Есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

арақАдам өмірінде есте сақтау қабілетінің алатын орны ерекше. Жады (есте сақтау) Алланың адамға берген үлкен сыйы десе болады. Біреудің есте сақтау қабілеті күшті, енді біреулерде ол әлсіз. Ал соңғы жылдарда жадысын мүлдем жоғалтып алған жандар қатары көбейіп келеді. Ондайлар, тіпті өмір бойы бірге тұрып келе жатқан туыс-бауырларын да сәлден соң ұмытып қалып, атын сұрап жатады.

Есте сақтау қызметі

Жердің асты мен үстін, онан қалды ғарышты түгел зерттеп, зерделеген адамзат қоғамының сезім, ақыл, зерде сияқты өз бойындағы қасиеттер жайындағы білімі мардымсыз. Бұл сала психология ғылымында аздап қамтылғанымен, тереңдеп және жан-жақты зерттелмеген. Жан, ақыл мен зерде туралы Бһагавад Гита кітабында жан-жақты және толымды айтылады. Енді соған назар аударып көрелік.

Ақылдың екі функциясы бар дейді Бһагавад Гита. Ақыл – мынау маған ұнайды, ал мынау ұнамайды деген екі қарама-қарсы бағдар бойынша жұмыс жасайды. Мәселен, ақыл айтады: темекі тарту, арақ ішу, зина жасау маған ұнайды. Бұл әдеттердің адамға үлкен залалы барлығына қарамастан, ақылдың жетегіне ерген пенде жаман әдеттерін жалғастыра береді.

Зерде ақылдан жоғары. Оның да екі түрлі қызметі бар: біріншісі — мынау пайдалы, екіншісі – мынау зиянды дейді зерде. Ақылдан ерекшелігі сол, зерде болған жерде жады (есте сақтау қабілеті) және ерік-жігер күші болады. Зерде айтады: арақ ішу, темекі тарту, зина жасау зиянды. Зерде мұны жәй айтып қана қоймай, нақты жүзеге асырады. Ол үшін есте сақтау қабілетін қосып, әлгі әдеттердің қанша залал келтіргенін таразылайды және ерік-жігерді қосып, одан бас тартады.

Осыдан ұғарымыз, жады немесе есте сақтау қабілеті зерденің құрамдас бөлігі екен. Қазір өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігінің зердесін шел басқан. Соған орай, мұндай жандар жақсы мен жаманды айырмай, өздеріне залал келтіретін істерді жасап жатады.

Есте сақтауды дамыту үшін зерде қызметін қалыпқа келтіру қажет

Бір ғұламаның мынадай сөзі бар: «Егер Жаратқан адамды жазалағысы келсе, оның зердесін алады». Зердесін шел басқан пенденің есте сақтау қабілетін нашарлайды және ерік күші болмайды. Сондықтан, ондай адамдар өздеріне де, өзгелерге де залал тигізетін шаруалармен айналысып, бұл дүниеде азап пен тауқыметтен арылмайды, ал өлген соң тамұққа түсіп және тауқымет тартады.

Есте сақтауды күшейтудің ең сенімді амалы – имандылыққа жүз бұру. Дін жолын ұстанатын иманды адамның зердесі күшті болады. Ал зерде болған жерде есте сақтау мен ерік-жігер болады.
Араққа салынған бір танысым болды. Әбден шыдамы таусылған әйелі одан кетіп қалды. Содан оның ең жақын туыс ағасы келіп, әлгімен қатты сөйлесті. Ол «арақты тастай алмасаң, емдел, емшіге апарайық» деді. «Емшіге барасың ба?» дегенде әлгі араққа салынған жігіт «иә» деп айтуға жарамай, қыстап болмағасын басын әзер изеді.

Ақылдың жетегіне еріп, зердесін шел басқан әлгі арақты тастаса өзін арам өлердей көретін сияқты. Темекіні тастай алмай, жалқаулықтан, бойкүездіктен арыла алмай жүретіндер көп. Олардың бұндай әлсіздігінің басты себебі – зердесін шел басуда. Ал зерденің жұмысын қалыпқа келтірудің жалғыз жолы – шариғат жолымен жүріп, имандылыққа жүз бұру.

Есте сақтауды нығайтатын қарапайым жаттығу

Есте сақтау қабілетін арттыруға қажетті қарапайым жаттығуды пайдаланып көріңіз. Ол үшін күнде ұйқыға жатар алдында бес-он минуттай өзіңізге өзіңіз есеп беріңіз. Сол күні қандай пайдалы істер атқардыңыз, қандай істі атқара алмадыңыз, соны ой елегінен өткізіңіз.

Ең алдымен, пайдалы істер сізге қандай пайдасын тигізетінін ақылға салып таразылаңыз. Мәселен, таңертеңгі 20-30 минуттық дене жаттығуы, таза ауада жарты сағат серуендеу, кәсіби мамандығыңызды жетілдіретін білім алу, т.б. Ол үшін күнделікті істейтін шаруаларыңызды жоспарлап алғаныңыз жөн. Кешкілік сол жоспар бойынша қандай пайдалы істер атқардыңыз, егер атқара алмасаңыз оның себебі неде деген жайларды ақылға салыңыз.

Бұл қарапайым жаттығу сіздің есте сақтеу қабілетіңізді жақсартып қана қоймай, зердеңізді күшейтуге де септігін тигізеді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика