Емшілік Жаратқан берген қасиет пе?!

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

жанӨткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында Кашпировски, Чумак сияқты экстрасенстер шығып, халық алғашында олрға құлай сенген. Бірақ кейін келе экстрасенс емшілерге деген сенім азайды. Оған себеп болған – емші атын жамылып, ақша табуды мақсат еткен алаяқтардың көбеюі болған еді.

Сол тұста ерінбегеннің бәрі өздерін емшіміз деп жариялап, халықтың ақшасын алдап алу белең алған-ды. Мұның өзі бойларында шын қасиеті бар нағыз емшілердің қызметіне үлкен залалын тигізді. Сол тұста ғылым тарапынан емшілердің бойындаға тылсым қабілетті зерттеуге деген ынта байқалған. Алаяқтар ғылыми зерттеулердің жалғасуына да кедергісін тигізді.

Халық емшісі Ырысты Жексенбекова.

1996 жыл болатын. Ол кезде мен Ақмола облысы Атбасар ауданында жаңадан ашылған қазақ тілінде шығатын «Атбасар» газетінің редакторы болып қызмет ететінмін. «Атбасар» қонақүйіне бір емші түсіпті дегенді естіп, сол тұста осы тақырыпқа қызығушылық танытып жүрген мен соған бардым.

Қонақүйдің қожайыны жақсы таныс болатын. Ол мені әлгі емшіге арнайы алып барып, таныстырды. Қонақүй бөлмесінде әңгімелесіп отырғанымызда емделуге келген біраз адам жиналды. Мен қойған түрлі сауалдарға жауап беріп отырған емші әңгімесінің соңын емдеу сеансына ұластырып жіберді.

Ержетіп қалған ұлы мен қызын ертіп келген басына жаулық салған қазақ келіншегіне кенет Ырысты апай шүйліксін келіп. Арақ ішіп мас болып жүріп баланы кімнен, қалай тапқаныңды да білмейді екенсің. Тумай жатып оларға ит қорлықты көрсетіпсің. Әбден жын иектеп алыпты» дейді емші әлгі әйелге жеп жіберердей шүйліге қарап.

Келіншек тымпиып төмен қарап үнсіз отыр. Жер жебіріне жетіп әбден ұрысқан апай бір кезде одан «арақ ішуді қоясың ба, қане уәдеңді бер, әйтпесе емдемеймін» деді. «Иә, иә» деді сасқалақтаған келіншек абдыра сөйлеп.

Намаз білмейтін әйел қалай намаз оқыды.

Қазақстанның халық емшісі деген атағы бар Ырысты Жексенбекова туралы Ақмола облыстық телекомпаниясы арнайы фильм түсіріпті. Көп адамдардың бойындағы жазылмас дерттерін жазып жүрген ол кісінің бойында тылсым қасиеттің бар екендігіне өз басым куә болдым.
Сол кеште емдеу сеансына қатысқан мен таңғажайып жайды көріп, сенер-сенбесімді білмедім.

Мектепте шет ел тілінен сабақ беріп, зейнеткерлікке жаңа шыққан бұрын атеис болған жасамыс әйел апай Алланың атын айтып зікір ете бастағанда жүрелеп отыра қалып ауызын күбірлете бірдеңелерді айтып, еңкейіп сәжде етіп кәдімгідей намаз оқи бастады.
Сеанс аяқталғанша ол осылай намаз оқумен болды. Емдеу сеансы біткен соң әлгі әйелмен сөйлестім.

Айтуынша бұрын ешқашан намаз оқымаған. Атасы мола болған екен. Атейстік тәрбиені санасына сіңірген ол намаз оқимын деп ешқашан ойламапты. Екі көзі көрмей, қарыс қадам жер жүруі мұң болып қалған ол емші келіпті деген соң көрінгісі келеді.

Тылсым қасиеттің сыры неде?

Әлгі кісінің айтуынша, Алланың атын зікір етіп айтып емдейтін Ырысты апайдың бірнеше сеансына қатысқан соң көзі ашылып, өз аяғымен жүре бастапты. Қызығы сол, сеансы кезінде ол отыра қалып намаз оқитын болады. Әрине, Құран аяттарын білмейді, бірақ отыра қалып сәждеге жығылып, әлдене деп күбірлеп намаз оқиды. Ол өзінің бұл әрекетін мүлдем білмейтін болып шықты.

Яғни, гипноз сияқты тылсым құдыреттің ықпалымен жасайтын болса керек. Мына ғажайыпты көрген ол Құран аяттарын жаттап, намазға жығылуға ниет етеді.
Ертеңіне кешкісін тағы да емшіге келдім. Аздап әңгімелесіп, біраз сұрақтарыма жауап алған мен сыртқа шыға бергенімде фойеде емшіге келіп отырған кешегі ұрыс естіген келіншектің ұлы мен қызын көрдім. Менімен бірге келген жігітке әлгі бала қол беріп амандасты. Содан шыққан соң мен танысымнан «мына баланы танисың ба, шешесі туралы не білесің?» деп сұрадым.

Танысымның айтуынша, әлгі келіншек арақты әкесінің құны кеткендей ішеді екен. Күйеуі де, өзі де жарыса арақ ішетін көрінеді. Шала есті болып туған үлкен қыздары Астанада арнайы интернатта оқитын көрінеді. Алақ-жұлақ ететін ер баласының да есі онша дұрыс емес сияқты. Мынаны естігенде, оны мүлдем танымайтын апайдың ол туралы қалай білгеніне қайран қалдым.

Мен халық емшісі Ырысты Жексенбековамен болған бірнеше күннің ішінде оның талай ақылға қонбайтын тылсым қабылеттерінің куәсі болдым. Шағын мақалада оның бәрін айту мүмкін де емес. Емші туралы блогымызда алдағы уақытта да толығырақ жазатын боламыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика