Емшіге сенуге бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ауру айтып келмейді. Ет пен сүйектен жаратылған пенде үшін ауру қашып құтыла алмайтын көлеңке іспетті. Бас ауырып, балтыр сыздаған кезде дерттен айығудың жолын әркім әр тараптан іздеп жатады.
Бүгінде адамдардың көбі бұндайда емханаға барып, дәрігер жазып берген дәрі-дәрмекті қабылдайды. Бірақ бәрі сатылатын нарық жағдайында емханаға барып, дәрі сатып алу біраз қалтаға салмақ түсіретін шаруа. Осыған орай, біреулер өзінше халық емін қабылдаса, енді біреулер емшілерге барып, солардан үміт күтеді.

Қазақта емшілік ертеден болған.

Ресейге қосылмай, Батыстың бүгінгі ғылыми жетістіктері келмей тұрған ерте кезеңде қазақта ауырғанды емдейтін халық емшілері болған. Негізінен оларды үш топқа бөлуге болады: тәуіптер, яғни түрлі дәрілік шөптерді пайдалану арқылы емдеушілер, бақсылар – бойларындағы қасиет арқылы жынмен байланысып, солар арқылы ем-дом жасайтындар, ең соңында, Құран аяттары арқылы дұғамен емдейтіндер.

Қайран қаларлығы сол, ерте дәуірде қазақтар осы аталған емшілердің көмегіне сүйеніп, түрлі дерттерден айығып, өмір жастарын ұзартуға мүмкіндік алған. Мәселен, тәуіп дегендердің шет жағасын өз басым көрдім.

Тәуіптің кереметі.

Мен туып өскен ауылдан жиырма шақырымдай жердегі шағын разьезде бір тәуіп тұрды. Бұл 1960-шы жылдар еді. Коммунистік атеитсік түсінік әбден белең алған уақыт. Тәуіпке баратындар оны ешкімге сездірмейтін.

Менің ағайымның бетіне үлкен теміреткі шығып, дәрігерге барып түрлі маз жаққанымен кетпей қояды. Содан әкем оны алып әлгі тәуіпке апарады. Тәуіп есік алдынан саз кесе әкеліп, соны үшкіріп, осы кесекті суға езіп, жақ деп кеңес береді.

Таңғаларлығы, бетінің жартсын алып кеткен, дәрігердің мазына бой бермеген теміреткі кәдімгі саз кесекті езген судан жазылып кетеді. Отбасының үлкені, еркелеу өскен ағайым әкеме «ертең тағы ауыра қалсам керек болады, біраз кесекті үшкіртіп әкеліңіз» деп қолқа салады. Әкем содан әлгі тәуіпке барып, жарты дорба саз кесекті үшкіртіп әкеледі.

Оқиға мұнымен біткен жоқ. Арада екі-үш жыл өткенде дәл ағайымның бетіне шыққандай үлкен теміреткі оның сыныптас досының бетіне шығады. Дәрігердің дәрісі ем болмайды. Бұл кезде тәуіп қайтыс болған еді. Содан ағайым үйде тұрған үш жыл бұрын үшкіртілген кесекті әлгі досына береді. Оның бетіндегі теміреткі сол үш жыл бұрын үшкірілген саз кесектен жазылып кетеді.

Қазіргі емшілердің көбі алаяқтар.

Сондау 1990-шы жылдардың басында Кашпировски, Чумактармен бірге жер-жерден қаптаған экстрасенс деген емшілер шықты. Алғашында жұрттың бәрі оларға құлай сенсе, кейін келе көпшілігінің алаяқ екендігі белгілі болды.

Журналистік тәжірибемде сондай біраз емшілермен кездесеудің сәті түскен еді. Түрлі тәсілдермен емдейтін, өздерін Құдайдан хабар алып отыратын керемет иесіндей көретін ондайлардың емі далаға кетіп жататын.

Шарафаддин деген емшіден ем алып, соны мадақтап республикалық бір басылымға мақала жазған журналист әріптесім сол ауруынан ақыры қайтыс болды.
Әрине, барлық емші түгел алаяқ деуге болмайды. Олардың арасында шын қасиет дарыған, дәрігерлердің шамасы жетпейтін науқастарды емдеп, аяғынан тұрғызып жүрген емшілер де жоқ емес. Бірақ олар өте аз.

Тест: ауырғанда кімге емделу қажет деп ойлайсыз: 1) емханаға барып, дәрігерге көріну; 2) өзіңіз білетін халық еміне жүгіну; 3) емшіге бару.
Осы сауалдардың жауабын және мақалаға байланысты өз пікіріңізді «комментарии» бөліміне қалдырып кетуді ұмытпаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика