Дін жолында адаспаудың кепілі – шынайы ұстазға шәкірт болу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

даналықБүгінде ислам дінінің қыр-сырын түгел меңгеріп болғандай сезінетін жандар, әсіресе жастар көбейіп кетті. Әлеуметтік желілерде араб тілінде термин сөздерді қосақтап сөйлейтін сондай «ғұламалар» дін ілімін түгел меңгерген ұстаздай сезініп жатады.
Шынайы білім ұстаздан шәкіртке берілетін сабақтастық желісі арқылы алынады және ол жүрек арқылы беріледі. Ілім үйрендім деп сайтанның соңына еріп жататындар жетерлік. Орта ғасырлардағы атақты ғұлама Хасан Басридің бір шәкіртінің бастан кешкені соған айғақ.

Адасқанның алды — жөн, арты — соқпақ.

Ислам тарихында әулиелігімен, дін ілімін жете меңгерген алымдығымен аты шыққан Хасан Басри өз заманында аса беделді ұстаз болған. Оның мәслихатында болып, әңгімесін тыңдауға, қол тапсырып, шәкірт болуға құлықтылар өте көп болатын.

Хасан Басридің бір шәкірті болды, аты Әбділдә еді. Ол ұстаздан тарихат ілімін үйреніп жүрді. Сол шәкірт бірнеше күн бойы ұстазға келмеді. Хасан Басри шәкіртінің жайын ойлап, алаңдай бастайды. Содан ол шәкіртін өзі іздеп, ол тұратын үйге келді. Ауырып қалған екен, болмаса басқа да бір бақытсыздыққа ұшыраған болар деп мазасызданған ұстаздың ойы дұрыс болмай шықты.

Ұстаз шәкіртін көргенде оның неге келмеу себебін түсіне қойған. Ол «біздің мәслихатымызға келуді қойдыңыз, бәлкім бір керемет тапқан шығарсыз, айта отырыңыз» деді. Сонда Әбділдә «иә, ұстаз, шынында да бір кереметке тап болддым, кеш болса-ақ періштелер түсіп, көкке алып ұшады, содан жұмақта таң атқанша серуен құрамыз» деді лепіре сөйлеп.

Мынаны естіген ұстаз «шынында да сен ғажап кереметке кез келген екенсің, менің бір өтінішім, жұмақта серуендеп жүрген сәтіңде мен сияқты пақырды есіңе алып, атымды аташы» -деді. Надан шәкірт ұстазының өзін сынау үшін айтқанын ұқпай, өзін шынында да үлкен кереметке жеткен әулиедей сезініп, көңілі онан әрі тасый түскен. «Айтсам, айтайын, ол қиын емес қой» деді ол.

Шынайы ұстаздан ілім үйренудің баяны.

Содан кешкілік құтпан намазының уағы кірген сәт періштелер түсіп, көкке алып ұшады. Жұмақта сайран салып жүрген кезінде Әбділдәнің есіне Хасан Басридың өтініші түсіп, «Хасан» деп қалғаны сол екен жұмақ та, періштелер де көзден ғайып болып, өзінің көйлек-дамбалшаң ауладағы әжетханада отырғанын көреді.

Сонда ғана өзін әзәзілдің арбауына түскенін түсінген шәкірт тәубесіне келіп, ертеңіне Хасан Басриға барып, аяғына жығылып кешірім сұрады. Сөйтіп ол дін ілімін үйренуді қайтадан бастап, кейін жақсы шәкірт болды.

Дін жолында тура жол табамын десеңіз, шынайы ұстаз тауып, соған шәкірт болыңыз. Әйтпеген жағдайда, Хасан Басридің адасқан шәкірті сияқты әзәзілдің арбауына түсіп, дін ілімінің ғұламасы болдым деген жалған сеніммен құрдымға құлауыңыз оп-оңай.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика