Ерте тұрудың пайдасы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулыкҚазақта «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің жұмысы артық» деген нақыл бар. Мұсылман дінінде де ерте тұру міндеттеледі, яғни әрбір мұсылман ерте тұрып таң намазын оқуы тиіс. Жалғыз ислам емес, барлық дәстүрлі діндерде ерте тұрып, құлшылық ету сол дінді ұстанушыларға міндет болып саналады.

Ерте тұру не береді?

Өкінішке орай, бүгінде әсіресе, қалада тұратындар күн шыққан соң, кеш оянуды әдетке айналдырған. Жұмыс күндері амалсыз сәл ертерек тұрғанымен, демалыс күндері жасыратыны жоқ тал түске дейін ұйықтайтындар аз емес. Кеш ұйықтап, кеш тұрудың қандай залалдары бар?

Ежелгі веда өркениетінен бастау алған адам денсаулығын нығайту жөніндегі байырғы ілім – аюрведа жердегі уақыт үш элементтің ықпалында болатынын айтады. Ол: от, су және ауа. Әрбір төрт сағат сайын қайталанып тұратын осы элементтердің әрқайссының өз ерекшеліктері бар. Ұйықтау, тамақтану және жұмыс істеуде сол элементтердің ерекшеліктерін ескеру қажет.

Кешкі сағат 10-нан түнгі 2-ге дейін от элементі, 2-6 арасында ауа, ал 6-10 аралығында су элементі үстемдік етеді. Осыны ескеріп, кешкі сағат 10-ға дейін ұйқыға жатып, таңғы 6-ға дейін ояну қажет. Неге десеңіз, от элементі үстемдік еткен кезде адамның асқазаны белсенді жұмыс істеп, ас қорытылады. Яғни, түнгі сағат 2-ге дейін ұйықтап жатқаныңызда ас қорытылады.

Онан әрі ауа элементі үстемдік етеді. Ауа жеңіл болғандықтан, бұл кездегі ұйқы да жеңіл болады. Адам жиі оянып, түс көреді. Осы кезде, яғни таңғы 6-ға дейін оянып, тұрып кету қажет. Сонда жеңіл тұрасыз, сергек боласыз. Ал, 6-дан кейін су элементі келетіндіктен, ауыр су еңсені басып, бойыңыз ауырлайды. Ол кездегі ұйқыдан адам тынықпайды, керісінше бойы ауыр тартып, шаршап тұрады.

Бұл жайды бүгінгі медицина да растайды. Сондықтан, ерте, яғни таңғы 6-ға дейін тұрып кету қажет. Сонда ұйқыңыз қанып, өзіңізді сергек сезініп жүретін боласыз.

Ерте тұрғанның ырысы артық

Орыс халқының «утром вечере мудренее» дейтін мақалы бар. Яғни, кешкілік шаршап тұрғанда адам санасына жақсы ойлар келе қоймайды. Ал, таңертең ерте оянсаңыз, миыңыз тынығып, сәтті және тапқыр ойлар басыңызға келеді. Қиын-түйін мәселелерді шешу амалын ойластыратын кез де сондықтан таңғы шақ болуы керек.

Өзін-өзі дамыту ғылымының білгірі саналатын американдық Брайан Трейси өзінің өмір бойы ерте тұрып үйренгенін және сол күні істейтін шаруаларының бәрін таңертең жоспарлап алатынын айтады. Таңертең ерте тұрып, сол күні істейтін шаруаларыңызды жоспарлап алсаңыз, ісіңіз өнімді және нәтижелі болмақ.

Индустар фәни дүниенің береке-байлығын беретін Тәңірия Лакшми ерте тұрғандарды жақсы көреді деп санайды. Ағылшындардың «Ерте тұрған адамға Жаратқан денсаулық, игілік пен бақыт береді» деген мағынада айтылатын мақалы бар екен. Яғни, ерте тұрудың пайдасы туралы түсінік әлемнің барлық халықтарында бар. Қазақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» дейді. Яғни, ерте тұрудың пайдалы екендігі жайында түсінік бар екен, ендеше оның астарында ақиқаттың жатқаны анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика