөйтіп, бір-бірінен ажыраған ғылым мен дін екі тарапта дамып, өздеріне де, өзгелерге де үлкен залалын тигізді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика