Діндар деген кім?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

уақытКеңес заманында адамдардың 99 пайызы дінсіз – атеис еді. Ал қазір жағдай керісінше. Осыған қарап, діндарлар саны көбейіп кеткен екен деген ой тууы мүмкін. Шындығында, жағдай басқаша. Дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, өздерін діндармын деп санайтындардың бәрі бірдей имандылық жолында жүрген тақуа емес.

Дін – адамды имандылыққа түсіретін жол

Таяуда бір танысым қоярда-қоймай ауыз ашарға шақырды. Шынын айтқанда, өзім ораза ұстамағандықтан, ауыз ашарға бара қомаймын. Өйткені, ауыз ашар өте кеш беріледі, сондықтан кеш жатуға тура келеді. Ал менің өзіме белгілеп алған күн тәртібім бойынша кешкі сағат 10-нан кешікпей ұйқыға жатамын, таңертең 4,30-да оянамын. Ал ауыз ашарға бару осы күн тәртібімді бұзады.

Дегенмен, жолдас жігіттің көңілін қимай амалсыз баруға тура келді. Ол тағы бірнеше адамды шақырған екен. Әлгілер жастары менен әлдеқайда жас болса да, сақал қойған, бастарында тақиясы бар нағыз пірадарлар сияқты. Содан алдымызға тамақ келді. Ас үстінде әлгі пірадарлар ұсақ-түйек қалжың айтып, әрнәрсені әңгіме етіп отырды.

Мен бірнеше рет дін, құдай, имандылық жайында айтып, әңгіме әуенін бұрғым келгенімен, олар тарапынан бұл тақырыпқа мүлдем қызығушылық байқалмады. Керісінше, ішіп-жеу, бала-шаға жайы, балаларының тентектігі сияқты күнделікті айтылатын әңгімелерге ойысып, сол сүрлеуден шықпай қойды.

Әлгі пірадарлар тарауық намазға барамыз деп асығып отырды. Ет жеп болғасын, шәй келді. Не керек бір сағаттан астам уақыт дастархан басында отырдық. Осы уақыт ішінде олардың әңгімесінің әуені күнделікті күйкі тірліктен аспай қойды. Соңғы кезде ақпарат құралдарынан жиі айтылып жүрген сәләфилер жайындағы әңгімеге де олар құлықсыздық танытты.

«Иә, мешітте олар қаптап жүр. Кейбіреулерінікі дұрыс, олардың сөзін тыңдасаң білімдері бар сияқты» дегеннен артыққа бармады. Осыған қарап, сақал қойып, бастарына тақия киген, бес уақыт намаздарын қаза жібермей, ораза ұстайтын пірадарлардың дінге, дін іліміне мүлдем құлықсыз екендігі аңғарылды.

Табысқа жеткізер жол – қызығушылық

Кез келген шаруада ісің алға бассын десең, соған қызығушылықпен кіріс. Қызығушылық болған жерде ынта-ықылас болады. Ал ынтамен, яғни құлшыныспен істеген іс қашанда нәтижеге жеткізеді. Егер қызығушылық болмаса, ондай істен нәтиже шығады деп үміттену қиын.

Мен бала кезімнен әдеби кітапты оқуға қатты құмарттым. Кітапты өте көп оқитынмын. Онжылдықты бітірген соң заңгер болсам деп армандадым. Бірақ жолым болмай, ұдайы қабылдау емтиханжарынан құлап жүрдім. Сөйтіп жүргенде бір  ақынмен кезедстім. Әлгі бұрын ҚазМУ-дің журналистика факультетінде оқып, шығып қалыпты. Соның ықпалымен аздап өлең жазып, содан әңгімеге көшіп, ақырсында жазушы болуға ынтам ауды.

Мен ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірдім, бірақ жазушы болуды армандап, оқып жүрген кезімде-ақ қалың обши тетрадтарға әңгіме, повесть дегендерді жазып жүрдім. Әрине, оны ешкім баспайтын, өйткені өте қарапайыр жазылған, көркемдіктен жұрдай еді. Дегенмен, жазушы болсам деген арманның жетегімен бұл кәсібімді тастамадым.

Уақыт өте келе әдеби стилім қалыптасып, жақсы жаза бастадым. Сөйтіп, республикалық басылымдарда алғашқы әңгімелерім жарық көрді. Бұл маған қайрат беріп, жазуға деген құлшынысым онан әрі арта түсті. 1990-шы жылы Алматыда «Қазақстан мектебі» жорналына жұмысқа кірдім. Онда кітаптары шыққан ақын-жазушылар да бар екен. Солардың ықпалымен жазуға деген ынтам онан әрі артты.

Сол жылы жаңа жылда мені бірге қызмет істейтін «Қазақ әдебиеті» газетіне әңгімелері шыққан жас прозайк жігіт үйіне шақырды. Екеуміз де жас жазушымыз, болашаққа деген арман Алатаудай асқақ. Содан түні бойы шығармашылық жайында әңгіме айтып, таңның қалай атқанын білмей қалдық. Жалпы, сол тұста өзім араласқан жас жазушы, журналист жігіттердің бәрі шығармашылық жұмыстары жайында әңгімелеуге өте ынталы болатын және кездесе қалғанда айтарымыз да сол тақырыптың төңірегінен ауытқымайтын. Міне, мен отыз жылға тарта журналистика саласында еңбек етіп келемін. Өз мамандығым өзіме ұнайды және жалықтырмайды. Өйткені, ол маған қызықты.

Имандылық ынтадан бастау алады.

Жоғарыда айтып кеткен сақал қойған пірадар жігіттердің бойында дінге, дін іліміне деген қызығушылық атымен жоқ. Егер қызығушылық болмаса, онда ол қалай тағат ибадаттарын ынтамен орындамақ? Ал ынтамен, құлшыныспен орындалмаған құлшылықтан қандай пайда?

Мен соңғы жиырма жылдай уақыт діни пәлсапамен айналысып келемін. Өзімді ғалым деп санамаймын, дегенмен, дін ілімі жайында біршама жақсы білемін және бұл тақырып мені қатты қызықтырады. Қасиетті Құранды діндарлар сияқты  үйіме қоржынға салып сән ретінде іліп қойғаным жоқ. Оны қайталап, талай мәрте оқып шықтым. Оған қоса Інжіл, Тәурат, Забур, Бхагавад Гита, Шримад Бхагаватам сияқты қасиетті кітаптарды да үнемі оқып жүремін. Дін ілімі жайындағы теолог ғалымдардың лекцияларын, бейнетаспаларын үзбей тыңдап отырамын.

Сонда байқағаным – мұсылман дінінің 40 парызының бірі – ілім-білім үйрену екен. Әрине, ол кәдімгі дүниәуи ғылым емес, дін ілімі. Дін ілімін үйренген, соған қызыққан адам, тіпті намаз оқып, ораза ұстамаса да, діни парыздарын атқармаса да, ақырындап жүрегінде Аллаға деген сенімі артып, күнадан тазара бастайды. Бұлай дейтінім, бұны мен өз басымнан өткердім.

Мен қазір бес уақыт намаз оқымаймын, ораза ұстамаймын, қажыға да барғаным жоқ. Бірақ мені діни ілім, пайғамбарлардың өмірі мен қызметі,  Алла жайындағы түсініктер өте қатты қызықтырады және осы тақырыпты ұдайы ойымнан шығармай, сол тақырыптағы кітаптарды оқып, аудио-бейне таспаларды үзбей тыңдап жүремін.

Қазір мен арақ ішпеймін, темекі тартпаймын, зина жасамаймын, құмар ойындарын ойнамаймын. Қызығы сол, адамдармен әңгімелесе қалғанда тек Алла, имандылық, дін жайында айтқым келіп тұрады. Ұсақ-түйек әңгімелер, күлкі үшін айтылар әзіл-қалжыңдар мен анекдот дегендер еш қызықтырмайды. Ондай әңгімемен уақыт өткізу маған алтын уақытыңды жоғалту сияқты көрінеді.

Ал енді бес уақыт намаз оқып, ораза ұстайтын, қажыға барған адамдардың  Алла, дін жайында әңгіме айтқылары келмейтінін, өздерінің байлығы, мансабы жайында әңгімелеп, мақтанышқа үйірлігін үнемі көріп жүремін. Сондайлардың осындай әрекеті мені қатты таңырқатады.

Бес уақыт намаз оқып, ораза ұстайтын таза мұсылманның бойында діни парыздарын орындауға деген қызығушылық және содан туатын ынта-құлшыныс болмаса, ондай құлықсыз жасалған тағат ибадаттың қаншалықты игілігі болмақ? Жалпақ тілмен айтқанда: «Көңілсіз берген к… көңірсіген бала туады» дейді. Құлықсыз жасалған иабадаттың нәтижесі де шамалы болмақ. Бұл – АҚИҚАТ.

Қасиетті Рамазан айы басталар тұста Ақтөбеде болған өздерін исламның тірегі санайтын сақалды сәлафилердің қанды әрекетін жасағандардың бәрі бес уақыт намазын қаза жібермейтін, ораза ұстайтын таза «мұсылмандар» емес пе? Егер олар мұсылман болса, өз бауырларын өлтіруге және дәл қасиетті Рамазан айының басталар тұсында осындай күнакарлыққа баруға не себеп болды?

Бәрі – білімсіздіктен. Мұсылманның 40 парызының бірі – ілім-білім үйрену екендігі тектен тек емес. Пайғамбарға түскен алғашқы аят «Оқы» деген сөзден басталған. Яғни, имандылықты бойға сіңіру үшін ең алдымен БІЛІМ ҚАЖЕТ. Білімсіз ибадаттың бәрі құмға құйған су сияқты. Одан еш нәтиже болмайды.

Білімі жоқ пенде қанша намаз оқып, ораза ұстап, жалбыратып сақал қойса да, жасағандарының бәрі далаға кетеді. Өйткені, Алла біздің намаз оқуымызға, ораза ұстап, қажыға баруымызға, пітір-зекет беруімізге ЕШ МҰҚТАЖ ЕМЕС. Аллаға жеткізер ең сенімді төте жол – ЫНТАМЕН БЕРІЛЕ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАУ.

Ал ынтамен құлшылық ету үшін құлшыныс, құлшынысқа жету үшін қызығушылық керек. Егер сақалды пірадар дінге, Алла туралы ілімге, қасиетті кітаптарға , сол жайындағы әңгімелерге қызықпайтын болса, онда оның бойында ешқашан тағат ибадатқа құлшыныс болмайды. Ал құлшынышсыз жасалған ибадаттың  ҚҰНЫ КӨК ТИЫН. Бұл – АҚИҚАТ.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика