2 360 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

интуицияКеудесінде жаны бар әрбір адам үшін өмірдегі ең маңызды сұрақ: «Өмірдің мәні неде? Немесе «Мен не үшін өмір сүремін?» екендігі анық. Дегенмен, бұл сауалды өзіне немесе көпті көрген, оқыған-тоқығаны мол  ғұламаға қойып, соның жауабын түсінуге мың адамның бірі ғана талпынады екен. Ал басқалар көздерін жұмып өмір өзенмен қашан жағалауға жаңқа сияқты шығып қалғанша аға береді.

Адам не үшін өмір сүреді?

Адам деп аталатын екі аяқты ет пен сүйектен тұратын пенденің өмір сүруі үшін өте көп қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Ең алдымен, ауа, белгілі ылғалдылық пен температура, кеңістік, азық-түлік, су, ауа қысымы, т.б. толып жатқан қажеттіліктер болуы керек. Егер соның бірі болмаса, адам өміріне үлкен қатер төнбек.

Адамның тәнінде бірнеше триллион клетка бар екен. Осыншама күрделі тіршілік иесі өздігінен жаратылды және оның өмірі үшін қажетті өте көп жағдайлардың бәрі кездейсоқ бола салды деген ертегіге бүгінде ақыл-есі бүтін адам ешқашан сенбейді. Ғылым дамыған сайын, адам тіршілігінің соншалық күрделілігі де айқындала түсуде.

Міне, осындай аса күрделі тіршілік иесінің өмір сүруінің мәні неде? Триллиондаған клеткадан тұратын, мыңдаған қолайлы жағдайлар жасалып, тіршілік ортасы айқындалған адам қазіргі қалыптасқан түсінікке сай: ішіп-жеу, ұйықтау, шағылысып, ұрпақ қалдыру үшін ғана тірлік кеше ме?

Өкінішке орай адамдарыдң көбі солай деп санайды және өмірдің, ең алдымен өз өмірлерінің терең мәніне үңіліп, «не үшін өмір сүремін?» деген сауалға бас ауыртпайды. Адамдардың көбінің бұл жайындағы түсініктерін былайша топтауға болады: «Мен бала-шағам, отьбасым үшін, солардың болашағы үшін өмір сүремін», «Мен еліме, халқыма қызмет етіп, атымды тарихта қалдыратын жақсы істер жасау үшін тірлік кешемін» немесе «Мен ішіп-жеп, көңіл көтеріп, бір-ақ рет берілетін тірлікте қызыққа бату үшін өмір сүремін» деген сияқты болып келеді.

Адам өмірінің мәні неде?

Елім, халқым үшін, балаларым үшін өмір сүремін дегендердің бәрі адамдардың нәпсінің ықпалымен өз ойларынан шығарған түсініктері. Әлгі елім үшін еңбек етіп жүрмін дегендердің бәрі дерлік қолдарында биліктері бар, соған сай түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие жандар. Ал қой бағып, егін егіп немесе басқа да қара жұмыс істеп жатқандар бұны ел үшін жасап жүрмін демейді. Олардың жауабы: «бұны бала-шағам үшін, соларды арытпай-ашықтырмай өмір сүруіне жағдай жасау үшін еңбек етіп жүрмін» болып келеді.

Шындығында, бұлардың бәрін адам өзі қызығы үшін ғана жасайды.  Өйткені, сол қызметтері арқылы олар белгілі дәрежеде рахат алады. Басшы қызмет атқаратын адам сол үшін жоғары жалақы алып, түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдаланады. Ал бала-шағасы үшін тірлік кешетін адам сол бала-шағасының қызығын көріп, содан рахат табады. Егер басшылық қызмет немесе отбасылық өмір адамға еш рахат әкелмейтін, тас қашағандай ауыр да азапты жұмыс болса, ешкім басшы да, балалы-шаалы да болғысы келмес еді.

Осы арада мынадай сауал туындайды: «Сонда адам өмірінің мәні неде?» Қасиетті Құранда «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін жараттым» дейді Алла. Яғни, адам өмірінің жалғыз мәні: Жаратқанға құлшылық ету. Мына аса күрделі фәни жалғанды Алла сол үшін,яғни Өзінің қызығы үшін ғана жаратқан. Бұл – АҚИҚАТ.

Егер адам биік қызметке қол жеткізіп, атақ-даңқын шығарып, отбасы құрып, бала-шағалы, немере-шөберелі болып жүз жасаса, бірақ маңдайы сәждеге тимей, құдайға құлшылық етпесе, діни парыздарын орындамаса, ол адамның өмірін қу далада саясы да, жемісі де, жапырағы да жоқ қақиып тұрған шіріген қу ағашпен салыстыруға болады. Яғни, мұндай «өмірдің» еш мән-мағынасы жоқ. Өйткені, пенде өзінің ең басты ПАРЫЗЫН, МІНДЕТІН, БОРЫШЫН – Аллаға құлшылық етуді орындамады.

Мен мұны ойдан шығарып айтып тұрғаным жоқ. Бұл Қасиетті кітапта айтылып, тұжырымдалған АҚИҚАТ. Ал өмірдің мәні «шіп-жеуде, қызық көруде, бала-шағалы болуда, атақ-даңқын шығаруда, мансапқа қол жеткізуде, байлыққа белшеден батуда, т.б.» дейтіндердің бұл түсініктерінің бәрі пенденің өз нәпсілерінің қалауымен жасап жатқан АҚИҚАТТАН аулақ теріс түсініктер ғана.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика